Урок химии в 8 классе на тему Тотығу дәрежесі

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Химия 8 сынып

Тотығу дәрежесі

Сабақтың мақсаттары: білімділік: Химиялық элементтердің тотығу дәрежесі түралы білімді қалыптастыру, қосылыстардың формуласы бойынша тотығу дәрежелерін анықтау дағдысын калыптастыру. дамытушылық: оқушылардың есептер шығару арқылы ділгірлік ойлау қабілетін дамыту, есте сақтау қабілеттерің арттыра отырып, ой өрісін кеңейту, өз ойларын еркін жеткізу дағдыларын дамыту; тәрбиелік: оқушылардың шығармашылық және интелектуалдық қабілетін функционалды сауаттылыққа, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу; Сабақтың типі: аралас сабақ. Көрнекілігі: интеактивті тақта, слайдтар, Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі, заттың құрылысы кристалл торларының модельдері, плакаттар. Пәнаралық байланыс: физика, математика, биология.

Сабақтың құрылымы: І.Ұйымдастыру кезеңі; ІІ. Үй тапсырмасын тексеру; ІІІ. Жаңа сабақ; IV. Жаңа сабақты бекіту: V. Үйге тапсырма; VI. Бағалау; VII. Қорытындылау. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі 1. Жағымды эмоционалды фон жасау. 2.Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріліп, сабақ жоспарымен таныстырылады. 3.Бағалау парағын тарату. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Ой қозғау. 1. « Ғажайып жетілік» (Өткен тақырыптарды қайталау сұрақтары) 1.Элементтердің электртерістігі дегеніміз не? Валенттілік дегеніміз не? 2.Химиялық байланыстың түрлерін ата? 3.Ковалентті полюссіз байланысқа сипаттама бер? Мысал келтір. 4.Ковалентті полюсті байланысқа сипаттама бер? мысал келтір. 5.Иондық байланыс қандай қосылыстарда болады? 6. Заттардың құрылысы бойынша қандай түрлері болады? Не айырмашылығы бар? 7. Кристалдық торлардың қандай түрлері болады? Иондық кристалдық тормен молекулалық кристалдық тордың айырмашылығы неде? 8.Кестені толтыр. Заттың кристалдық торын анықта?

зат

Химиялық байланыстың түрі

Кристалдық тордың типі

1

Кальций оксиді

2

Оттек молекуласы

3

магний

ІІІ. Жаңа тақырыпты ұғуға оқушыларды дайындау: Тақырыбы мен мақсатын жариялау. Танымдық қызығушылығын дамыту, жаңа тақырыпқа көніл аудару. Мағынаны ашу Қосылыстардағы атомдардың шартты заряды тотығу дәрежесі деп аталады. Тотығу дәрежесінің мәні осы элементтің атомынан басқа элемент атомына шартты түрде ығысқан электрон санымен анықталады. Тотығу дәрежесін шартты түрде (+) немесе (-) белгілерімен көрсетеді. Мысалы: Н+2О-2 , H+Cl-, Na+2O-2. . Тотығу дәрежесін төменгі қағидалар бойынша табады: 1. Жай заттардағы элементтердің тотығу дәрежесі = 0-ге. Na0, Са0, О22. Al0. S0 2.Қосылыстарда І, ІІ, ІІІ топ негізгі топша металдарының тотығу дәрежесі түрақты және тең +1,+2,+3. Мысалы К+, Ва+2,Са+2 , Al+3. Металдар қосылыстардың формулаларында әрқашан бірінші болып жазылады. 3.Молекула құрамына кіретін элементтердің атомдарының тотығу дәрежесінің алгебралық қосындысы =0 Na2SO4 2(+1)+1 (+6)+4(-2)= 0. 4.Ең жоғары тотығу дәрежесі бар элементтер электрондарды тек қана қосып алады. 5.Ең төмен тотығу дәрежесі бар элементтер электрондарды тек кана бере алады. 6. Фтор элементы қосылыстарда тек қана « - 1» тотығу дәрежесін көрсетеді. 7.Бейметалдардың тотығу дәрежесі өзгермелі :оң (+) және (-) бола береді. 8.Бір периодтағы бейметалдардың реттік № жоғары элемент (-) теріс зарядталады. Мысалы Р+5 Cl-5, N+32 O-23. 9. Бір топтағы бейметалдардың реттік № кіші элемент (-) теріс зарядталады. , S+6O-23, , Р+53N-35. 10. Биэлементті косылыстардың химиялық формуласында электртерістігі кіші элементтің таңбасы және оған сәйкес (+) тотығу дәрежесі жазылады, одаң соң электртерістігі жоғары теріс тотығу дәрежесі бар элементтің таңбасы жазылады. Na+ Cl-, Н+2О-2. 11. Электронын берген атом -тотықсыздандырғыш, ал қосып алған атом тотықтырғыш деп аталады. Электронын берген атомда не ионда -тотығу, ал электронды қосып алған атомда тотықсыздану ұрдісі (процесі) жүреді. . Химиялық формуладағы элементтердің . тотығу дәрежесін анықтаудың алгоритмі 1. Тотығу дәрежесін анықтау тотығу дәрежесі белгілі элементтен басталады. Мысалы Р2О5 2. Оттектің тотығу дәрежесін ( -2) ×5=10 3. Алған санды екінші элементтің индексіне бөлу керек: -10:2= -5 4. Алынған санды қарама- қарсы таңбамен тотығу дәрежесі деп қоямыз фосфорға, сонда формула былай жазылады: Р2 +5 О5-2

Денгейлік тапсырмалар І нұсқа А-денгей: Жалғасын тап немесе сөйлемді аяқта. 1.Тотығу дәрежесі дегеніміз-_________________________________________ 2.Электрондарды беру процесі- ___________________________ ал электрондарды өзіне тартып алу процесі__________________ деп аталады. 3.Қай элементтерде тотығу дәрежесі тұрақты?: О2, N2, Аl, К , Вr, Ca, элементтің таңбасын дөнгелекте . Б-денгей: 1. Берілген қосылыстардағы азоттың тотығу дәрежесін анықта. Азоттың ТД - N2, N2O, NO2, N2O5, K3N, 2. Периодтық жүйені пайдаланып, элементтердің ең жоғары және ең төменгі тотығу дәрежелерін анықтаңдар: Р,____,_____ С,____,_____ Сl,___,_____ 3. Периодтық жүйеде элементтердің орналасуына қарай олардың қосылыстарының формулаларын құрыңдар: а).Кремний хлориді_____ ә). Бром оксиді_______ б). Магний фосфиді______ С-денгей: 1.Берілген заттардағы күкірттің ТД тап: SO3, Na2SO4, СаSO3, Аl2S3, Fe2 (SO4) 3 2. Қандай тотығу дәрежелерінде хлор мен кальций атомдарының электрондық конфигурациялары бірдей болады? Кестені толтыр:

Сипаттамасы

Са

Сl

1.Бейтарап атомның электрондық конфигурациясы

2.Электрондық конфигурация және тотығу дәрежесі

3. Литийдің күкіртпен тотығу - тотықсыздану реакциясының теңдеуін жаз.

Денгейлік тапсырмалар ІІ нұсқа А-денгей: Жалғасын тап немесе сөйлемді аяқта. 1.Тотығу дәрежесінің мәні -______________________________________ 2.Электрондарды беретін атомдар- ____________________, ал электрондарды өзіне қосып алатын атомдар н/е иондар_______________________ деп аталады. 3.Қай элементтерде тотығу дәрежесі тұрақты?: Н, Na, S, Cl, Mg, Li, элементтің таңбасын дөнгелекте . Б-денгей: 1. Берілген қосылыстардағы хлордың тотығу дәрежесін анықта - HClO4, Cl 2О, Cl2O5 FeCl 3 , Cl2O7 2. Периодтық жүйені пайдаланып, элементтердің ең жоғары және ең төменгі тотығу дәрежелерін анықтаңдар: N, ____ ____ Br,____ _____ F, ___ ____ 3. Периодтық жүйеде элементтердің орналасуына қарай олардың қосылыстарының формулаларын құрыңдар: а)Кальций бромиді _____ ә).кремний оксиді ___ б). Алюминий сульфиды_____ С-денгей: 1.Берілген заттардағы фосфордың ТД тап: Ca3 (РO4 )2 , НРO3, K3РO3, H3РО4, Р2O5. 2. Қандай тотығу дәрежелерінде фтор мен магний атомдарының электрондық конфигурациялары бірдей болады?

Сипаттамасы

Mg

F

1.Бейтарап атомның электрондық кофигурациясы

2.Электрондық конфигурация және тотығу дәрежесі

3..Алюминий күкіртпен тотығу - тотықсыздану реакциясының теңдеуін жаз

БАГАЛАУ ПАРАҒЫ Пән: Химия Сынып: 8 «Ә»

Оқушының аты- жөні:____________________________________

денгей

Сыныптағы жұмыстар

Қорытынды

баға

Ұй

тапсыр

масы

Қайталау

сұрақтары

Тапсыр

ма №1

Тапсыр

ма №2

Тапсыр

ма №3

А


Б


С


Баға қою критерийі: « 5» - барлық тапсырманы дұрыс орындағандар, «4» - А,Бтапсырманы орындауда қиналғандар, «3»-А,Б -қатемен шығарғандар «2»-шығаралмағандар

Сабақ соңында бағалау жүргізіліп, ұй тапсырмасы беріледі §66 , №2,3,4.

Қорытынды : Химияны оқытудың өткен кезендердегі классикалық үлгілерін тереңірек зерттеп, оларды қазіргі дәстүрлі емес әдістемелік жүйемен тиімді үйлестіріп ұштастыру ерекше маңызды.

Химия пәні мұғалімі Даткаева Фарида Мауленовна

Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп -гимназия

Астана қаласы



© 2010-2022