Сабақ жоспары Газдардың салыстырмалы тығыздығы

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ахметова Эльвира Мухамбетжновна

БҚО Казталов ауданы Талдықұдық ауылы

С.Есетов атындағы орта жалпы білім беретін

мектебінің химия пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Газдардың салыстырмалы тығыздығы. Сандық есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Газдардың салыстырмалы тығыздығы формулалары бойынша есептер шығарту. Өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тақырып мазмұнын меңгерту.

Күтілетін нәтиже: Газдардың салыстырмалы тығыздығы формулалары бойынша есептер шығара біледі. Жаңа тақырып бойынша өз бетімен жұмыс жасай біледі. Тақырыпты меңгере алады.

Пәнаралық байланыс: Физика, математика

Сабақтың көрнекілігі:картотекалар

Сабақтың түрі. Жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі: амандасу, түгендеу.

А). Үй тапсырмасын тексеру

  1. Қалыпты жағдайдағы газдардың молекулалары?

  2. Атом, молекула және микробөлшектердің санын есептеуге қандай шама қолданылады?

  3. Авогадро саны нешеге тең? Қалай белгіленеді?

  4. 1811 жылы Авогадро қандай тұжырым жасады?

  5. Молярлық көлем дегеніміз не?

ІІ. Жаңа сабақ.

Есептер шығару кезінде газдардың салыстырмалы тығыздығын пайдалануға тура келеді, яғни 1 моль газдың басқа екінші газдың 1 молінен неше есе ауыр немесе жеңіл екенін білу қажет болады.

Бірінші газдың екінші газ бойынша салыстырмалы тығыздығы - D деп белгіленеді.

Бірінші газдыңсалыстырмалы тығыздығы мен екінші газдың салыстырмалы тығыздығы олардың молярлық массаларының қатынастарына тең:

Сабақ жоспары Газдардың салыстырмалы тығыздығы

Мұндағы D - Бірінші газдың екінші газ бойынша салыстырмалы тығыздығы деп аталады. Әдетте газдардың салыстырмалы тығыздығы сутек газы DН2, оттек газы DО2, ауа Dауа т.б. бойынша есептеледі. Ауаның орташа молярлық массасы Мауа═ 29. Осыған сәйкес әртүрлі газдардың молярлық массасын мына формулалар бойынша есептеледі:

М═ DН2Н2; М═ DО2О2; М═ Dауаауа

Аммиак газының ауа бойынша салыстырмалы тығыздығын табыңдар. Әуелі газдардың салыстырмалы молекулалық массасын табу қажет:

Мr (NН3)═17, Мr (ауа)═ 29.

Енді аммиактың салысиырмалы тығыздығын табайық:

Dауа(NН3)═ Мr (NН3)/ Мr (ауа)═ 17/29═0,59

Химиялық формула бойынша да газдардың тығыздығын табуға болады.

Кез-келген газдың 1 молінің көлемі (VМ- молярлық көлем) қалыпты жағдайда 22,4 л екенін пайдаланып, берілген газдың тығыздықтарын келесі формула бойынша есептейді:

р═ m/V

мұндағы р(ро) -заттың тығыздығы

m- заттың массасы

V- заттың көлемі

Егер зат массасы оның молярлық массасына тең болса, оның көлемі молярлық көлемге сай кемиді, сондықтан

р═ М/VМ

Мысалы: Ауаның қалыпты жағдайдағы тығыздығын есептеңдер:

р═ М/VМ

формулаға сүйеніп, мәндерін қоямыз:

р(ауа)═ 29 г/моль /22,4 л/моль═ 1,29г/л

ІІІ. Жаңа тақырып бойынша бекіту есептері:

Ауа тобына

Қалыпты жағдайдағы озонның тығыздығын есептеңдер.

Оттек тобына

Көмірқышқыл газының СО2 сутек бойынша салыстармалы тығыздығын есептеңдер.

Газдар тобына

Оттектің сутек бойынша тығыздығын есептеңдер

ІV. Қорытынды.

  1. Газдардың салыстырмалы тығыздығы дегеніміз не?

  2. Оны қандай әріппен белгілейміз?

  3. Есеп шығару барысында қандай формуланы қолданамыз?

V. Бағалау.

Үйге тапсырма: §28



© 2010-2022