Органикалық химия пәнінен дидактикалық материалдар

Раздел Химия
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Органикалық химия пәнінен дидактикалық материалдарОрганикалық химия пәнінен дидактикалық материалдарОрганикалық химия пәнінен дидактикалық материалдарОрганикалық химия пәнінен дидактикалық материалдарОрганикалық химия пәнінен дидактикалық материалдарОрганикалық химия пәнінен дидактикалық материалдарОрганикалық химия пәнінен дидактикалық материалдарОрганикалық химия пәнінен дидактикалық материалдарОрганикалық химия пәнінен дидактикалық материалдарОрганикалық химия пәнінен дидактикалық материалдарОрганикалық химия пәнінен дидактикалық материалдарОрганикалық химия пәнінен дидактикалық материалдарОрганикалық химия пәнінен дидактикалық материалдарОрганикалық химия пәнінен дидактикалық материалдарОрганикалық химия пәнінен дидактикалық материалдарОрганикалық химия пәнінен дидактикалық материалдарОрганикалық химия пәнінен дидактикалық материалдарОрганикалық химия пәнінен дидактикалық материалдарОрганикалық химия пәнінен дидактикалық материалдарОрганикалық химия пәнінен дидактикалық материалдар






Органикалық химия пәні бойынша дидактикалық материалдар



Хромтау ауданы,Коктау 2 ауылы

Нұрлы-көш орта мектебі

Химия пәнінің мұғалімі

Суйеуова Ж.А






Қаныққан көмірсутектер.


  1. Қаныққан көмірсутектерге берілген қосылыстардың қайсысы жатады:

С2Н2 , СН43Н86Н6 , С5Н10 , С5Н12 , С2Н6?

Жауаптарыңызды түсіндіріңіз.

  1. Қаныққан көмірсутектердегі сутектің пайыздық

мөлшері молекулалық массасы артқан сайын қалай өзгереді?

3. Қалыпты жағдайдағы 11,2 л этанның массасын есептеңіз.


  1. Қаныққан көмірсутектердің бромдану реакциясының механизмін жазыңыз.

  2. Натрий металы метил иодиді мен пропил иодидінің қоспасына әсер еткенде қандай көмірсутектер түзіледі (Вюрц реакциясы). Реакциялардың теңдеулерін жазыңыз.

  3. Массасы 33 г пропан (қ.ж) қандай көлемді алады?


  1. Метанның хлорлану механизмін түсіндіріңіз.

  2. 1,45 г органикалық затты толық жаққан кезде (қ.ж)

1,12 л көмірқышқыл газы мен 0,9 г су түзілді. Заттың сутек бойынша тығыздығы 45. Белгісіз заттың молекулалық формуласын табыңыз.

  1. 5 л метанды (қ.ж) жағуға ауаның қандай көлемі жұмсалады? Көмірқышқыл газының қандай көлемі түзіледі?

(Ауаның құрамындағы оттектің мөлшері 20%).


Қанықпаған көмірсутектер.


  1. Молекулалық формуласы С4Н8 сәйкес барлық изомерлердің құрылымдық формулаларын жазыңыз. Оларды атаңыз.

  2. Айналымды жүзеге асырыңыз:

Этил спирті этилен хлорлы этил.

  1. Этиленді бромы бар ыдыс арқылы өткізгенде оның массасы 1,4 г өсті. Броммен әрекеттесетін этиленнің (қ.ж) көлемін есептеңіз.


  1. 2-метилбутен, 2-этилгептен-3, транс-дихлорэтен, цис-бутен-2 қосылыстарының құрылымдық формулаларын жазыңыз.

  2. Құрамы СН -СН -СН=СН -СН болып келетін көмірсутек қандай қасиеттер көрсетеді? Бұл затты атап, мүмкін болатын реакциялардың теңдеулерін жазыңыз.

  3. Массасы 4,2 г заттың жануы кезінде 13,2 г көмірқышқыл газы мен 5.4 г су түзіледі. Бұл зат буының ауа бойынша тығыздығы 29. Көмірсутек молекуласының құрамын анықтаңыз.


  1. Этиленнің полимерлену реакциясының механизмін қарастырыңыз. Түсінік беріңіз.

  2. Төмендегі химиялық реакциялардың типтерін анықтаңыз:

а) метана мен бром, б) этилен мен су. Реакциялардың теңдеулерін жазыңыз.

3. Гидратацияға ұшыраған 44,8 л этиленнен (қ.ж.) этил спиртінің қандай мөлшерін алуға болады? Теориялық мүмкіндіктен өнімнің шығымы 90% құрайды.


Ацетилен.


  1. Этан мен ацетилен молекулаларың құрылысын бейнелеңіз. Олардың молекулаларының ерекшеліктері неде?

  2. Ацетиленнің бірнеше гомологтарының құрылымдық формулаларын құрастырыңыз.

  3. 8л ацетиленді (қ.ж.) алу үшін қанша таза кальций карбиді жұмсалады?


  1. Екі әртүрлі ыдыста метан мен ацетилен бар. Бұл екі газды бір бірінен қалай ажыратуға болады? Реакциялардың теңдеулерін жазыңыз.

  2. Айналымдарды жүзеге асырыңыз:

Метан ацетилен винилхлорид полихлорвинил.

  1. 1 моль ацетиленді жағу кезінде 746 кДж жылу бөлінеді.100 л ацетиленді жаққан кездегі жылуды табыңыз.


  1. Келесі қосылыстарды бір бірінен қандай реакциялардың көмегімен ажыратуға болады:

НС=С -СН - СН және СН -С= С -СН

Сәйкес реакциялардың теңдеулерін жазыңыз.

  1. Ацетиленнен бромды этилді алудың әдістерін табыңыз. Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңыз.

  2. Егер 75% ацетилен қолданылатын болса, 33,6 л хлорвинилді алу үшін оның қандай мөлшері қажет?

Фенол.


  1. Фенолдың молекулалық және құрылымдық формулаларын бейнелеңіз. Электрон тығыздығының ығысуын көрсетіңіз.

  2. Фенолға соданың ерітіндісімен әсер ету арқылы натрий фенолятын алуға бола ма?

  3. 20 г калий гидроксиді мен 20 г фенолдан калий фенолятының қандай мөлшерін алуға болады?


  1. Молекуладағы атомдардың өзара әсерлесуі қалай жүреді? Мысал келтіріңіз.

  2. Метанды су буы мен көмірқышқыл газы қоспасынан қалай тазартуға болады? Реакция теңдеулерін жазыңыз.

  3. 25 г 94%-дық фенол ерітіндісі мен 75г 1%-дық раствора бромның судағы ерітіндісімен араластырған кезде қанша грамм өнім пайда болады?


  1. Глицерин, фенол және этанолдың электрондық және құрылымдық формулаларын салыстырыңыз.Гидроксид құрамындағы сутек атомының жылжымалдығы қалай өзгереді?

  2. Үш сынауықта: фенол, этил спирті, глицериннің ерітінділері бар. Осы қосылыстардың әрқайсысын қалай ажыратуға болады? Реакция теңдеулерін жазыңыз.

  3. Шығыны10% құрайтын өндірісте 78 кг бензолдан қанша фенол алуға болады?


Альдегидтер.


  1. Сірке альдегидінің электрондық және құрылымдық формулаларын жазыңыз. Альдегидтерге реакциялардың қандай типтері тән?

  2. Құрамы С4Н8О сәйкес келетін заттардың құрылымдық формулаларын жазыңыз. Ол қандай класқа жатады?

  3. Құрамында: С - 54,55%, Н - 9,09%,О - 36,36% бар заттың сутек бойынша тығыздығы 22 тең. Ол күміс оксидімен тотығып қышқыл түзеді.Осы заттың құрылымдық формуласын жазыңыз.


  1. Құмырсқа және пропион альдегидтерінің электрондық және құрылымдық формулаларын салыстырыңыз. Қайсысы белсенді болып келеді?

  2. Құрамы С5Н10О болып келетін изомерлердің барлық құрылымдық формулаларын жазыңыз. Оларды атап, қай класқа жататынын анықтаңыз.

  3. Бір атомды қаныққан спирттің тотығу реакциясының теңдеуін жазыңыз

  1. Полимерлену және поликонденсациялану синтезі әдістерінің айырмашылығы неде? Мысал келтіріңіз.

  2. Бутил спиртінің тотығу теңдеуін жазыңыз. Алынған заттарды атаңыз.

  3. 20%-дық (р=1,01) сірке альдегиді ерітіндісінің қанша мөлшері мыстың (||) гидроксидімен әрекеттеседі,осы кезде мыс (1) оксидінің бөлінген мөлшері 14,4 г тең.


Қаныққан бір атомды спирттер


  1. 2 мл метанолды (р.=0,79) жағу кезінде алынған көміртек (1V) оксидінің көлемін есептеңіз.

  2. Айналымдарды жүзеге асырыңыз:

этил спирті этилен этил иодиді?

Реакциялардың теңдеулерін жазыңдар.


  1. Айналымдарды жүзеге асырыңыз:

Этан хлорлы этил этил спирті этилен

бромды этил дибромэтан

Реакция теңдеулерін жазыңыз.

  1. 42 т этиленнің контактылы аппарат арқылы өткен кезде 3.45 т этанол алынды. Бұл теориялық шығымның қанша пайызын құрайды?


  1. Айналымдарды жүзеге асырыңыз:

Кальций карбиді ацетилен этилен этан

Хлорлы этил этил спирті этилен

  1. 2 моль натрий 100 мл 96%-дық (р=0,8) спиртке әсер еткенде қанша литр сутек алынады?

Карбон қышқылдары.


  1. Сірке қышқылы мен тұз қышқылын бір бірінен қалай ажыратуға болады? Реакциялардың теңдеулерін жазыңыз.

  2. Сірке қышқылы 8 г магнийге әсер еткенде бөлінетін сутектің (қ.ж.) көлемін есептеңіз.

  3. Органикалық және бейорганикалық қышқылдардың ерекшеліктері мен ортақ қасиеттерін атаңыз.


  1. Төмендегі жоспар бойынша сірке альдегтді мен сірке қышқылына салыстырмалы сипаттама беріңіз: құрылыстарындағы, қасиеттеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтаңыз. Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңыз.

  2. Ерітіндідегі сірке қышқылы мен фенолды қандай бір ғана реактивтің көмегімен анықтауға болады? Реакция теңдеулерін жазыңыз.

  3. 2 т сірке альдегидінің тотығуы кезінде 80%-дық сірке қышқылының қанша мөлшерін алуға болады?


  1. Сірке қышқылы мен этил спиртін салыстырыңыз. Реакция теңдеулерін жазыңыз.

  2. Глицерин, сірке қышқылы, құмырсқа қышқылдарын анықтау үшін қандай жоспар қолдануға болады?

  3. 1 кг сірке қышқылының ерітіндісіне магнийдің артық мөлшерімен әсер еткенде 22,4 л сутек (қ.ж.) бөлінеді. Сірке қышқылының пайыздық концентрациясы қандай?

© 2010-2022