Сабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үй

Сабақтың тақырыбы:  Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үй   Сабақтың мақсаты:білімділік – лексика тарауы бойынша өткенді қайталау арқылы оқушылардың білімдерін жүйелеу, бекіту, тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашып түсіндіру; дамытушылық–оқушылардың тақырып бойынша алған түрлі әдістерді пайдалана отырып сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, білімдерін, ой-өрістерін сын тұрғысынан ойлау тапсырмаларын орындату арқылы дамыту, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын, тіл байлығын молайту; тәрбиелік–танымдық ойындар арқылы білімділікке, сауаттылыққа, еңбексүйгіштікке патриоттыққа баулу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, топтық, жеке жұмыс, сөздікпен, мәтінмен жұмыс, ой қозғау, ойын элементтері Сабақтың көрнектілігі: интерактивті тақта, слайдтар, бейне-жазба таспалар, сызба кестелер Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, мәдениеттану, этно-педагогика, өзін-өзі тану, психология
Раздел Химия
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үйСабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үй


Сабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үй


Сабақтың мақсаты:білімділік - лексика тарауы бойынша өткенді қайталау арқылы оқушылардың білімдерін жүйелеу, бекіту, тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашып түсіндіру;

дамытушылық-оқушылардың тақырып бойынша алған түрлі әдістерді пайдалана отырып сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, білімдерін, ой-өрістерін сын тұрғысынан ойлау тапсырмаларын орындату арқылы дамыту, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын, тіл байлығын молайту;

тәрбиелік-танымдық ойындар арқылы білімділікке, сауаттылыққа, еңбексүйгіштікке патриоттыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, топтық, жеке жұмыс, сөздікпен, мәтінмен жұмыс, ой қозғау, ойын элементтері

Сабақтың көрнектілігі: интерактивті тақта, слайдтар, бейне-жазба таспалар, сызба кестелер

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, мәдениеттану, этно-педагогика, өзін-өзі тану, психология

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

I .Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу; оқушы зейінін сабаққа аудару;

II. Үй тапсырмасын сұрау.(20-25 мин)

I тапсырма. «Ойлы болсаң, озып көр» ойыны (топтық жұмыс)

«Сен маған, мен саған» дегендей, мағынасы қарама-қарсы болатын сөздерді айту. I топ бастайды, II топ аяқтайды. Мысалы: ақ-қара, үлкен-кіші, жақсы-жаман.

II тапсырма. «Мықты болсаң, тауып көр» ойыны

Берілген синоним сөздерді сәйкестендіріңіз.

1.ертеде 1.ағайын

2.алыс 2.шипа

3.үлкен 3.оқытушы

4.кішкентай 4.қауіп

5.ашар 5.ажарлы

6.тамақ 6.еңбек

7.таңертең 7.батыр

III тапсырма. «Жүйрік болсаң, шауып көр» ойыны

Көп нүктенің орнына омоним сөздерді тауып қойыңыз

  1. .... күні жақсы тілектер ....

  2. кеше туған .... , Анасы бесікке ....

  3. Менің атам .... бағады. Қамшысын таңдап .....

  4. Бір ағашта -екі ..... Мен де алмаймын, сен де ....

IV тапсырма. «Мен ұнатқан үш пән» ойыны

Мақал-мәтелдегі жасырын тұрған сөзді тауып, қазақ, орыс, ағылшын тілінде айту.

  1. Бірлігі жарасқан ... бұзылмас.

  2. Татулық - табылмас ...

  3. ...- ұлы қару.

  4. Адамды- ... үйретеді

  5. .... - таптырмас байлық.

  6. .... байқап сөйлер.

V тапсырма. «Тапқыр болсаң шешіп көр» ойыны.

«Лексика», «Өзім туралы» сөздеріне топтастыру стратегиясын қолдану.

Сөз байлығы

ауыспалы

мағына синоним жаспын ақылдымын

Өзім туралыыы

Лексика

антоним жақсымын бойшаңмын

тура мағына омоним студентпін әдемімін

Топпен ауызша жұмыс. Әр топтан 1 оқушы өзі туралы әңгімелейді.

III.Жаңа сабақ: Тұрақты сөз тіркестері. Киіз үй.

Жаңа тақырыпты слайдтар арқылы түсіндіру.

Тұрақты тіркес - сөздердің орны әбден қалыптасқан және құрамындағы сөздерден мүлдем басқа мағына беретін тіркес.

Тұрақты тіркес

сөйлемде бір сұраққа

жауап береді

құрамы тұрақты

басқа сөзбен алмастыруға келмейді бір сөйлем мүшесі болады

Күнделікті өмірде жиі қолданылатын тұрақты тіркестер:

апама жездем сай - ұқсас

айна қатесі жоқ - дәл, тұп-тура

айтқан сөз құлағынан ағып кетеді - түсінбейді

ақ саусақ - жалқау

төбе шашы тік тұрды - қорықты


1-жаттығу. Тұрақты сөз тіркестерді тауып, мағынасын түсіндіріңіз.

(үйрету, келісу, келіспеу, салттан аттау)

1

имеу

Бас

2

кесу

3

изеу

4

білдіру

(бой бермеу, шындықты айту, ұятқа қалдыру)

1

шіркеу

Бет(-ке)

2

айту

3

бақтырмау

(ұялу, жоқ болу, өлу, алдау)

1

болу

Жер

2

жұту

3

қаптыру

4

қабу

Сергіту сәті:

Ал, оқушылар «Кім көп біледі екен?» 1минут ішінде берілген тақырып бойынша көп мақал-мәтел айту. I топқа - үй, шаңырақ, II топқа - отбасы, ата-ана тақырыбы беріледі.

Ой қозғау.

Қазақтар жастар үйленгенде қандай тілектер айтады? Жалғастырыңыз.

Мысалы: тіккен отауларың құтты болсын!...

Бүгінгі біздің лексикалық тақырыбымыз отау, шаңырақ, кереге сөздерімен байланысты «Киіз үй» тақырыбына тоқталайық.

Ал, оқушылар олай болса «Киіз үй» тақырыбындағы бейне-материалды көріп тамашалайық.

Енді, «Киіз үй» тақырыбындағы жазба материалды тыңдайық.


Киіз үй

Киіз үй атамыз алаш, керегеміз ағаш, киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз деп аталы сөз айтып қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы. Шығу тарихы біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық - қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені, киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен-жайы, еншісі, баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланады. Киіз үйден қазақ халқының аспан әлеміне, есептеу жүйесіне, экономикалық біліктілігі, мәдениет пен өнердегі талғамы, жалпы өмір тәжірибесіндегі іске бейімділігі аңғарылады. Киіз үй тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды. Ол ағаш, киіз, ши ішінара күмістен құрастырылады, әрі көшпелі құрылыс түріне жатады. Дала тұрғындарының тапқырлық шешімін осы тұрғыдан қарап бағалаған әлем ғылымы мәдениеті мен өнерінің білімпаз сарапшылары дүниежүзілік халықаралық этнографиялық көрмелерде қазақтың осы өнеріне әрқашан жоғары баға беріп отырған. Мысалы, 1861 жылы Парижде өткен этнографиялық көрмеде қазақтың киіз үйіне Еуропалықтар таң қалып жүлделі орын берген. Германияның Гамбург Майындағы Франфурд қаласындағы мұражайларында да қазақ киіз үйлері бар.

Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер дөңгелек толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді.

Қазақы үйлер пайдалануына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді. Мысалы, қара үй - 3 қанат, қоңыр үй - 4 қанат, боз үй - 5 қанат, ақ үй - 6 қанат, ақ ала орда - 8 қанат, ақ орда - 12 қанат, ақ шаңқан -18 қанат, алтын үзік -24қанат, алтын орда - 30 қанат деп аталатын түрлері бар. Сол сияқты көшіп қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық жұмыс ретінде бейімделген үй түрлері де болады. Олар: қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп аталады. Жаңа үй болған жас шаңырақты отау дейді.

1-жаттығу. Мәтінмен сөздік жұмысы

киіз үй - юрта

баспана - жилище

дәріптеу - ценить

есептеу жүйесі - система исчисления

экономикалық білік - экономические знание, способность

жалғам - вкус

өмір тәжірибесі - жизненный опыт

іске бейімділік - гибкость к делу

сәулет - архитектура

құрылыс - строительство

дала тұрғындары - степные жители

білімпаз сарапшылар - ученые аналитики

этнографиялық көрме - этнографическая выставка

жас шаңырақ - молодая семья

2- жаттығу. Сөйлемдерді аяқтап, толықтырыңыз.

1.Шығу тарихы б.з.д. ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық -

2.Киіз үй қазақтың .....

3.Киіз үйден қазақ халқының ....

4. Киіз үй тек баспана ғана емес, ол - ....

5.Дала тұрғындарының тапқырлық шешімін осы тұрғыдан қарап бағалаған ....

6. Көшіп қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық жұмыс ретінде бейімделген үй түрі ....

7.Қазақы үйлердің пайдалануына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрлері

IV.Сабақты бекіту:

Кубизм стратегиясы. Кубиктің алты жағындағы сұрақтарға жылдам жауап беріңіздер.

1.Киіз үй қазақ халқы үшін несімен қадірлі?

2. Киіз үй қандай туынды?

3. Киіз үй неден құрастырылады?

4. Киіз үйге дүние жүзі халқы қандай баға береді?

5. Киіз үйдің неше және қандай түрлері бар?

Топтастыру стратегиясы

мақтанышы

Киіз үйдің түрлерімүлкі қазақтың

Киіз үйтұрағы

баспанасы мекен-жайы қазақы қалмақы

еншісі


алтын орда

ақшаңқан қара үй

Сән-салтанатына қарай

ақ орда қоңыр үй


боз үй

ала орда ақ үй


бір сөйлем мүшесі болады

Тұрақты сөз тіркесіқұрамы тұрақты сөйлемде бір сұраққа жауап

береді


басқа сөзбен алмасуға құрамындағы сөздер басқа

келмейді сөздердің орны мағына береді

әбден қалыптасқан


Тапсырма. Төмендегі кестеге қарап тұрақты сөз тіркесінің мағынасын түсіндіріңіз.

Тұрақты тіркес

Мағынасын түсіндір

Ит өлген жер

Тайға таңба басқандай

Тілді үйіреді

Көз шырымын алу

Ит тұмсығы өтпес

Қоян жүрек

Аузына ақ ит кіріп, қара ит шығу

Алыс

Сергіту сәті:

Күлкіңіз келсе -күліңіз !

«Әзілді де білмейсіз бе?»

Қожанасыр бірде таудың тіп-тік құз жолдарымен қиналып түсіп келе жатып:

-Иә, құдай, өзің жар бол, осы қиын-қыстау жолдарыңнан аман өткізсең, сенің жолыңа бір қошқар құдайы, -депті.

Таудың тік жолдарынан аман-есен түскен соң Қожекең:

-Есен-аман түстім ғой, -дей бергенде, есегі сүрініп кетіп құлап түсіпті.

Сонда Қожанасыр құлап жатып:

-Иә, құдай, әзілдеп айтып едім, әзілді де білмейсіз бе? -депті.

Оқушылар, осы Қожанасырдың қылығына орай қандай тұрақты сөз тіркестерін келтіруге болады? Ойланып, тез жауабын айтуға тырысайық.



© 2010-2022