Внеклассная работа по химии Химиялық жарыс

Раздел Химия
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Металдар» және «Бейметалдар» топтары арасында өткізілетін

Химиялық жарыс

Жарыстың жоспары:

1.Таныстыру үй тапсырмасын сұрау (слайд көрсетіп,топтарымен таныстырады)
2.Ой жинақтау кезеңі (әр топқа 10 сұрақтан қойылады)
3.Сөзжұмбақ шешу (әр топ сөзжұмбағын дайындайды)
4.Химиялық жарнама ( І топ «Сабын және синтетикалық жуғыш заттар»; ІІ топ «Дәрумендер») 5.Тәжірибе көрсету (қызықты тәжірибе көрсету)
6.Топ басшылар сайысы І топ («Металдардың пайдалы жақтары», «Бейметалдардың зиянды жақтары»); ІІ топ ( «Бейметалдардың пайдалы жақтары», «Металдардың зиянды жақтары») 7.Химиялық би (Катиондар мен аниондар бір-бірін дұрыс тауып,формула құру) 8.Жанкүйерлер сайысы (Жанкүйерлерге сұрақтар қойылады)

Жүргізуші:

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер,
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.
Жастықтың ойы қайдасың,
Жүректі түртіп қозғамай
Ғылымның біліп пайдасын
Дүниенің көркін болжамай - деген ұлы Абай атамыздың өлең жолдары арқылы сайысымызды бастаймыз.

Жүргізуші: - Сайысымызды бастамастан бұрын әділ қазылармен таныстырып шығайық.
Көңілді тапқыштар білімділер
Бар өнерін алдарыңа салады
Кім білімді, көп оқыған болса егер
Бүгінгі күннің жеңімпазы болады
І кезең таныстыру кезеңі Әр топ басшысы өздерінің топтарымен таныстырады.

Жүргізуші:

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз - дей келе біз келесі кезең ІІ кезең «Ой жинақтау кезеңін» бастайық.

1 - топ
1. Қай галоген бактерияларды өлтіріп, денсаулықты қорғайды? (хлор)
2. Әрі жеңіл, әрі жұмсақ металл? (литий)
3. Металдардың кернеу қатарын жасаған ғалым? (Н. Н. Бекетов)
4. Темекі құрамындағы қышқыл? (никотин)
5. Қазақстанның қазба байлықтарының картасын жасаған кім? (Қ. Сәтбаев)
6. Жасушаны зерттейтін ғылым саласы? (цитология)
7. Адам ағзасында қай элемент жетіспеуінен тіс жиегі ауруына ұшырайды? (фтор)
8. Өмір мен ойдың элементі (фосфор)
9. Тұқым қуалайтын өзгергіштік (мутация)
10. Натрий неше валентті? (1 - валентті)
11. Электрондарды қосып алу үдерісі? (тотықсаздандыру)
12. Темірдің атомдық массасы (56)

2 - топ
1. Менделеевтің периодтық жүйесінде қанша металл бар? (89)
2. Күмістің атомдық массасы? (108)
3. Металдардың тотығу дәрежесі қандай? (оң)
4. Аса бағалы металдар (алтын, күміс, платина)
5. Адам ағзасында сүйектің құрамына кіретін металл? (кальций)
6. Құрамында қызыл фосфор бар, тұрмыста өте қажет зат (сіріңке)
7. «Білім бұлағы» (оқулық)
8. «Ақ маржан» аталатын дәнді дақыл? (күріш)
9. Ең жеңіл газ? (сутек)
10. Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым? (С. Аррениус)
11. Тұз бен судың арасындағы алмасу реакциясы (гидролиз)
12. Жылу мен жарық бөле жүретін реакция? (жану)

Жүргізуші:
Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Біреуінің қатты істейтін миы бар
Кезекте сөзжұмбақтарды шешу
ІІІ кезең Сөзжұмбақтарды шешу кезеңі

ІҮ кезең химиялық жарнама ( І топ «Сабын және синтетикалық жуғыш заттар»; ІІ топ «Дәрумендер») Жүргізуші:
Химия - ырыс бұлағы
Шалқыған байлық мол дәулет
Аялап күтіп тұр алда
Болашағымыз-нұр сәулет
Аялдама,алға ұмтыл
Құдіретті біздің ой
Сенде байлық,сенде ырыс
Сенімен өмір сәнді ғой
Кезекте әр топ тәжірибе көрсетеді V кезең Қызықты тәжірибе жасау

Жүргізуші:

Тағы келді сыналар шақ айналып,
Тереңіне білім теңіз байланып,
Кім шешеді сол сайыста ұтып тұр,
Айтысар шақ кезегі келіп тұр
VI кезең Топ басшылар сайысы І топ («Металдардың пайдалы жақтары», «Бейметалдардың зиянды жақтары»); ІІ топ ( «Бейметалдардың пайдалы жақтары», «Металдардың зиянды жақтары») ҮІІ кезең Химиялық би (Катиондар мен аниондар бір-бірін дұрыс тауып,формула құру) ҮІІІ кезең ҮІІІ кезең «Көрермендер көрімдігі» жанкүйерлерге сұрақ
1. Машина мен трактордың жаны, қара металлургия наны (темір)
2. Айдаһар бейнесіне ұқсайтын элемент (S)
3. Термометрде қолданылатын металл (сынап)
4. Ғарыштан түсетін метеориттер негізінен қандай металдан тұрады? (темір)


Қорытынды:
2030-дың барысымыз,
Болашаққа бастайды әр ісіміз,
Егемен елімізді көркейтетін,
Білім шыңына шығу - парызымыз дей отырып, бүгінгі сайысымыз да мәресіне жетті.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі















«Металдар» және «Бейметалдар» топтары арасындағы

химиялық жарыс


© 2010-2022