Открытый урок по химии на тему Валентность 8 класс

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің валенттілігі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға химиялық элементтердің валенттілік мәндерін меңгерту.

Дамытушылық: Оқушыларға осы тақырыпты түсіндіру барысында ой өрісін, дүниетанымын кеңейту, пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік:Оқушылырға әртүрлі тапсырмаларды орындату арқылы білімін жетілдіру және белсенділігін, қызығушылығын ояту.

Оқыту әдістері:топпен жұмыс, жұппен жұмыс, өз бетінше жұмыс.

Тәсілдері: Ізденушілік, зерттеушілік .

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, бейнефильм, үлестірмелі тапсырмалар, бағалау кестесі, "Валеттілік " кестесі .

Құрал-жабдықтар: Оқушылар үстелінде және демонстрациялық үстелінде:натрий хлоридінің, аммоний хлоридінің, натрий карбонатының , темір(III) хлоридінің, мыс(II) хлоридінің, калий хлоридінің ерітінділері, лакмус, фенолфталеин, метилоранж.

Сабақтың жоспары

1. Валенттілік ұғымы

2. Валенттілік мәндері

3. Тұрақты валенттіліктер

4. Айнымалы валенттіліктер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Екі деңгейде берілген сұрақтарға оқушылар жылдам жауап беріледі.

І-деңгей

1.Функциялық денелерді құрайтын нәрсе. (Зат)

2.Құрамына кіретін заттардың бөлшектері микроскоп арқылы да көрінбейтін қоспалар. (Біртекті)

3.Сүзу қандай қоспаларды бөлудің түріне жатады? (Әртекті)

4.Темір мен күкірттің қоспасын қалай бөледі? (Магнитке тарт у)

5.Заттың химиялық бөлінбейтін ең ұсақ бөлшектері. (Атом)

6.Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массасы қандай

әріппен белгіленеді? (Аr)

7.Темір элементінің латынша аты. (Ғеrrum)

8.Сутектің таңбасы қалай оқылады? (Аш)

ІІ деңгей

1.Заттар және олардың қасиеттері мен өзгерістері туралы ғылым.

(химия)

2.Құрамына кіретін заттардың бөлшектерін жай көзбен немесе микроскоппен көруге болатын қоспалар. (Әртекті)

3.Суды қалай тазартады? (Дистелдеу)

4.Химиялық реакциялардың сыртқы белгілері. (Жылу бөлінуі, түсі,

өзгеру, тұнба түзілуі, газ бөлінуі)

5.Шынының балқуы, судың булануы немесе қатуы қандай құбылыс?

(Физикалық)

6.Атом-молекулалық ілімді ашқан кім? (М.В.Ломоносов)

7.Құрамы және химиялық қасиеттері заттың өзімен бірдей болып келетін көптеген заттардың ең ұсақ бөлшегі. (Молекула)

8.Атомдардың бір түрінен түзілген заттар. (Жай заттар)

ІІІ.Жаңа сабақ

Валенттілік туралы түсінік беру. Валенттілік - химиялық

элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілеті. Элементтердің валенттілік қасиеттерін алғаш рет анықтама берген ағылшын ғалымы Э.Франкленд 1852 ж.

Открытый урок по химии на тему Валентность 8 класс

Кейбір элементтердің валенттіліктері туралы кесте талданады.

Тұрақты валенттілік

Ауыспалы валенттілік

І валентті - H, F, Li, Na, K

IІ валентті -O, Be, Mg, Ca,Zn

III валентті - B, Al

І және ІІ - Cu, Hg

II және ІІI - Fe, Co, Ni

II және IV - C, Sn, Pb

III және V - P, N

II, III және VІ - Cr

II, IV және VІ - S II, IV және VІІ - Mn

Формула бойынша валенттілікті анықтағанда, бір элементтің барлық атомдарының валенттілік бірлігінің саны екінші элемент атомдары валенттілік бірлігінің санына тең болатыны ескеріледі. Сонымен, формула бойынша элементтердің валенттілігі былай

анықталады.

1.Заттың химиялық формуласын жазады және элементтің белгілі

валенттілігін қояды:

ІІ І ІІ ІІ

СuО, Н2S, SО3, Ғе2О3

2.Екінші элементтің валенттілігін табу үшін белгілі валенттілікті сол

элементтің индексіне көбейтіп, валенттілігі белгісіз элементтің

индексіне бөледі.

ІІ І ІІ VІ ІІ ІІІ ІІ

СuО, Н2S, SО3, Ғе2О3

Валенттілік бойынша химиялық формула құру

1.Қосылыстардың құрамына кіретін элементтердің химиялық

таңбаларын жазады:

КО, АlСl, АlО

2.Химиялық элементтердің үстіне валенттіліктерін қояды:

І ІІ ІІІ І ІІІ ІІ

КО, АlСl, АlО

3.Екі элементтің валенттіліктерін көрсететін сандардың ең кіші ортақ

еселігін анықтайды.

2 3 6

І ІІ ІІІ І ІІІ ІІ

КО, АlСl3, АlО

4.Ең кіші ортақ еселікті тиісті элементтің валенттілігіне бөлу

арқылы индексін табады (1 саны индексіне жазылмайды):

Сонда мынадай формула шығады:

К2О, АlСl3, Аl2О3

ІV. Бекіту кезеңі: І топ

1.Кубиктерде элементтердің аттары жазылған, элементтердің

таңбаларын және валенттіліктерін жазыңыздар.

Калий Натрий Азот Көміртек

Сутек Оттек Алюминий Темір

Кремний Магний Барий Мырыш

2. Тұрақты І валентті элементтерді жазыңдар.

3. Мына қосылыстардағы: ZnS, Al2S3, Na2S, PbS, Fe2O3 әрбір

элементтің валенттілігін қойыңдар.

4. Мына заттардағы: а) СаО, б) Р2О5, в) Fe2O3 әрбір элементтің массалық үлесін есептеп шығарыңдар.

ІІ топ

1.Формула бойынша валенттіліктерді табу К2S, NіО, Nі2О3,

Сr2О7, МnО2, Сu2О, Аs2О5, ZnО, В2О3, SnО2, SО3, НgО

2. Тұрақты ІІ валентті элементтерді жазыңдар.

3. Мына қосылыстардағы: СаО, FeCl3 , Н2О, Мg3N2, SiCl4 әрбір

элементтің валенттілігін қойыңдар.

4. Берілген қосылыстарды: а) СаО, б) H2SO4, в) SO2 құрайтын

элементтердің массалық үлестерін табыңдар.

ІІІ топ

Валенттіліктер бойынша формула құру

І ІІ ІV ІІ ІV І ІІІ І

LіО, NО, С Н, Р Н



ІІ ІІ ІІІ І ІV ІІ VІІ ІІ

ВаО, СrСl, SnО, МnО



V ІІ ІV ІІ І ІІ ІІІ ІІ

РО, СО, КО, ҒеО

Тапсырмалар тексеріледі.

V. Үй жұмысын беру: §11-12 оқулықтағы тапсырмалар орындау.

VІ. Бағалау. Оқушылардың алған білімдері бағалау парағы бойынша

бағаланады.





© 2010-2022