Есте сақтауды дамыту (бастауыш сынып)

Сабақтың тақырыбы: Есте сақтауды дамытуМақсаты: түрлі жаттығу жұмыстарын ұйымдастыра отырып есте сақтау қабілетінің дамуына ықпал ету Сабақ барысы1.Сәлемдесу. Әңгімелесу. Көңіл-күйін анықтау«Көңіл-күй түсі» бұлттың ішін өзінің көңіл-күйіне сай түспен бояйды.Қызыл -өте жақсы. Жасыл-жақсы. Көк-көңілсіз. Сары –еш нәрсеге зауқым жоқ. 2. «Мен қоржынға салдым» ойыныМақсаты: ес көлмін арттыру, дамытуТапсырма: мұғалім «Мен қоржынға алма салдым» деп бастайды. Оқушы өз сөзін қосады. Мысалы: мен қоржынға а...
Раздел Химия
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Есте сақтауды дамыту

Мақсаты: түрлі жаттығу жұмыстарын ұйымдастыра отырып есте сақтау қабілетінің дамуына ықпал ету

Сабақ барысы

1.Сәлемдесу. Әңгімелесу. Көңіл-күйін анықтау

«Көңіл-күй түсі» бұлттың ішін өзінің көңіл-күйіне сай түспен бояйды.

Қызыл -өте жақсы. Жасыл-жақсы. Көк-көңілсіз. Сары -еш нәрсеге зауқым жоқ.

2. «Мен қоржынға салдым» ойыны

Мақсаты: ес көлмін арттыру, дамыту

Тапсырма: мұғалім «Мен қоржынға алма салдым» деп бастайды. Оқушы өз сөзін қосады. Мысалы: мен қоржынға алма, өрік салдым. Осылай ойын жалғаса береді. Әр айтылған сайын жаңа бір сөз қосылып, алғашқы айтылғандар жаңғыртылып, қайталанып айтылып отырады.

Үлгі: Мен қоржынға алма, өрік, қуыршақ салдым. Мен қоржынға алма, өрік, қуыршақ, доп салдым.

3. «Жоғалған сөзді тап» ойыны

Мақсаты: есту арқылы есте сақтау көлемін дамыту

Тапсырма: 5-7 сөзден тұратын өзара мағыналық байланыссыз сөздер қатары оқылады. Мысалы: қант-шоқ-қорап- балық-би-алмұрт. Одан кейін қатар толық оқылмайды. Бір сөз қалдырылып кетеді. Оқушы жоғалған сөзді табуы керек. Одан кейін оның қатардағы орнын, толық қатарды ретін сақтамай және ретін сақтай отырып еске түсіруі керек.

Сөздер қатары: 1. Ағаш-қала-әлем-өнер-қозы-тарақ-қалам;

2. Гүл-үкі-бәліш-зауыт-жаңбыр-теледидар-перне;

3. Айран-ғаламшар-кітап-бұрыш-қиял-алқа-атырап;

4. Бөлме-амал-раушан-бояу-баяу-көпір-шың.

4. «Сипаттап бер» жаттығуы

Мақсаты: көру арқылы қысқа мерзімді есте сақтау көлемін, зейін шоғырландыруын дамыту

Тапсырма: Суретке мұқият қара және әр бөлігін еске сақта. Сурет алынып тасталған соң әр бөлігін еске түсіріп айтып бер. Кемпір қосақта қай түстен кейін қай түс орналасқанын да ескер.

Есте сақтауды дамыту (бастауыш сынып)

5. «Өлеңді жаттап ал»

4-сынып «Өзін-өзі тану» оқулығындағы 11-беттегі «Керек» өлеңін оқытып, қалаған шумағын жаттатқызу

6. Қоштасу 29.11.2014ж___________


© 2010-2022