Тақырыбы: Фосфор оның қосылыстары (9-сынып)

Сабақ  тақырыбы:  Фосфор Мақсаты: а)«Фосфор, оның қосылыстары» тақырыбы бойынша білім бере отырып, пәнге қызығушылықтарын арттыру. Ә). Логикалық ойлау, өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту.   Б)Оқушыларды ұжымдыққа, алғырлыққа, фосфор элементінің биологиялық маңызын өмірмен ұштастыра білуге тәрбиелеу «Кім жылдам» ойыны 1. Азоттың сутекті қосылысы қалай аталады? (аммиак) 2. Азоттың металдармен қосылысында қандай тұз түзіледі, ол қалай аталады? (нитрид)  «Кім жылдам» ойыны 1. Азоттың суте...
Раздел Химия
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

9- сынып ай-күні:

Сабақ тақырыбы: Фосфор

Мақсаты: а)«Фосфор, оның қосылыстары» тақырыбы бойынша білім бере отырып, пәнге қызығушылықтарын арттыру.

Ә). Логикалық ойлау, өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту.

Б)Оқушыларды ұжымдыққа, алғырлыққа, фосфор элементінің биологиялық маңызын өмірмен ұштастыра білуге тәрбиелеу

Сабақ түрі: Аралас

әдісі: Ой-қозғау, өзара оқыту, кім жылдам? Сен білесің бе? Жұмбақ, топтастыру

Көрнекілігі: Периодтық кесте

Пәнаралық байланыс: физика

Сабақ жоспары: І.Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Үй жұмысы:

«Кім жылдам» ойыны

1. Азоттың сутекті қосылысы қалай аталады? (аммиак)

2. Азоттың металдармен қосылысында қандай тұз түзіледі, ол қалай аталады? (нитрид)

3. Ауаның неше пайызын азот құрайды? (78)

4. Азот қышқылының тұзы қалай аталады? (нитрад)

5. Аммиактың судағы ерітіндісі қалай аталады? (мүсәтір спирті)

6. Азотты кім, қай жылы ашты?

7. Азот қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?

8.Азоттың атомдық массасы қанша?

9.Аммоний тұздарына мысал келтір

10.Аммиак қандай зат?

Жаңа сабақ.Қызығушылықты ояту

Ой-қозғау

Жұмбақ.

3-периодтың,3-қатарында, v- топтың негізгі топшасының элементі, атомдық массасы 30-ға тең, реттік нөмірі 15 айнымалы валенттілік көрсетеді. Бұл қай элемент ( Фосфор)

Мағынанытану. Өзара оқыту. Мәтін бөліктерге бөлінеді. Оқушылар мұғалім ролінде кезекпен оқиды, басқалары тыңдап, кезекпен оқып отырады

Мәтінді оқып қойылған сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Фосфорды «ақыл-ой элементі» деп атаған ғалым.(Ферсман).

2. Зират пен батпақты жердегі «жарқырауық оттардың» пайда болу себебі.

(Фосфин,дифосфин тотығады. Олар ағзадан органикалық заттар ыдырағанда түзіледі).

3. Фосфор қайда кездеседі?

4. Фосфордың ең көп тараған түрі.(ақ фосфор).

5. Фосфор қайда қолданылады?

«Сіз белесіз бе?»

Нағыз кір жуғыш заттар құрамында 20 пайыз синтетикалық жуғыш құрамдастары мен 30 пайыз бейорганикалық фосфаттар болады. Фосфаттар кальцидің ерімтал тұздарынан суды тазартады. өкінішке орай бұл фосфаттар жуынды сулармен бірге өзендер мен көлдерге, бұлақтарға түседі. Олар кейбір балдырлар үшін жайлы орта болып табылады, балдырлар тым көп қаулап өсіп, суда еріген оттекті азайтады да, өзендер мен көлдердің батпақтануы басталады.

Қосымша мәлімет.

«Фосфор - тіршілік пен ақыл-ой элементі».

Фосфор жалбыз, балдыр сияқты өсімдіктерде болады. Әсіресе балықта көп.

«Философиялық тас» аталған, салқын сәулелі, жалынсыз жарық шашқан фосфор элементі о баста адам денесінен табылып, оның құпиясын алхимиктер білген. 1715 жылы Генсинг есімді алхимик адам миынан, 1769 жылы Ган адам және жануар сүйегінен фосфорды бөліп алған. Орташа салмағы 70 кг ересек адамда шамамен 1,5 кг немесе 2,14 пайыз фосфор болады. Оның 600 г сүйекте, бұлшықетте - 35, ми мен жүйке тамырларында 12 г. Сол сияқты сүйек пен оның сыртындағы сырлы құрамда да фосфор қосылысы кездеседі. Ол, әсіресе, жас сәби мен жасөспірімдерге өте қажет.

Бір тәуліктегі тағам арқылы әрбір адам күніне шамамен 1-1,2 г фосфорды қабылдайды. Ал фосфор органикалық қосылыстың нуклейн, амин-қышқылдарының құрамына еніп, оларда негізгі орын алады. Осы тұста назар аударатын қызықты жай бар. Фосфордың ең көп таралған негізгі түрі - ақ фосфор. Оның улы екені белгілі. Егер бір адамдағы фосфорды бөліп алса, ол 6500 кісіні толық уландырады.

Фосфордың қолданылуы

Таза фосфор жартылай өткізгіш ретінде радио мен электротехникада, прибор жасауда қолданылады. Металдарға қосып жаңа құйма алады. Металдардың коррозияға төзімділігі артып, оңай өңделеді. Мысалы, фосфорлы шойын мен қоланы алуға болады. Егер фосфор қосылмаса құйған қалыптың кішкене қуыстары толмай қалады. Мұндай шойыннан өрнекті зергерлік бұйымдар, қоладан ескерткіш, сәндік бұйымдар жасалады.

Аса улы фосфорлы уландырғыш қосылыстар соғыс кезінде қолданылғаны белгілі. Фосфорорганикалық қосылыстар пестицидтер, гербицидтер, пластмассаға қосатын заттар, флотаторлар әзірленеді. Әрбір үйдегі хлорофос, дихлофосты бәріміз білеміз. Емдік мақсатта да қолданылады. Фитин, глицерофосфат жүйке, бұлшықет, сүйек жұмыстарын жақсарту үшін қолданылады.

Тірі ағза, өсімдік өлгеннен кейін жердегі судың химиялық әсерінен ыдырағанда, ондағы фосфор, сутекті фосфор фосфинге айналады. Ол өте жеңіл газ, жер бетіне шығысымен ауадағы оттекте жанады.

Фосфор адам ағзасында.

Дене массасы 70 кг адамның ағзасында шамамен 780 г фосфор болады. Кальций фосфаты түрінде адам мен жануарлардың сүйектерінде болады. Нәруыздың,фосфолипидтердің, нуклеин қышқылдарының құрамында болады, фосфор қосылыстары энергия алмасуға (АТФ) қатысады. Адам ағзасына қажетті фосфордың күнделікті мөлшері -1,2г. Оның негізгі бөлігін

Сүтпен және нанмен (100 г нанда 200мг фосфор болады) қабылдаймыз.Фосфорға аса бай балық өнімдері(100г өнімде 180мг фосфор),лобияда (100г өнімде 540мг),сырдың кейбір түрлерінде (100г-да 600).

Ойтолғаныс.

Топтастыру.

Жұмбақ

Біз негізгі үш егіз жігітпіз: мен - Ақбаймын, Қарабай, Қазбек деген ағаларым бар. Түріміз де, мінезіміз де ұқсайды. Менің мінезім нашар, тез тұтанып шыға келем, өзім улы заттар қоймасында істеймін. Ағаларым маған қарағанда момын, Қарабай әскери адам, түтінін бұрқыратып темекі шегеді де жүреді. Ал Қазбек сіріңке зауытының директоры.

Мен және менің туыстарым кімдер?

Жауабы:

Р - Фосфор

Үйге тапсырма: Оқу, Сөзжұмбақ

Бағалау:






© 2010-2022