Открытый урок на тему Темір

Раздел Химия
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қызылауіт ауылы

Химия пәнінің мұғалімі Айдаралиевыа Х.С.

Тақырыбы Темір

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Мақсаты:

Білімділігі -темірдің тотығу дәрежесіне байланысты химиялық қасиеттерін түсіндіру. Темір иондарына сапалык реакция жайлы мағлұмат беру.

Тәрбиелілігі -Табиғатты қорғауға, отансүйгіштікке, тәрбиелеу.

Дамытушылығы -тотығу дәрежесі +2, +3 темір оксидтері мен гидроксидтерінің химиялық қасиеттерін қарастыра отырып, окушылардың біліктіліктерін дамыту.

Құралдар мен реактивтер: темір (ұнтағы, түйіршігі, қаңылтыры) мыс (II) сульфаты, тұз қышқылы, темір (III) хлориді, натрий гидроксиді, қызыл және сары қан тұзы ерітінділері, калий роданиді ерітіндісі, спирт шам, сіріңке

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен сәлемдесу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, сыныптың сабаққа дайындығын қадағалау.

  • Үйге берілген тапсырма бойынша тест арқылы тексереміз.

  • Оқушыларды топқа бөлу.

Мұғаліммен амандасады, сабаққа қажетті құрал жабдықтарды таратады.

Тестті оқушыларға таратып, уақыт беріледі. Болғаннан кейін көршісімен алмастырып, қателерін тексереді,

Оқушылар топқа бөлінеді.

Тұсаукесер

7 мин

«Ой қозғау» «Темірдің магнитте тартылуы» видео көрсетіледі. (2-3 мин)

- Ендеше, балалар, бұл видеодан не түсіндіңдер?

- Бүгінгі сабақ немен байланысты болуы мүмкін?

Оқушының жауаптарына қарай мадақтап, ынталандырып отырамын.

Негізгі бөлім

17 мин

Жаңа тақырыппен жұмыс.

«Зерттеушілік әңгіме» әдісі арқылы топтық жұмыс. Топтарға тапсырма беремін.

І топ «Химик» Темірдің периодтық жүйедегі орны, табиғаттағы құрылысы

ІІ топ «Физик» темірдің физикалық қасиеттері, темірдің ертеректегі атауы.

ІІІ топ «Биолог» темірдің биологиялық маңызы, ашылу тарихы.

IV топ « Геолог» темірдің табиғи минералдары.

Төрт топқа берілген тапсырманы оқып, ойланып, жұптасып топта ақылдасып, постерге түсіріп, төрт топтан бір оқушы шығып қорғайды.

Қорытынды

13 мин

Бекіту үшін Блум таксономиясы бойынша деңгейлік тапсырмалар беріледі. Әр тапсырмаға критерий құрылып, бағалай парағына түсіріліп оқушылардың алдына қойылады.

Оқушылардың темір бойынша алған мәліметтерді білуін тексеру мақсатында дұрыс тапсырмаларды таңдау ұсынылады. Синквеин әдісі арқылы бес жолдық өлең құрастыру.

«Элементтердің аттарын табу» ойыны

Te(1) Fe(2) Mn(1) Ag(4) Rn(1) Sc(5) C(4) Pb(1) Hg(2) N(2) C(4) Na(1) In(3) Si(3) Se(1) Os(1) Sn(1) таңбалары берілген элементерді периодтық жүйеден тауып, олардың атауларындағы әріптерін (цифрмен көрсетілген) қойғанда белгілі мақалды оқи аласыңдар. Темірді қызған кезінде соқ.

«Кім жүйрік» бөлімі

Келесі тапсырмалар орындау:

Деңгейлік тапсырмалар «химик»

А. Мына айналымдарға сәйкес реакция теңдеуін жазып,реакцияның жүру жағдайларын көрсетіндер.

56→127→90→72→56

В. Массасы 32 г темір (ІІІ) оксидін тотықсыздандыру үшін қанша алюминий қажет?

С. Fe2O3 * 3H2O лимониттің құрамындағы темірдің массалық үлесін есепте.

Деңгейлік тапсырмалар «физик»

А. Мына айналымдарға сәйкес реакция теңдеуін жазып,реакцияның жүру жағдайларын көрсетіндер. 56→160→56→127→90

В. Темір (ІІІ) оксидінен массасы 16,8 г темір алу үшін қанша (қ.ж.) сутегі қажет?

С. «Элементтердің аттарын табу» ойыны

Te(1) Fe(2) Mn(1) Ag(4) Rn(1) Sc(5) C(4) Pb(1) Hg(2) N(2) C(4) Na(1) In(3) Si(3) Se(1) Os(1) Sn(1) таңбалары берілген элементерді периодтық жүйеден тауып, олардың атауларындағы әріптерін (цифрмен көрсетілген) қойғанда белгілі мақалды оқи аласыңдар.

Деңгейлік тапсырмалар «биолог»

А. Fe2O3 темірдің массалық үлесін табыңыз?

В. Мына айналымдарды тізбегін жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.

FeS2 → FeO → Fe → FeCl2 →Fe(NO3)2

С. 0,28 моль темір (ІІІ) оксидін алюминтермия әдісімен тотықсыздандырғанда неше грамм алюминий жұмсалды?

Деңгейлік тапсырмалар «географ»

А. Fe3O4 массалық үлесін табыңыз?

В. Мына айналымдарды тізбегін жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.

Fe2O3 → Fe → FeCl2 → Fe(OH)2→ Fe(NO3)2

С. Массасы 64 г темір (ІІІ) оксидін тотықсыздандыру үшін қанша алюминий қажет?

Бағалау. Оқушылар әр тапсырма бойынша жинаған ұпайларын бағаға айналдырып, өздерін немесе бірін бірі бағалайды.

Рефлексия парағын толтыру.

Жақсы қатысқан оқушылар мадақталады. Топ басшылары анықтамасы берілген топтық бағалау жүргізеді, мұғалімге ұсынады.

Оқушылар есептерді шығарады.

Fe→ FeСI2→Fe (OH)2 → Fe О→ Fe

Fe→ Fe2 О3 → Fe → FeСI2 →Fe (OH)2

70%

72,4%

Оқушылар реакция теңдеулерін аяқтап, теңестіреді. Тапсырманы орындау деңгейін бағалау парағындағы критерийлер бойынша бағалап қажет болса жетілдіреді.

Рефлексия парағын толтырады.



© 2010-2022