Сабақ Химиялық формулалар 8 сынып

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Химия пәні мұғалімі Жаниярова Самалдың қысқа мерзімді жоспары

8 сынып

Сабақ

Сабақтың тақырыбы

Химиялық формулалар

Сілтеме

Химия оқулығы , авторлары Н. Нұрахметов, К. Сарманова, К. Жексембина, ғаламтор мәліметтері, химия есептер жинағы.

Сабақтың мақсаты

Заттың сандық және сапалық құрамын білдіретін химиялық формула жайлы білім қалыптастыру.Заттың салыстырмалы молекулалық массасын тауып үйрету. Ол заттың құрамына қандай элемент, оның қанша атомы өзара қандай қатынаста кіретінін түсіндіру. Заттың химиялық формуласы арқылы, оның салыстырмалы молекулалық массасы есептеуге оқушыларды машықтандыру, есептер шығара отырып ойларын дамыту.

Әдіс- тәсілдер

Топтық жұмыс, АКТ, эссе, әңгіме, ашық - жабық сұрақтар, тәжірибе, топтастыру, кері байланыс.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Бағалау

І.

Психологиялық ахуал туғызу

Ынтымақтастық атмосферасын тудыру.

Бір- біріне жақсы тілектер айту.

ІІ.

Үй тапсырмасын сұрау

Топпен жұмыс

Химиялық элемент жайлы түсінікті нақтылап, олардың әрқайсысына тән белгілерін, жай және күрделі зат жайлы түсініктерін тексеру мақсатымен 10 минуттық тексеру жұмысы жүргізіледі.

1-тапсырма. Аттарына сәйкес келетін химиялық элемент таңбасын танып білу. (Мұғалім элемент аты жазылған карточканы көрсетіп , жаппай немесе жеке айтқызады).

2-тапсырма. Элемент таңбасына қарай отырып, атын ата ( енді мұғалім элемент атомының символын көрсетеді, оқушылар оның аталуын табады).

3- тапсырма. Бірнеше элемент символы көрсетіледі.Оқушылар оқулықтағы кестені пйдалана отырып, олардың салыстырмалы атомдық массаларын табады.

Сұраққа жауап беруіне байланысты ұпай жинайды.

Тақырыпты ашу.

1.Химиялық формула дегенміз не қалай ойлайсыңдар? Деген сұрақ қойылады.

Әркім пікірлерін білдіреді.

Ынталандырушы сөздер

ІІІ.

Жаңа тақырыпты меңгеру

Топтастыру әдісі

Топтарға мәтін беріледі.Жаңа сабақтың мазмұнын меңгеруне бағыттау. Топтардың жұмысын бақылап, бағалайды.

Мәтін бойынша іштен оқып, жұпта талқылап, топ мүшелері түсіндіреді. Бір- біріне сұрақ қояды.

IV.

Бекіту. Жеке жұмыс

Тапсырмалар мен сұрақтар беру.

Жай зат азоттың N2 және күрделі зат көмір қышқылының H2CO3 салыстырмалы молекулалық масса сын есептеп шығарыңыз.

2. Кальций фосфатының Са3(РО4)2 салыстырмалы молекулалық массасын есептеп шығарыңыз.

3. Химиялық формула дегеніміз не?

4. Заттың салыстырмалы молекулалық массасы дегеніміз не?

5. Формулада индекс нені көрсетеді?

6. Формулада коэффициент нені көрсетеді?

7. Мына заттардың химиялық формуласын жазыңдар: сутек атомы,сутек молекуласы,оттектің екі атомы,оттектің молекуласы,сутектің екі молекуласы.


2. Артығын тап ойыны,жай заттардың ішінен күрделі затты табады..

Өз білімдеріне сүйеніп, қорытынды жасай алады.

Мұғалімнің жиынтық бағалауы.

V.

Бағалау

Бүгінгі сабақта не үйрендің?

Өз пікірлерін білдіреді. Өз жұмыстарына баға береді.

VІ.

Кері байланыс

Көңіл- күйлеріңді білдіріңдер.

.

VІІ.

Үйге тапсырма

Химиялық формулалар. Химия есептер жинағынан есептер.






© 2010-2022