Химия пәнінен сабақ жоспары (8сынып) Оттектің аллотропиясы және озон

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы. Оттектің аллотропиясы және озон

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оттектің аллотропиялық түр өзгерісі - озонның физикалық қасиеттерін сипаттау, тұрақсыз қосылыс, тез ыдырап, оттекке айналуын және күшті тотықтырғыш екенін түсіндіру.

Дамытушылық: табиғатта таралуын, пайдалы жақтарын айту, логикалық ойларын дамыту.

Тәрбиелік: ғылымға, пәнге қызығуға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: оттек пен озон молекулаларының модельдері.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Өткенді қайталау

1.Берілген формулалардың оксидтердітеріп жазып, аттарын атаңдар.

H2SO4 , Al2O3 , NaOH, K2SO4 , SiO2 , CH4 , MgO

NaCl, SO2 , KNO3 ,Fe2O3 , SiO2 ,SiH4 , KOH.

H2SO3 , KCl, H2O, CH4 , P2O5 , NaOH, ZnO.

CO2 , Na2SO4 , KNO3,CaO, HCl, Cu, KOH.

2. Мына сызбанұсқа бойынша реакция теңдеулерін жазыңдар:

1-нұсқа 2-нұсқа

Mg→MgO Zn→ZnO

N2 →N2О5 Al→Al2O3

Na→Na2O H2→H2O

3. Жаңа сабақты түсіндіру

1.Оттектің аллотропиялық түр өзгерісі - озон.

Формуласы - О3 грекше «озо» - иісті газ деген ұғымды білдіреді.

↑,Т(көкшілдеу)(өзіне тән ерекше), Н2О-да аз ериді, Т=-1120С, Т=-1930С, О2-ден 1,5 есе ауыр. Күшті тотықтырғыш, бояғыш заттарды түссіздендіреді, Оны қолдану арқылы ауыз су мен ағын судағы, бөлме ауасындағы бактерияны жояды.

Озон электр зарядтарының әсерінен табиғатта найзағай ойнағанда және ормандарда қылқанды ағаштардың шайыры тотыққан кезде найда болады.

Найзағай жаңбырдан соң шығатын ерекше иіс - озонға тән.

Тұрақсыз қосылыс: О3 → О2 + О О + О → О2

Аллотропиялық түр өзгерісі дегеніміз не? Анықтама беру.

О3 + 2КІ + Н2О = О2 ↑+ І2↓ + 2КОН

Озоны бар ауаны калий иодиді ерітіндісіне жіберсе иод бос күйінде бөлінеді. Жаңбырдан соң ауада озон мөлшері 0,00001% болғанның өзінде ауаны тазартып, таза оттекпен демалуға мүмкіндік туады.

Озон шамамен 25км биіктікте жер бетіндегі ауа атмосферасын түгелдей қоршаған 2-3 мм қабатша түрінде болады. Атмосферадағы озон қабатының қызметі ерекше, ол Күннен келетін ультракүлгін сәулені жұтып, оның күйдіргіш әсерін азайтады.

4. Бекіту

  1. Аллотропия, аллотропиялық түр өзгерісі дегеніміз не?

  2. Не себепті оттекті тотығу процесінде, ал озонды бактерияны жою үшін пайдаланады?

  3. Озонның түзілуі және оның табиғаттағы маңызы қандай?

  4. Озонды лабораторияда қалай алуға болады?

Үйге тапсырма беру: §25. 6,7 жаттығу.



© 2010-2022