Таза заттар және қоспалар тақырыбына сабақ жоспары

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Таза заттар және қоспалар тақырыбына сабақ жоспарыТаза заттар және қоспалар тақырыбына сабақ жоспарыСыныбы: 8

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Таза заттар және қоспалар туралы оқушыларға таныстыру.

2.Тәрбиелік: Оқушылардың химиядан алған білімдерін пайдалана отырып, күнделікті өмірмен байланыстыра білуге тәрбиелеу. Ұқыптылыққа, бір-бірінің жауабын тыңдап,одан қорытынды шығара білуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Оқушылардың ойын,дүниетанымын,ойлауын,есте сақтауын дамыту,белсенділігін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақ әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: плакат,тәжірибеге қажетті құрал-жабдықтар.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі

2.Үй тапсырмасын сұрау

3.Карточкамен жұмыс

4.Жаңа сабақты түсіндіру

5.Үй тапсырмасын беру

6.Қорытынды жасау,бағалау

1.Ұйымдастыру бөлімі.

Мұғалім: Оқушылар,қазір химия сабағы,оқу құралдарыңызды аламыз. Бүгін сыныпта кім кезекші?

Оқушы: Мен.

Мұғалім: Бүгін сабақта кім жоқ?

Оқушы: Бүгін сыныпта түгелміз.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

3. Карточкамен жұмыс. Қалған оқушыларға карточка арқылы тексеремін.

Карточкалар:

1) Заттар дегеніміз не? (Заттар - денелерді құраушылар).

2)Химия пәні нені зерттейді? (Заттарды,олардың қасиеттерін,соның ішінде олардың өзара айналуларын зерттейді).

3) Заттардың қасиеттері дегеніміз не? (Заттардың өзара бір - біріне ұқсастығын не айырмашылығын көрсететін белгілері олардың қасиеттері деп аталды).

4. Жаңа сабақ түсіндіру.

Табиғатта таза заттар көп кездеспейді. Олар көбіне қоспа түрінде болады. Қоспа 2 не одан да көп заттардан тұрады. Қоспалар агрегаттық күйіне байланысты екіге жіктейді: біртекті және әртекті қоспалар. Біртекті қоспалардың әртекті қоспалардан айырмашылығы жеке бөлшектері байқалмайды. Қоспалардағы заттар өздеріне тән дара қасиеттерін сақтап қалады. Сондықтан қоспаларды түрлі тәсілдермен бөлуге болады. Табиғатта кездесетін қоспалардан жеке химиялық заттарды бөліп алудың және оны тазартудың арнайы жолдары бар.Таза заттар көбіне лабораторияларда және арнайы цехтарда алынады.Таза заттардың өздерін әрі қарай тазарта отырып, аса таза заттарға айналдыруға болады.Олардағы бөгде «қоспаның» мөлшері проценттің миллиондық үлесінен аспайды.Мұндай аса таза заттардың арқасында радиотехника дамып, компьютерлержасалып, ғарыш кемелері күн сәулесінің энергиясын пайдаланатын күн батареяларына ие болып отыр. Аса таза заттарды алу өте қымбатқа түседі.

Енді оқушылар мынадай тәжірибе жасайық: қанттың кішкене кесегін стакандағы таза суға салып ерітейік.Бастапқыда қант қатты күйдегі таза зат, ал су сұйық күйдегі таза зат болатын.Олардың қоспасы қанттың судағы ерітіндісі-бір ғана сұйық заттан құралғандай көрінеді.Қанттың судағы ерітіндісі біртекті қоспаға жатады.

5.Үй тапсырмасын беру.

Оқушылар үйге тапсырма: &1 оқу және тақырып соңындағы 9,10,11 тапсырмаларды орындау. (Үйге тапсырма мазмұнымен таныстырамын).

6.Қорытынды жасау.Бағалау.Сабаққа қатысқан оқушылардың белсенділігін бағалау. Сыныппен қоштасу.

Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқан,есеп шығарып,сұрақтарға жауап берген оқушылар түгелдей бағаланды. Сабақ аяқталды,сау болыңыздар!

Қосымша материалдар:

1.Қант және магнидің қасиеттері қандай? (Қант-ақ түсті қатты зат, оңай ұсатылады, тәтті дәмі бар, суда ерігіш, қыздырғанда алдымен балқып, одан соң қоңыр түске түрленіп, ақыры қара көмірге айналып, ауада жанып, ең соңында газ күйіндегі зат түзеді. Магний-ақ түсті қатты зат,металл,суда ерімейді,ауада жанып,ақ түсті ұнтаққа айналады).

2. Мыс (II) оксидін тотықсыздандыруға 44,8л (қ.ж.) сутек жұмсалған болса, реакция нәтижесінде қанша мыс пен су түзілген?

Бер: Жауабы: Mr(Cu)=64

V(H2)=44.8л Mr(H2O)=18

Т/к: 44.8 x x

M(Cu)-? CuO+ H2 = Cu + H2O

M(H2O)-? 22.4 64 18



© 2010-2022