Жоғарғы жүйке қызметінің зақымдануы және оның алдын алу шаралары. 8 класс

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып:8 б Пәні: Биология Мұғалімі: Тажмағанбетова М.Ж

Сабақтың тақырыбы: §65 Жоғарғы жүйке қызметінің зақымдануы және оның алдын алу шаралары.

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділігі: жоғарғы жүйке жүйесінің қызметін ескере отырып, оның зақымдану себептерін айқындап, алдын алу шараларын үйрету;

2) Дамытушылығы: Ішімдікпен темекінің мінез-құлыққа әсерін айта отырып, ой-өрісін дамыту. Топпен ынтымақтастықта жұмыс жасай білу; өзінің және жолдастарының білімін өздігінен бағалау.

3) Тәрбиелігі: Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Маскүнемділік, нашақорлықтан аулақ болуға баулу.

Күтілетін нәтиже: оқушылар жоғарғы жүйке қызметінің зақымдануы мен алдын алу шараларын біледі.

Қолданылатын әдіс -тәсілдер: «Блум таксономиясы», диалог әдісі.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру: Тренинг«Саған айтарым бар...» Арқаға қағаз жабыстырылады, көршілес отырған бала қағазға саған айтарым бар деп сипаттама сөздерді жазады. Оқушыларға суреттер беру арқылы 4 топқа бөліп, отырғызу.

2. «Білу» Үй тапсырмасын тексеру. (оқушыларға ашық сұрақтар беріледі. Шығармашылық жұмыс: «Отбасы мүшелерінің мінез-құлығын зерттеу»)

3. «Түсіну». Топтарға мәтін беріледі, соган байланысты өз ойларын айтады. Сіз не ойлайсыз?, Сіз неге олай ойлайсыз? Мен... келісемін, себебі..., Мен келіспеймін, өйткені ....деген сұрақтар оқушыларды сыни ойлауға жетелейді.

4. «Қолдану» 1.Бейнекөрсетілім көрсету

2. Суреттер сөйлейді.

5. «Талдау» «Неліктен?» оқушылар келесі топқа 3 сұрақ әзірлейді. Топтар сұрақтармен алмаса.

6. «Жинақтау» 1- топ «Темекі тегін келмейді, теңгеге келеді» деп тақырып атын алып, жарнама көрсету.

2-топ.«Арақ ішіп, темекі шеккен, денсаулықтың түбіне жеткен» эссе жазу,

3-топ.«Біз нашақорлыққа қарсымыз!» презентация жасауға берілді.

4-топ. «Жоғары жүйке қызметінің зақымдануына жол бермеудің басты шарты- салауатты өмір сүру салтын ұстану » тақырыбына өлең шығару.

7. Бағалау

8. Кері байланыс «Маңызды 3»

1.Мен бүгін..................таныстым.

2. Мен ...........................тапсымаларды жақсы орындадым.

3. Топта .................тапсырмаларды жақсы орындады.

4. Мен ...............................көбірек білгім келеді.

5. Мен болашақта...........................







Сынып: 8б

Тажмағанбетова Мирамгүл Жамбылқызы

Тақырыбы:

§65 Жоғарғы жүйке қызметінің зақымдануы және оның алдын алу шаралары.

Мақсаты:

1) Білімділігі: жоғарғы жүйке жүйесінің қызметін ескере отырып, оның зақымдану себептерін айқындап, алдын алу шараларын үйрету;

2) Дамытушылығы: Ішімдікпен темекінің мінез-құлыққа әсерін айта отырып, ой-өрісін дамыту. Топпен ынтымақтастықта жұмыс жасай білу; өзінің және жолдастарының білімін өздігінен бағалау.

3) Тәрбиелігі: Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Маскүнемділік, нашақорлықтан аулақ болуға баулу.

Тапсырмалар:

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар жоғарғы жүйке қызметінің зақымдануы мен алдын алу шараларын біледі.

Қолданылатын әдіс -тәсілдер:

«Блум таксономиясы», диалог әдісі, талқылау, талдау.



Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

5 минут

1. Ұйымдастыру:

Тренинг«Саған айтарым бар...» Арқаға қағаз жабыстырылады, көршілес отырған бала қағазға саған айтарым бар деп сипаттама сөздерді жазады. Оқушыларға суреттер беру арқылы 4 топқа бөліп, отырғызу.

Бұл тренингке оқушылар саған айтарым бар деп көршілес отырған оқушының арқасына сипаттама жазады. Төрт топқа бөлініп отырады.

Қағаз, маркер, суреттер

10 минут

2.«Білу» Үй тапсырмасын тексеру.

1-тапсырма. «Миға шабуыл» оқушыларға жабық және ашық сұрақтар қойылады. 1-қосымша

2-тапсырма. Шығармашылық жұмыс: «Отбасы мүшелерінің мінез-құлығын зерттеу»


Оқушылар сұрақтарға жауап береді, өз ойларын толықтырып пікір алмасады. Отбасы мүшелерінің мінез-құлығына сипаттама береді және өзін және өзгені тани бастайды.


10 минут

«Түсіну». Топтарға мәтін беріледі, соған байланысты өз ойларын айтады. Сіз не ойлайсыз?, Сіз неге олай ойлайсыз? Мен... келісемін, себебі..., Мен келіспеймін, өйткені ....деген сұрақтар оқушыларды сыни ойлауға жетелейді.

Мәтінмен толық танысып, жеке пікірлерін және топтық пікірмен санасып, сыни ойлай бастайды.


7 минут

«Қолдану»

1.Бейнекөрсетілім көрсету. «Ішімдіктің жүрекке әсері» бейнекөрсетілім көрсетіледі, талдайды.

2. Суреттер сөйлейді.

Көрсетілімді талдайды, талқылайды, өз ойларын айтады. Суреттерді сөйлетеді.

суреттер

3

минут

5.«Талдау» «Неліктен?» топтарға сұрақтар беріледі, «неліктен?» деген сұраққа жауап береді. 2-қосымша

Топтар «неліктен?» сұраққа жауап іздеп, топта талқылап, талдайды және топ мүшелері жауап береді.

маркер, постер

5

минут

6. «Жинақтау»

1- топ «Темекі тегін келмейді, теңгеге келеді» деп тақырып атын алып, жарнама көрсету.

2-топ.«Арақ ішіп, темекі шеккен, денсаулықтың түбіне жеткен» эссе жазу,

3-топ.«Біз нашақорлыққа қарсымыз!» презентация жасауға берілді.

4-топ. «Жоғары жүйке қызметінің зақымдануына жол бермеудің басты шарты- салауатты өмір сүру салтын ұстану » тақырыбына өлең шығару.

Топтар өздеріне берілген тапсырмаларды орындап, өз шығармашылықтарын ұштайды, өзіндік пікірлері қалыптасады.

Постер, маркер,

2

минут

7. Бағалау



Оқушының аты-жөні

Өзін-өзі баға

лауы

Топ басшы

сының бағалауы

Мұғалімнің бағасы

Қорытынды









Бағалау парақша

лары

3 минут

8. Кері байланыс «Маңызды 3»

1.Мен бүгін..................таныстым.

2.Мен .....................тапсырмаларды жақсы орындадым.

3. Топта .................тапсырмаларды жақсы орындады.

4. Мен ...............................көбірек білгім келеді.

5. Мен болашақта...........................









1-қосымша

1-топ. Жоғары жүйке қызметінің қалыпты жүруі үшін гигиеналық шараларды естен шығармау қажет. Ми қыртысының қажуынан ағзадағы көптеген мүшелер жүйесінің қызметтері бұзылады.

  • Есте сақтау қабілеті нашарлайды.

  • Ағзаның жұмыс істеу белсенділігі төмендейді.

  • Сыртқы ортаның әсерлеріне төзімділігі нашарлайды.

  • Біркелкі дене еңбегі бұлшықеттердің ми қыртысындағы жүйке орталықтарының қажуына әсер етеді. Сондықтан ой еңбегі мен дене еңбегін алмастырып отыру қажет. Бұл кезде өндірістік және дене шынықтыру жаттығуларын жасаудың маңызы зор.

2-топ

Ішімдіктің жүйке жүйесіне мінез-құлыққа әсері.

Ішімдік ми қыртысының жұмысын тежейді. Бұл кезде ми қыртысы мидың қыртысасты бөлігіндегі жүйке орталықтарына бақылау жасай алмайды. Ішімдік ауыз қуысында және қарында бірден қанға өтеді. Ішімдікті ішкеннен кейін 2 минут ішінде қанға өтіп, бүкіл ағзаға таралады. Ішімдіктің әсерінен жүйке жасушаларындағы майлар тез еріп, улы заттар пайда болады. Жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелудің үйлесімділігі бұзылып, қозғалыс әрекеттері адам еркіне бағынбайды.

Ішімдіктің зиянды әсерлері.

  1. Арақ ішкен адам ақыл-есінен айырылып, жындыға айналады, елге күлкі болады;

  2. Маскүнемдік ағайын-туыс, жақын адамдардың арасына араздық салады;

  3. Арақ адамды арсыздыққа, опасыздыққа, зинақорлыққа жетелеп,

  4. Арақ барша жамандыққа жол ашып, қылмысқа итермелейді;

  5. Арақ теңгені ысырап етеді, отбасындағы татулықты кетіреді және т.б

3-топ.

Ішімдікті үнемі пайдаланатын адамдар маскүнемдік ауруына шалдығады. Маскүнемдікке шалдыққандардың ішімдікке ынтасы ауып тұрады. Маскүнемдік ауруының 3 кезеңін ажыратады:

  1. Бастапқы кезеңінде - ағзада ерекше өзгерістер байқалмайды;

  2. Екінші кезеңінде - ішкі мүшелердің қызметі бұзылады, психикалық өзгерістер байқалады;

  3. Үшінші кезеңінде адамның әрдайым ішімдік ішкісі келеді, жүйке жүйесі бұзылады. Ішімдіктің әсері ағзада 1-2 туәлік бойы сақталады.

Маскүнемдік ауруы адамның жеке басына, отбасына және ұжымдағы еңбегіне кері әсеріне тигізеді.

4-топ.

Күнделікті кездесетін қылмыстардың 50℅-ы ішімдікпен байланысты екені дәлелденген. Ішімдікті көп пайдаланған отбасылардың балалары жүйке жүйесінің аурымен жиі ауырады. Маскүнемдер отбасы,қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінбейді.Ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлмейді,еңбек ету ережелерін орындамайды.Маскүнемдіктің адам өмірін 15 жылға қыскартатыны анықталған.

Маскүнемдікпен күрес-қоғамның әлеуметтік әрі медициналық мәселелерінің бірі.маскүнемдік ішкі мүшелердің көптеген ауруларына (мысалы,бауырдың беріштенуі,қарынның қабынуы,т.б.) әкеліп соғады.

5-топ.

Жоғары жүйке жүйесінің қызметіне темекі тартудың да зиянды әсері бар. Темекі түтінінен 3600-ге жуық әр түрлі зиянды заттар бөлінеді.Темекі құрамындағы никотин уынан мидың есте сақтау қабілеті төмендейді,ми тез қажиды.Қазіргі кезде жүйке жүйесін улайтын заттардың ең қауіптісі есірткі.есірткі заттары: апиын,морфий,марихуана,героин,гашиш және т.б. Мұндай заттар ағзадағы зат алмасу үдерістеріне қатысады.Есірткі және басқа улы заттар жүйке жүйесіне әсер ету арқылы ағзаның қорғаныштық қасиетін төмендетеді.есірткі заттарды пайдаланушыларды нашақорлар деп атайды.Ресми деректер бойынша дүние жүзінде 142 млн адам үздіксіз марихуана тұтынады.қазақстанда 53 мың нашақор тіркелген.Олардың 1500-і кәмелет жасына толмағандар.Есірткінің дәмін татқан нашақорлар есірткі заттарға тәуелді болып,онсыз өмір сүре алмайтындай сезінеді.Нашақорларды емдеу өте қиын.сондықтан да есірткіге қарсы күрес әлеуметтік мәселелердің ең күрделісі болып саналады.Жоғары жүйке қызметінің қалыпты болуы-адам денсаулығының басты көрсеткіші.жоғары жүйке қызметінің зақымдануына жол бермеудің басты шарты-салауатты өмір сүру салтын ұстану.

























© 2010-2022