Жалпы химия 12-сынып. 1-тақырып

Ұсынылып отырған сабақ жоспары жалпы химия тарауының 1-тақырыбы. химияның негізгі түсініктерін қамтиды. сабақ 40 мин жоспарланған. бұл сабақ жоспары базалық мектептердің мұғалімдеріне (қазақ сыныптарына) көмегі тиеді.  Ұсынылып отырған сабақ жоспары жалпы химия тарауының 1-тақырыбы. химияның негізгі түсініктерін қамтиды. сабақ 40 мин жоспарланған. бұл сабақ жоспары базалық мектептердің мұғалімдеріне (қазақ сыныптарына) көмегі тиеді. Ұсынылып отырған сабақ жоспары жалпы химия тарауының 1-тақырыбы...
Раздел Химия
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырып: Химиялық элемент. Атом. Молекула. Зат массасының сақталу заңы. Энергияның сақталу және айналу заңы.

Мектеп: Атырау НЗМ

Күні: 1.09-6.09.2014

Оқытушының аты-жөні:

Қосанов Р.П.

Сынып: 12

№ 1 -сабақ


Осы сабақтың оқу мақсаты

Химия пәнінің негізгі түсінніктерін және заңдарын қайталау.

Сабақ мақсаттары

•Оқушылар:
- химияның негізгі түсініктерін химиялық элемент, атом молекула түсініктерін қайталайды;

-химияның негізгі түсініктерін, зат массасының сақталу заңын, энергияның сақталу және химиялық реакция кезінде энергияның айналымын түсінеді;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар пән бойынша арнайы лексика және терминологияны пайдала отырып термин сөздерді қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі атауларын үйренеді:
химиялық элемент/химический элемент/ chemical element

............................................................................................

Оқушылар жаңа сөздерді өз түсінгендіктерін көрсету үшін қатесіз пайдалана алады


Диалог және жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің жинағы:

Химиялық элемент дегеніміз ...........

Атом .........

molecule is .............

Дифференциация - кең қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Барынша қабілетті оқушылар үшін қандай жұмыс түрлерін жоспарлап отырсыз?

Барлық оқушылар:

-химиялық элемент, атом, молекула энергия, энергияның сақталуы туралы білетін болады;

Көптеген оқушылар:

-негізгі заңдарға және осы тақырыптарға берілген есептерді шығарала алады;

Кейбір оқушылар:

-кейбір оқушылар осы тақырыптарға сәйкес түрлі деңгейдегі есептерді құрастыра алады;

Жоспарланған мерзімдер

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы

0-3 мин

4-6 мин





7-22 мин

















23- 33







34-39







40-мин

Салемдесу, позитивті орта қалыптастыру;

Оқушылармен ойын ойнаймыз. «Do this, do that»

Оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстырамыз.

Сабақты жетелеуші сұрақтар арқылы сабақты бастаймыз:

  1. Химиялық элемент дегеніміз.......

  2. Атом дегеніміз..............................

  3. Молекула дегеніміз.....................

  4. Химиялық реакция дегеніміз......

  5. Бұл терминдермен химия пәнінен басқа қайда естідіңдер?

  6. Осы терминдерге қатысты қандай заңдарды білесіңдер?

  7. Осы терминдерге қайсы ғалымдардың қатысы бар?

Слайдты көрсетеміз,

Слайд 1. Химиялық элемент

Слайд 2. Атом

Слайд 3.4. Молекула

Слайд 5. Химиялық реакция

Слайд 6. Энергия

Слайд 7. Химияның стехиометриялық заңдары.

Стехиометрия - заттардың арасындағы массалық және көлемдік қатынастарды қарастыратын химияның бөлімі.

  • Стехиометрия заңдарына: Зат құрамының тұрақтылық заңы, заттар массасының сақталу заңы, эквиваленттер заңы, еселік қатынас заңы, әлемдік қатынас заңы жатады.

  • Бұл заңдар заттардың атомдар мен молекулалардан тұратынын және атом - молекулалық ілімнің дұрыс екенін дәлелдесе, ал атом молекулалық ілім стехиометриялық заңдардың мәндерін толық түсіндіріп береді.

Слайд 8. Зат массасының сақталу заңы.

Слайдтар 9,10: Энергияның сақталу және айналу заңы - табиғаттағы кез келген материялық тұйық жүйеде өтетін барлық процестер кезінде сол жүйе энергиясының сақталатынын тұжырымдайтын жалпы заң. Энергия бұл жағдайда тек бір түрден екінші бір түрге айналады (егер материялық жүйенің қоршаған ортамен әсерлесуін ескермеуге болса, онда ол жүйені тұйық жүйе деп қарастыруға болады); егер материялық жүйе сыртқы әсердің нәтижесінде бір (бастапқы) күйдегі екінші (соңғы) бір күйге ауысса, онда оның энергиясының артуы (не кемуі) жүйемен әсерлесетін денелер мен өріс энергиясының кемуіне (не артуына) тең болады. Бұл жағдайда жүйе энергиясының өзгеруіне жүйе күйінің біреуіне (бастапқы не соңғы) ғана тәуелді болады да, оның ауысу жолына (тәсіліне) тәуелді болмайды. Басқаша айтқанда, энергия - жүйе күйінің бір мәнді функциясы. Термодинамикада Энергияның сақтау заңы термодинамиканың бірінші бастамасы деп аталады. Физикалық (не химикалық) құбылыстардың кез келген түрлерінде Энергияның сақтау заңы сол құбылысқа тән формада ғана тұжырымдалады. Өйткені энергия берілген процесті сипаттайтын параметрлерге тәуелді. Энергияның сақталу және айналу заңын 19 ғ-дың 40-жылдары Дж.Джоуль және неміс ғалымдары Р.Майер, Г.Гельмгольц бір-біріне байланыссыз ашты.

Энергияның сақталуы және айналуы заңында Энергияның бөлінуі мен сіңірілуі туралы айтып кету керек. Энштейн теңдеуінің зат массасына қатысы туралы тусіндіру керек.

Егер, химиялық реакция кезінде энергия бөлінетін болса зат массасы кемейеді, егер энергия сіңірілетін болса зат массасы артады. Энергияның сіңірілуі мен бөлінуі химиялық байланыстың әсерінен. (бул туралы 9-10 слайдта айтылады)

Слайд 11. Резюме.

Уравнение Эйнштейна описывает связь между энергией и массой любого вещества.

Если

E

энергия (тела, излучения, поля и т. д.)

Дж

m

масса, отвечающая энергии E,

кг

c

скорость света в вакууме, 3 × 108

м/с



то

E= mc2



Сабақты бекіту.

1-есеп. (6 есеп 12 бет. Нұрахметов.Н.Химия 10-сынып)

2,2г темір (ІІ) сульфидін алу үшін 1,4г темір қанша грамм күкіртпен реакцияға түсуі керек?

2-есеп. 11г темір (ІІ) сульфидін алу үшін қанша гр темір және күкірт алу керек?

3-есеп. (1,31-есеп, М.А.Рябов)

Эйнштейн теңдеуін қолдана отырып, реакция кезіндегі зат массасының өзгеруін анықтаңдар:

А) 1,8*105 кДж жылу бөлінгенде; ә) 540 Дж жылу бөлінгенде;

Б) 720 кДж жылу сіңірілгенде; г) 1080 Дж энергия сіңірілгенде;

Үлестірме қағазбен берілетін тапсырмалар: (1,32-есеп, М.А.Рябов)

Егер зат массасы:

А) 1,11*10-8г төмендегенде ; б) 5,0*10-7г төмендегенде;

в) 1,11*10-8 г артқанда; г) 8*10-11г артқанда;

Эйнштейн теңдеуін қолдана отырып, реакция кезіндегі жылу эффектінің өзгеруін анықтаңдар;

Үй тапсырмасы:

1.тапсырма. Н.Нұрахметов, §1.1, §1.2, §1.3 6-11 бет

2 тапсырма. Периодтық жүйеден 10 элементтің қазақша, орысша, ағылшын және латын тіліндегі атауларын кесте сызып толтырыңдар.

3-тапсырма. Жоғарыдағы 3-есептің ә және б бөлімдерін шығару.

4-тапсырма. Химияның зат массасының сақталу заңына арнап есеп құрастырып келу.

Рефлексия.

Презентация және Н.Нұрахметов авторлығындағы 10-сынып оқулығы



Қосымша ақпарат

Бағалау- Оқушылар білімін қалай тексеруді жоспарлай-сың?

Айқаспа оқу сілтемелері

Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру

АТ-сілтемелер

Шамаларға сілтемелер

Үлестірме тапсырмалар арқылы.

Дифференциация

Сабақ мақсаты/зерттеу мақсаты дұрыс қойылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқу атмосферасы қандай болды?

Менің жоспарлаған дифференциациям жақсы жұмыс істеді ме?

Берілген уақытты тиімді, дұрыс пайдалана алдым ба?

Менің жоспарым бойынша қандай өзгерістер болды және неге?

Сабақ бойынша ой жүгірту үшін бос бағананы пайдалану керек. Сол жақтағы бағанадан сабақ туралы анағұрлым маңызды сұрақтарға жауап беру керек.





© 2010-2022