8 сыныптың химия курсы бойынша

Ақмола облысы Бұланды ауданы Қараөзек орта мектебі         8 сыныптың химия курсы бойынша тест тапсырмалары                Дйындаған: химия пәнінің мұғалімі Жумабаева А.М.                 2015 жыл  Түсінік  хат        Химия пәні – жаратылыстану ғылымынқұрайтын жүйенің маңызды бір бөлігі. Ұсынылып отырған оқу құралы 8-сыныпқа химия пәнінен алған теориялық білімді одан әрі дамытып, практикалық дағдыны қалыптастыруға арналған. Құралдың негізгі мақсаты – оқушыларды өздік жұмысын орындауға да... Изотоптар   а)  алмаз және графит    в)   13С және 12С               с)   иілімді және аморфты күкірт    д)   Оᴣ және О2        2.   Атом ядросының құрамында 13 протон және 14 нейтроны бар химиялық элемент           а) азот           в) кремний                         с) алюминий                  д) көміртек      3.  Электрондық формуласы 1s22s22p6 бар элемент             а)  барий
Раздел Химия
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақмола облысы

Бұланды ауданы

Қараөзек орта мектебі









8 сыныптың химия курсы бойынша

тест тапсырмалары















Дйындаған: химия пәнінің мұғалімі Жумабаева А.М.

















2015 жыл

Түсінік хат

Химия пәні - жаратылыстану ғылымынқұрайтын жүйенің маңызды бір бөлігі. Ұсынылып отырған оқу құралы 8-сыныпқа химия пәнінен алған теориялық білімді одан әрі дамытып, практикалық дағдыны қалыптастыруға арналған. Құралдың негізгі мақсаты - оқушыларды өздік жұмысын орындауға дағдыландырып, айналада болып жатқан құбылыстарға көніл аударып, сыни ойлануға үйрету және бақылау дағдысын қалыптастыру. Әдістемелік құрал химия пәні мұғалімдерінің 8 сыныптың химия курсы бойынша оқушылардың білім-біліктерін тексеру қорытындысына, даму деңгейін анықтауға, материалдарын меңгеруін бақылау мақсатында әр тараудан соң ең басты, мәнді фактілерді, ұғымдарды, біліктілікті тексеруге бағытталған, диагностика жасауға мүмкіндік беретін тест сұрақтары берілген. Мұндағы берілген тест тапсырмалары, есептер мен жаттығулардың мазмұны Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламасына негізделген, мектептің оқулығына сәйкес құрастырылған. Әр тарау бір нұсқадан яғни, оң тест сұрақтарынан тұрады, тапсырмаларының жауап нұсқасы бесеу, оның тек бір ғана дұрыс жауабы бар. Тест материалдарын жылдық немесе ІІ жартыжылдық қорытынды бақылау орнына пайдалануға болады.

І тарау. Бастапқы химиялық ұғымдар. Химиялық реакциялар.

ІІ тарау. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы және периодтық жүйесі. Атом құрылысы. Химиялық байланыс.

ІІІ тарау. Оттек. Жану. Ауа.

ІV тарау. Сутек. Тотығу-тотықсыздану реакциясы.

V тарау. Су. Ерітінділер.





І тарау. Бастапқы химиялық ұғымдар. Химиялық реакциялар.

1. Металды табыңдар

а) хлор

в) күміс

с) оттегі

д) күкірт

2. Реакция теңдеуіндегі алюминийдың алдына қойылатын коэффициент

Аl + O2 = Аl2O3

а) 2

в) 3

с) 5

д) 4

3. Валенттігі екіге тең элементтер қатарың табыңдар

а) H Li Fe P

в) Ca Мg Ba Sr

с) Al P Cu C

д) K Ag B Ве

4. Мыс оксиді мен күкірт қышқылының арасындағы реакция типі қандай?

а) қосылу

в) айырылу

с) орынбасу

д) алмасу

5. Күкірт қышқылының құрамындағы күкірттің массалық үлесі қандай?

а) 2%

в) 20,2%

с) 65%

д) 32,7%

6. Су мен құм қоспасын қандай әдіспен бөлуге болады?

а)қайта кристалдану

в) тұндыру

с) сүзу

д) магнитке тарту

7. Химиялық заттардың формуласы дұрыс жазылған қатарды анықта

а) CuCI2 CuSO4 К3PO4 NaCl3

в) AICI3 H2S H2O H2CO3

с) BaO СаН H2S4 P2O5

д) SO2 Zn2O NaO HCl

8. Химиялық реакция теңдеуіндегі реагент формуласының коэффициенті

қандай? H2O → Н2↑ + О2

а) 2

в) 3

с) 4

д) 5

9. Қорғасын - қалай оқылады

а) купрум

в) гидраргирум

с) аргентум

д) плюмбум

10. Кальций оттекпен әрекеттескенде 56г. өнім түзіледі. Реагент болып келген оттектін моль саны қанша?

а) 0,5

в) 1,5

с) 3

д) 1,8

ІІ тарау. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы және периодтық жүйесі. Атом құрылысы. Химиялық байланыс.

  1. Изотоптар

а) алмаз және графит

в) 13С және 12С

с) иілімді және аморфты күкірт

д) Оᴣ және О2

2. Атом ядросының құрамында 13 протон және 14 нейтроны бар химиялық элемент

а) азот

в) кремний

с) алюминий

д) көміртек

3. Электрондық формуласы 1s22s22p6 бар элемент

а) барий

в) гелий

с) бор

д) неон

4. Атом ядросының нейтрон саның табатын формула
а) Ar = Z + N
в) N = Ar - Z
с) Z = Ar - N
д) N = Z + Ar

5. Электртерістігі жоғары элемент
а) фтор

в) цезий

с) хлор

д) оттегі

6. Йод молекуласыңдағы химиялық байланыстың түрі

а) коваленттік полюсті

в) коваленттік полюссіз

с) атомдық

д) молекулалық

7. Атомдық кристалдық торы бар зат

а) мыс

в) оттегі

с) графит

д) ас тұзы

8. Магний атомы неше энергетикалық деңгей түзеді
а) төрт 2,8,7,6
в) үш 2,8,2
с) үш 2,8,3
д) екі 2,8

9. Амфотерлі элемент
а) оттегі
в) азот
с) натрий
д) мырыш

10. Көміртек атомының сыртқы энергетикалық деңгейінің электрон саны
а) төрт
в) оң екі
с) алты
д) екі




ІІІ тарау. Оттек. Жану. Ауа.

  1. Оттек латынша аталады

а) гидрогениум
в) аргентум

с) феррум
д) оксигениум

2. Оттектін аллотропиялық түр өзгерісі

а) радон
в) озон
с) протий
д) дийтерий

3. Адам организмі байланысқан оттектен тұрады

а) 21%

в) 95%

с) 65%

д) 49%

4. Өнеркәсіпте оттекті алады

а) болат балоннаң

в) ас тұзынаң

с) судан

д) ауадан

5. Күкірт қышқылының құрамындағы оттектің массалық үлесі қандай?

а) 88%

в) 11%

с) 50,5%

д) 65,3%

6. Мыс (ІІ) оксидіндегі элементтердің массалық қатынасы

а) 8:2

в) 1:16

с) 4:1

д) 64:16

7. Жану дегеніміз

а) оттекпен реакцияға түскенде

в) реакція нәтижесінде оксид түзілгенде

с) соңында күл бөлініп жылу бөлінсе

д) реакция кезінде жылу бөлініп, жарық шығады

8. Оттектің қ.ж. тығыздығы тең

а) 6,03 г/л

в) 22,4 г/л

с) 1,43 г/л

д) 29 г/л

9. Қалыпты жағдайда алынған 10 м³ сутек газы жанғанда оттектің қандай көлемі жұмсалады?

а) 5 м³

в) 8 м³

с) 16 м³

д) 15 м³

10. Қалыпты жағдайда көлемі 89,6л. оттек газының зат мөлшері тең

а) 8 моль

в) 4 моль

с) 9 моль

д) 1,6 моль

ІV тарау. Сутек. Тотығу-тотықсыздану реакциясы.

  1. Сутек - латын тілінде

а) гидрогениум
в) аргентум

с) феррум
д) оксигениум

2. Судағы сутектің үлесі

а) 21
в) 11

с) 80

д) 53

3. Зертханада сутекті алады

а) металл қышқылмен әрекеттескенде
в) су оксидпен әрекеттескенде

с) тұз қышқылмен әрекеттескенде
д) негізді қыздырғанда

4. Ең женіл зат

а) азот
в) оттегі

с) сутегі

д) ауа

5. Сутек әрекеттеспейді

а) Са

в) O2

с) HCI

д) S

6. 190г. мыс оксидін сутегімен тотықсыздандырғанда қажет сутектің мөлшері:

а) 2,375 моль

в) 0,17 моль

с) 1,512 моль

д) 3 моль

7. 9 моль (қ.ж) сутектің көлемі тең:

а) 27,1 моль

в) 201,6 моль

с) 59,1 моль

д) 189,3 моль

8. Күкірт қышқылындағы сутектін тотығу дәрежесі тең:

а) +1

в) +2

с) -2

д) -1

9. Иондық байланысы бар қосылыс ол:

а) NaCl

в) H2S

с) Ca

д) Cl2

10. Мыс оксиді мен күкірт қышқылы әрекеттескенде түзілетін өнімдер

а) мыс, сутек және хлор

в) мыс сульфаты және су

с) мыс гидроксиді және сутек

д) мыс хлориді және сутек

V тарау. Су. Ерітінділер.

1. Массалық үлесі 9%-дық 900г. ерітіндісін дайындауға қажет су мен тұздың массалары:

а)819г және 81г в)900г және 90г с)800г және 100г д)811 және 93г

2. Ас тұзының 18% -дық ерітіндісі берілді, осындай 1тонна ерітінді даярлау үшін қанша ас тұзы және су қажет?

а) 90г және 100г в) 18г және 82г с) 100г және 900г д)180г және 820г

3Кальций хлориді ерітіндісімен 17г натрий гидроксиді әрекеттескенде түзілген

тұнбаның массасы

а)17,9г в)6,9г с)15,7г д)71г

4. 78г суға 24г қант ерітілді. Осы ерітіндінің массалық үлесі қанша?

а)48 в)32 с)23,5 д)11,9

5. Тұздың 22 %-дық 150г ерітіндісімен 35% -дық 100г ерітіндісі араластырылды. Алынған ерітіндідегі заттың массалық үлесі қандай?

а)15,5 в)32 с)27,2 д)50

6 . 65 грамм 20 % - тік сілті ерітіндісін дайындау үшін қанша граммм сілті

керек

а) 17 г в) 13г с) 45 г д) 20 г

7. Еріткіш пен еріген зат бөлшектерінен тұратын біртекті жүйені дейді:

а) ерітінді

в) еріткіш

б) ерігіштік

г) қоспа

8. 500гр 18 % - тік ерітіндіні дайындау үшін қанша тұз, қанша су қажет?

а) 82 гр тұз және 418 гр б) 90 гр тұз 410 гр су

б) су 60 гр тұз және 440 гр су г) 75 гр тұз және 425 гр су

9. Жай заттардан күрделі заттардың алынуын - не деп аталады?

а) талдау

в) айдау

б) синтез

г) анализ

10. Сумен әрекеттесіп сілті түзетін, металл оксидтерін қалай атайды?

а) оттекті оксидтер

в) металдық оксидтер

б) қышқылдық оксидтер

г) негіздік оксидтер
























Қорытынды

Қазіргі уақытта жас ұрпаққа сапалы білім беру саналы тәрбиелеудің тиімді жолдары сан алуан. Оқушының жеке тұлғасын, оқуға деген ынтасы мен қабілетін дамыту бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі. Осы аталған қасиеттерді жетілдіру арқылы олардың білім көкжиегін терендетіп дамытып оны практикада, ҰБТ-ға дайындық кезінде қолдана білуге, таным белсенділігін арттыруға тырысатыны анық. Сол себепті мен жас мамандарға, керекті материал жүйелі түрде жинақталған құрал ретінде осы 8 сыныптың химия курсында тараулар бойынша дайындалған тест тапсырмаларды ұсынып отырмын.











Қолданылған әдебиеттер:

  1. Н.Нурахметов, К.Сарманова, К.Жексенбина. Химия оқулығы. 8 сынып. Алматы «Мектеп» 2012 жыл.

  2. Химия анықтамалығы. Республикалық ғылыми-танымдық педагогикалық журналы. 2013 жыл.

  3. Химия Қазақстан мектебінде. Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы. 2013 жыл. (2010-2012ж.)

  4. Химия мектепте. Ғылыми педагогикалық журналы. 2007 жыл. (2004-2006ж.)

  5. Первое сентября. Учебно-методическая газета. 2005год. (2003, 2004г.)





































© 2010-2022