Химиядан зертханалық жұмыстар8 класс

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақтобе облысы Алға ауданы

Бестамақ орта мектебі





Химиядан зертханалық жұмыстар8 класс

Химия пәнінен таңдаулы курс бағдарламасы

«Химиялық есептер шығарудың тиімді тәсілдері»

(8 класқа арналған)

2013-2014 оқу жылы

Алға аудандық білім бөлімінің әдістемелік кеңесінде бекітілді.

Хаттама № ______ «_____» _________________ 2013 жыл

Алға аудандық білім

бөлімінің әдіскері ТокманбетоваР.А.

Құрастырған Бестамақ орта мектебінің екінші

санатты химия пәнінің

мұғалімі Искакова А.О.

Пікір жазған Бестамақ орта мектебінің

бірінші санатты химия пәнінің

мұғалімі Курманова Л.Б.


Бұл бағдарлама оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында орта мектепте мемлекеттік стандартқа сай білім алу деңгейін қамтамасыз ете отырып әр түрлі қосымша ақпарат көздерімен жұмыс істеуге, өз бетімен қорытындылар жасауға үйретуге негізделген.

Пікір

Бестамақ орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі А.О .Искакованың ұсынып отырған бағдарламасы химияны меңгерудің терендететін деңгейін қалыптастыруды қамтамасыз ететін негізгі бағдарламалық курстың толықтыруы, онда қамтылмай қалған қажетті материалдарды оқушыларға қосымша беру. Бағдарламада теориялық материалдар, зертханалық жұмыстар, оқушылардың курс бойынша алған білімін тексеру мақсатында тест жұмыстары толық қамтылған.Білім негізін меңгерумен қатар оқушылардың көп қырлы дүниеден өз жолын табуға қызығушылығын арттыру, іздену бағытын дамытуға айтарлықтай өз көмегін тигізеді деп сенемін.



Түсінік хат

Қазіргі оқу бағдарламасына сәйкес химия пәнінен 8- сыныпқа арналған «Химиялық есептер шығарудың тиімді тәсілдері» атты таңдаулы курстың жоспарын ұсынып отырмын.

Аптасына 0,5 сағатқа, жылына 17 сағатқа есептеліп жасалған. Химияны оқып-үйренгенде жаттығулар орындау мен есептер шығарудың алған теориялық білімді бекітіп, проблемалық жағдайларда оқушыларды шығармашылықпен шешім қабылдауға және жүйелі ойлауға үйретуде маңызы зор. Есептер шығарып, жаттығулар орындау білімді тексеру ғана емес, сонымен қатар оқушыларды өздігінен ізденуге де дағдыланады. Оқушылар өз білімдерінің жетіспейтін жерлерін анықтап, онымен жұмыс істеуге, қосымша және арнайы әдебиеттерді пайдалануға үйренеді. Есеп шығару барысында оқушының білімі,зердесі, ойлау қабілеті дамумен қатар, химиялық білімді, заңдарды, құбылыстарды тереңірек түсінуі қалыптасады. Кейбір есептерді шығарудың бірнеше әдістері беріледі.

Мақсаты:Химиялық есептер шығару арқылы оқушылардың ой-өрісін арттыру, теориялық білім мен тәжірибе арасындағы байланысты жүзеге асыру, оқушылардың химиялық қисынды ойлауын өрістеу, білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік жасау, табандылық, іскерлік, ізденгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру, оқушылардың танымдық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, оқушының жеке қызығу мүмкіндіктерін ашу. Міндеттері:

  • Жаттығулар мен есептер шығару барысында оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық қабілетін, химия пәніне қызығушылығын арттыру;

  • Өздігінен істейтін жұмысты орындаудың әртүрлі әдістеріне үйрету және салыстыру нәтижесінде «қорытынды жасау, логикалық ойлау дағдысын» қалыптастыру;

  • Оқушының жеке интеллектуальды дамуы, бойындағы мүмкіндік деңгейін анықтау, жалпы рухани дамуын, танымдық белсенділігін арттыру, шығармашылық әрекетін дамыту.

  • Күтілетін нәтиже:

Алдына мақсат қойып,оған жету жолында тынымсыз ізденгіш,қиялы бай, ойы кең, шыдамды да алғыр, жан-жақты, дербес жеке тұлға тәрбиелеу.

Курстың оқу-тақырыптық жоспары

Тақырыбы

Сағат

саны

Мерзімі

Ұйымдастыру

формалары

1

Кіріспе

1


Лекция

2

Күрделі зат құрамындағы элементтердің массалық қатынастарын, массалық үлестерін есептеу.

1


Практикум

3

Зат мөлшері.

1


Лекция

4

Молярлық масса, молярлық көлем.

1


Практикум

5

Авогадро саны

1


Практикум

6

Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер

1


Лекция

7

Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер

1


Практикум

8

Газдардың көлемдік қатынасы

1


Практикум

9

Термохимиялық теңдеулер бойынша есептеулер

1


Лекция

10

Ерітінді тығыздығы

Ерігіштік

1


Практикум

11

Орынбасу реакциясына байланысты есептеулер

1


Практикум

12

Химиялық формуланы анықтау есептері

1


Лекция


13

Теңдеулер бойынша есептеулер мысалдары

2


Практикум

14

Заттың сапалық құрамын анықтау

2


Лекция

Практикум

15

Эксперимент есептерінің түрлері және шығару тәсілдері

1


Лекция


16

Бастапқы заттың біреуі артық мөлшерде берілгенде реакция өнімін есептеу

2


Лекция

Практикум

17

Қорытынды сабақ

1


Тест







Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ә.Темірболатова «Есептер мен жаттығулар жинағы». Алматы «Мектеп» 2005,2009

  2. И.Нұғманов,Р.Жұмаділова,Ж.Аганина «Есептер мен жаттығулар». Алматы «Мектеп»2009

  3. Ә.Темірболатова «Есептер мен жаттығулар». Алматы «Мектеп» 2004

  4. Ә.Темірболатова, Н.Сағымбекова, С.Әлімжанова «Химия» Тапсырмалар жинағы 11 Алматы «Мектеп» 2007

  5. И.Нұғманов, Р.Мулкина «Химия» оқу кітабы. Алматы «Мектеп» 2009

  6. Т.Т.Омаров, М.Р. Танашева «Бейорганикалық химия» Алматы 2008

  7. Р.Болатқұлова «Органикалық химия сабақтарында есептер мен жаттығуларды пайдалану». Алматы

  8. Тест жинақтары 2003-2011жж

  9. «Химия мектепте» журналы

  10. «Химик анықтамалығы» журналы


© 2010-2022