Рефлексивный отчет коучинга на темуСын тұрғысынан ойлауға үйрету

Раздел Химия
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» тақырыбындағы коучинг сессия бойынша рефлексивтік есеп

Коучинг тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлауға үйрету.

Коучинг мақсаты: сын тұрғысынан ойлауды үйрету арқылы ой толғауға, болжауға шешім қабылдауға бағыттау. Мәселелерді бірлесіп шешуге, идеялармен алмасуға және қорғауға үйрету.

Оқу нәтижесі:»Сын тұрғысынан ойлау» модулімен танысу арқылы елестеуге,баламалы шешімдер қабылдауға,іс-әрекеттің түрлендірілген тәсілдерін енгізуге ықпал етеді, қатысушылардың ойлау қабілеттерін дамытады.Мәселелерді бірлесіп шешеді,идеялармен алмасуға және қорғауға үйретеді.

Коучингке тоғыз мұғалім қатысты. Орыс тілі, қазақ тілі пәні, биология пәні, тарих пәні, география пәні мұғалімдері. Қызығушылық танытып, коучинг сабаққа қатысқысы келетінін айтып ұсыныс білдірді.Менің бойымда өзіме деген сенімділік артып, өзімді көшбасшы болуға лайықты екенімді байқадым. Бірінші коучинг сабағымнан мұғалімдер жақсы әсер алғандығына көзім жетті. Мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ете алғанымды байқадым.

Коучингті мұалімдер ұжымында жағымды психологиялық ахуал орнатудан бастадым. Онда шеңбер жасап бір-біріне гүл сыйлай отырып,бір-бірінің есімін әріптесінің есімімен қоса айтады. Әрі қарай ұсынған суреттерден біреуін таңдап, алған суретін басқалармен салыстырады.айырмашылығын анықтап,суреттің саны бойынша топтарға бөлініп отырады. Бұл әрекетімде, сын тұрғысынан ойлауға бағыт бергенімді түрлі мұғалімдердің түсінгендерін көргім келді. А мұғалім: Осылай әр бір іс- әрекетімізде оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлайтын болсақ, оқушылар белсенді жұмыс істейтініне сенімдімін дегенді айтты. АКТ көмегінде әңгіменің бір бөлігін тыңдаттым.»Сабақ барысында сын тұрғысынан ойлау әдісін қолдану тиімділігі»оқылым материалдарын тараттым.Мұғалімдер алдымен өздеріне берілген сұраққа ой-толғаныс жасайды,ой-пікірлерін параққа жазады. Топта талқылайды,постер жасайды.Әр топтың спиккері шығып қорғайды. Топ бойы талқылағанда А және С мұғалімдердің шығармашылық қабілетінің жоғары екенін байқадым. Бұл тапсырма барысында А және С мұғалімдер көшбасшы рөлін атқарды. А мұғалім басқарған топтың жұмысы берілген әңгіменің мазмұнымен сәйкес келді.

Рефлексивный отчет коучинга на темуСын тұрғысынан ойлауға үйрету.Рефлексивный отчет коучинга на темуСын тұрғысынан ойлауға үйрету.

Рефлексивный отчет коучинга на темуСын тұрғысынан ойлауға үйрету.

Келесі тапсырма күрделілеу болып,бейнероликке назар аударып ой ұшқырлығы,пікір қозғау.Сыни тұрғыдан ойлап,сұраққа жауап бере отырып сабақ барысында тақырыптан алған әсерлерін зерделей отырып шынайы түрде жауап берді.Мені мазалағаны, Қай мұғалімде сын тұрғысынан ойлаудың дағдыларын байқайды екенмін? деген сұрақтарыма жауап іздеп екі топ мүшелері, әріптестерімнің топтарына кезекпе-кезек барып бақылау жүргізіп отырдым. Бақылауларымның нәтижесінде А мұғалім мен С мұғалім бұл жолы да алдыңғы қатарлы мұғалімдердің қатарынан табылды. Әріптестер бірлесе отырып ынтымақтастықта жұмыс істеп, жұмыстарын қорғады. Бір-бірлерінің жұмыстарын бағалап отырды. Ересек адамдармен жұмыс істеудің қызықты тұстары көп болады екен. Әр бір жұмыстарын қорғаған кезде қойылған сұрақтарға жай ғана жауап айтып қана қоймай әр бір сөзін, әр бір идеясын дәлелдеп Мерсер әңгімелерінің үш түрі де орын алады екен. Мұғалімдерді кішкене сергітіп алу мақсатында АКТ көмегінде «Қүміс құмғанай» биін қайталау.

Келесі тапсырма» «Рөлдік ойын» сурет бойынша.Тапсырманы топ мүшелерімен талдайды,орындайды.Әр топтан екі адамнан тақтаға шығып тапсырма бойынша әңгіме түріне мысал келтіріп,әңгімелеседі. Бұл жолы екі топ та бірден жұмысқа кірісіп кетті. Бір бірімен пікір алмасып, ынтымақтаса, бірлесе, әр кім өз идеяларын ортаға тастап, ой бөлісіп жұмыс істеді. Өз жұмыстарын қорғады, бір бірінің жұмыстарын бағалады. Мұғалімдеріміздің барлығында актерлік қабілеттері жоғары деңгейлі дәрежеде екенін тағы бір рет көрдім. Сабақ соңында стикер қағаздарына алған әсері мен ұсыныстарын «Ізгілік ағашына»жапсыруды тапсырдым. Мұғалімдер бүгінгі коучинг туралы «екі жұлдыз бір тілек»жазып қалдырды.Коучинг сабақ сәтті өтті деп айта аламын. Мұғалімдердің барлығы да топ болып бірлесе,ынтымақтаса қиыншылықтарды жеңіп, белсенділік танытты. Ой толғап, нақтылықты, анық дәлелдер келтіріп жұмыс жасады. Коучингтің сәтті өтуі:мұғалімдердің модульді жақсы түсінуі және топпен белсенді жұмысқа қызыға араласып жұмыс жасаулары,бір-біріне көмектесе ақылдаса тапсырмаларды орындауы, Енді осы білгендерін сабақ үдерісінде қолдану аясын бақылау мақсатында 6 сыныптың биология сабағына кірдім. Сабақты жағымды психологиялық ахуал орнатудан бастады.Оқушылар бұл үдерісті жақсы көңіл-күймен қабылдады. Топқа түрлі геометриялық фигуралар арқылы бөлді. Топпен бірге топтық жұмыстарды жақсы ұйымдастыра алдым.

Рефлексивный отчет коучинга на темуСын тұрғысынан ойлауға үйрету. Рефлексивный отчет коучинга на темуСын тұрғысынан ойлауға үйрету.

Менің коучинг сабағымның нәтижесінің дәлелдемесі ретінде сыни тұрғыдан ойлау жолдарын тиімді қолдана алғанын көрдім. Әрине бұл менің коуч ретіндегі жетістігім. Келесі сабақтарда оқушылардың өзін өзі реттеуі жолында, сын тұрғысынан ойланып интерпретация жүргізе алатын, пайымдап нақтылап шешім қабылдайтын, кез келген ситуациядан шыға алатындай ойлау дағдылары жақсы қалыптасқан құзіретті тұлға тәрбиелей алатын кәсіби дамыған мұғалімдер санын көбейтуге ат салысамын. Бұл үшін үнемі өз біліктілігімді асырып ізденуде боламын.



© 2010-2022