Түймедақтың фитохимиялық анализі мақаласы

Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Ашутасты ауылы, А.С.Макаренко орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі: Зейнекешова Кунсулу Нурлыбековна         Жерді жасыл планета деп атайды. Бұндай атау өсімдіктерге байланысты берілген. Өсімдіктер әлемі адамға байлық ретінде емдік өсімдіктерді сыйлаған. Олар әр уақытта өмірдің негізі, яғни тағамдық және емдік қасиетімен белгілі. Халықтық фитотерапияның тарихы жалпы адамзат тарихымен тығыз байланысты. Кейбір мемлекеттерде қазіргі кезде де фитотерапия емдеудің...          Көмірсулар - молекуласы көбінесе, көміртек, сутек және оттегі элементтерінен тұратын органикалық қосылыстар. Көмірсулар – қасиеттері жағынан оксиальдегидтерге және оксикетондарға жақын, табиғи заттардың бір тобы. Көмірсулардың маңызы өте зор. Олар өсімдік жасушаларының негізін құрайды және қоректік заттардың қоры (крахмал) түрінде жиналады. Эфир майы - ұшпа заттар. Химиялық құрамы жағынан бұл әр түрлі заттардың күрделі қоспасы. Ол жемістерде, кейде жер астындағы бөліктерінде аз мөлшерлер...
Раздел Химия
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Ашутасты ауылы,

А.С.Макаренко орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі:

Зейнекешова Кунсулу Нурлыбековна


Жерді жасыл планета деп атайды. Бұндай атау өсімдіктерге байланысты берілген. Өсімдіктер әлемі адамға байлық ретінде емдік өсімдіктерді сыйлаған. Олар әр уақытта өмірдің негізі, яғни тағамдық және емдік қасиетімен белгілі. Халықтық фитотерапияның тарихы жалпы адамзат тарихымен тығыз байланысты. Кейбір мемлекеттерде қазіргі кезде де фитотерапия емдеудің негізгі әдісі ретінде қолданылуда. Мысалы, Африка елдерінде, Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің тұрғылықты халқы тек қана өсімдіктермен емделеді. Өсімдіктердің емдік қасиеттері туралы мәліметтер ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде тапсырылған.

Бір өсімдіктің құрамында химиялық қосылыстардың әртүрлі класы - флавоноидтар, иілік заттар, витаминдер, органикалық қышқылдар болғандықтан белгілі бір ауруға байланысты қасиетін анықтау қиын болған. Химиялық қосылыстардың әр класына сай емдік эффект байқалады, олар қосылып жаңа активті түрге ие бола алады [1].

Қазақстан әртүрлі пайдалы өсімдіктерге бай, оның ішінде дәрілік өсімдіктердің алатын орны ерекше. Кейінгі кездерде дәрілік өсімдіктерге деген талап та біршама өсті.

Табиғатта дәрілік өсімдіктердің қорын көптеп сақтау үшін, оларды дұрыс пайдалана білу керек, ол үшін өсімдіктердің тек сыртқы түрін ғана емес, сонымен бірге олардың өсу жағдайларын, емдік қасиеттерін, қолданылуын, ең бастысы дұрыс жинау ережелері мен мерзімін білу қажет. Қазіргі кезде емдік қасиеті жағынан кеңінен қолдау тапқан түймедақ гүлінің құрамын зерттеу.

Түймедақ тау шалғынында, жол маңайында, бақтарда, үйдің айналасында кездеседі. Сондай-ақ өзендер мен бұлақтардың жағалауларында өседі. Қазақстанда түймедақтың бірнеше түрі бар. Пайдалы өсімдіктердің бірінен саналады.

Дәрілік түймедақ - биіктігі 35 см-ге дейін жететін бір жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыры тік, жіңішке, ашық қоңыр түсті. Сабағы түзу, бұтақтары көп. Жапырақтары кезектесіп жарыса орналасқан, отырмалы, қауырсын тәрізденіп, жіңішке жапырақшаларға тілімделген. Гүл сабағы ұзын, тостағаншасының шеті ақ түсті, ортасындағылары түтік тәрізді, сары

түсті гүл тәжі 5 жапырақшадан тұрады. Жемісі - қоңыр түсті тұқымдар. Мамыр айынан қазан айына дейін гүлдейді [2].

Дәрілік түймедақ шабындықтарда, далалы аймақтарда, егістік араларындағы бос жерлерде өседі. Дәрі үшін өсімдіктің гүлдерін сабағынан үзіп, жинап алады. Құрамында эфир майлары, гликозидтер, никотин қышқылы, қоймалжың, ащы заттар, каротин және С витамині бар.

Түймедақтың гүлінен жасалған дәрілердің жел шығаратын, қабынуға қарсы әсер ететін, тер шығаратын, ауырған жерлерді тыныштандыратын, денедегі бұлшық еттердің тырысуына қарсы әсер ететін қасиеттері бар. Сонымен қатар түймедақты қан тоқтататын, микробты жоятын, өт айдайтын дәрі ретінде қолданады.

Халық медицинасында өсімдік гүлдерінің тұнбасынан жасалған дәрілерді асқазанның, тоқ ішектің қабынуын, бауырдың, бүйректің, қуықтың ауруларын емдеу үшін пайдаланады. Дене сыртындағы іріңді жараларды, ванна жасау арқылы подаграны, ревматизм ауруына байланысты буындардың сырқырағанын емдейді. Тамақ бездері мен тістің түбіндегі еттер қабынғанда ауызды және тамақты шаяды.

Түймедақты шаштың қайызғағын кетіру үшін де пайдаланады. Ол үшін гүлдерінің 4 ас қасығын 1,5 литр суға салып 5 минут қайнатып, сүзіп алады. Әуелі шашты жақсылап жуады да, артынша әлгі тұнбамен шаяды. Содан кейін әрі қайызғағы кетеді, әрі алтын түстес сары түске боялады.

Тұнбаны былай жасайды: 1 ас қасық кептірілген гүлдерді 1 стақан ыстық суға салып тұндырады да, салқындағаннан кейін сүзіп алып, әр ішкенде 2 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді [6].

Дәрілік түймедақ - M. Chamomilla L.Бұл өсімдіктің хош иісі болады. Дәрі-дәрмектік қасиеті бар. Құрамында 0,2%-ке дейін эфир майы болады, негізгі құрамы бес және жеті мүшелі циклді ароматты көмір сутег-азулен, шайыр заттары, май қышқылдары, С витамині және каротин кездеседі.

Иіссіз түймедақ. M.Minodora L. Өсімдіктің бойында, әсіресе гүл шоғырларында эфир майы болады. Ол 1,7%-ға дейінгі мөлшерде кесдеседі.

Тұқымында 20%-ға дейін май кездеседі. Гүл шоғырында пиретрин (0,08-0,3) және соған жақын жәндіктер үшін зиянды заттар болады.

Гүл шоғыры корзинкаға жинақталған. Қасиеті - түрлі ісіктерді басады, нерв ұштарына әсер етеді. Соған байланысты түрлі қозбалы ауруларды жазады. Ерте заманнан бері ресми және халықтық медицинада іш босату, жел кетіру және асқазан мен ішек-қарынның жұмыстарын реттеу үшін пайдаланылады. Тер шығарып, ыстықты азайтады.

Бүйрек пен өт жолы ауырғанда пайдаланылады. Сыртқы жараларға, ісіктерге және суықтан болған түрлі ауруларға, құяңға қарсы пайдаланылады. Гүл шоғыры корзинкалары түрлі хош иісті ванна жасау үшін жиналады. Гүл шоғыры - корзинкалары ертеден мемлекеттік фармакопеясына енгізілген. Эфир майы шарап өндірісінде пайдаланылады. Бояуы фарфордан жасалған ыдыстарды бояуға қолданылады. Гүлі сары түсті бояу береді. Түймедақтың бұл түрі мәденилендірілген. Гүл шоғырын қолмен жинайды да, көп ұзатпай көлеңкеде кептіреді.

Хош иісті түймедақ.M. Matricarioides (Less)Porter. Дәрілік түймедақ сияқты хош иісті. Түтікті гүлі жасыл түсті. Түймедақтың бұл түрі де медицинада қолданылады. Пайдаланылуы дәрілік түймедақпен бірдей. Батыс Европа халықтары бұл өсімдіктерді ішектегі түрлі құрттарға қарсы пайдаланады.

Иіссіз түймедақ. M.Minodora L. Бұл да арам шөп ретінде жол бойында, үйлердің айналасында кездеседі. Өсімдіктің бойында, әсіресе гүл шоғырларында эфир майы болады. Ол 1,7%-ға дейінгі мөлшерде кесдеседі. Тұқымында 20%-ға дейін май кездеседі. Гүл шоғырында пиретрин (0,08-0,3) және соған жақын жәндіктер үшін зиянды заттар болады. Сондықтан да бұл өсімдік инсектицид ретінде пайдаланылады [7, 8].

Ақуыздармен, көмірсулармен, витаминдермен қатар өсімдіктерде қосалқы заттар да болады. Олар аз мөлшерде болғанмен өсімдіктердің зат алмасу процесінде басты роль атқарады.

Қосалқы заттарға алифаттық қатарға жататын органикалық қышқылдар жатады. Олар халық шаруашылығында қолданылады, көптеген тағамдық заттардың дәмін жақсартады. Органикалық қышқылдар өсімдіктің құрамында бос күйде және тұздар мен майлар түрінде де болады [10].

Өсімдіктерде көптеп кездесетін, қоры молы-аскорбин қышқылы болып табылады. «С»-дәруменінің (аскорбин қышқылы) - адам ағзасындағы маңызы өте зор.

Аскорбин қышқылының майлар алмасуында атқаратын ролі зор. Ол холестеринді гидроксилдеу үшін қажет. Бұл реакцияға қатыса отырып, аскорбин қышқылы холестириннің алмасуын реттейді және атеросклероздың болмауын тежеп отырады.

«С»-дәрумені ағзаның инфекцияға қарсы тұруын да күшейтеді. Ол антимутогенді қасиетке - радиация нәтижесінде, әртүрлі химиялық заттармен және аяқ астынан кездесетін мутация санын азайтуға жағдай жасайтын қасиетке ие.

Сонымен қатар, аскорбин қышқылы - антиканцероген. Ол - ағзаны уландыратын нитроқосылыстарды болдырмайды.

Органикалық қышқылдар негізінен тағамға өзіне тән дәм беріп, ағзаға оңай сіңіріледі. Бұлар тағамныңтез қорытылуына жағдай жасайды, сонымен бірге ортаның активті қышқылдығын төмендетіп, асқазанның микрофлорасының жақсаруына әкеледі. Өсімдіктерде, әсіресе екі қышқыл басым келеді. Олар: алма және лимон қышқылдары.

Еріген күйдегі органикалық қышқылдар адам ағзасына оңай сіңіріліп, липидтердің алмасуына көп әсерін тигізсе, алма қышқылы қандағы холестериннің азаюына әкеледі.

Органикалық қышқылдар өсімдектерде бос күйінде немесе қышқыл тұздар түрінде кездеседі. Олардың кейбір жеміс - жидектердегі жалпы саны 0,3-2,5% аралығында өзгерсе, көкөністерде 0,1-0,7% құрайды. Өсімдіктердің қышқыл дәмі қанттармен нейтралдануы мүмкін, ал иілік заттар көп болған жағдайда олардың дәмі ерекше көзге түседі.

Органикалық қышқылдардың әсерінен (алма, лимон) асқорыту сөлдері артып, асқорыту процестері жақсартылады. Олар организмдегі сілтілік теңдікті реттеп отырады.

Алғаш рет «иілік заттар» термині 1796 жылы қолданылды. Француз ғалымы Сеген өсімдіктер шырынындағы иілік заттарды осылай атаған.

Иілік заттар - полимерлі фенолды қосылыстар. Оларды таниндер немесе танидтер, полифенолдар деп те атайды. Иілік заттарға тері бетіндегі белок- коллагенмен әрекеттесіп, су өткізбейтін пленкалар түзу қасиеті тән. Олардың аталу тарихы осы қасиетіне байланысты тері илеуде кеңінен пайдаланғандықтан шыққан. Таниндерді медицинада да кеңінен қолданады. Бұлар медицинада, қан тоқтатқыш заттар ретінде пайдаланылады, себебі олардың қанды тез ұйытатын қасиеті бар. Сонымен қатар бактерицидтік қасиет те тән. Таниндер тек белокты заттармен ғана емес, алколоидтар, гликозидтер ауыр металдармен қосыла отырып, уланғанда алғашқы көмекке қолданылатын препараттар дайындауға пайдаланылады. Таниндер өсімдіктерде әр түрлі мөлшерде кездеседі. Олар ауада тез тотығуға ұшырайды, оны аршылған картоп немесе алманың қараюынан көруге болады.

Дәрумендерге органикалық зат тобынан тұратын, құрылысы және физика- химиялық қасиеттері әртүрлі, кез-келген тірі ағзаға қажетті, құрамына күрделі каталитикалық қосылыстарымен регулятивті функциясы бар заттар кіреді. Дәрумендер организмге қуат бермейді, клетканың құрылымын құруға қатыспайды. Бірақ ол организмге физиологиялық әсер етеді, биохимиялық процестердің жүруіне, тәртіпке келуіне қатысады.

Дәрумендер организмде өте аз мөлшерде белок молекулаларымен бірге қосылып, фермент ретінде немесе бос күйінде кездеседі. Дәрумендер организмде пластикалық материал және тіршілік қуаты ретінде қолданылмайтын заттар. Дәрумендердің жетіспеуінен болған ауруларды емдеу мақсатында шығарылған дайын дәрумендер мен дәруменді препараттар бар.

Дәрумен тек тағамның нәрі ғана емес, сонымен қатар ол көп ауруларды болдырмауға өте қажетті зат. Қандай ауру болсын алдын ала шара қолданылса, керекті профилактика жүргізілсе, ол ауру жеңіледі, емдеуге көнеді. Сондықтан да көп дәрумендер - адамға нәр десе нәр, жан десе жан беретін дәнекерлер. Қазіргі кезде 30-дан астам дәрумен белгілі. Олардың химиялық құрамы ашылған. Бұл оларды химиялық жолмен жасанды түрде синтездеуге жол ашты.

Флавоноидтар - табиғи қосылыстар арасындағы ең көп тараған қосылыстар. Қазіргі уақытта бұлардың 200-ден астам түрі белгілі. Флавоноид молекуласы екі бензол ядросы және құрамында бір оттегі бар гетероциклді сақинадан тұрады. Флавоноидтарды флавон туындысы ретінде қарастыруға болады.


Көмірсулар - молекуласы көбінесе, көміртек, сутек және оттегі элементтерінен тұратын органикалық қосылыстар. Көмірсулар - қасиеттері жағынан оксиальдегидтерге және оксикетондарға жақын, табиғи заттардың бір тобы. Көмірсулардың маңызы өте зор. Олар өсімдік жасушаларының негізін құрайды және қоректік заттардың қоры (крахмал) түрінде жиналады.

Эфир майы - ұшпа заттар. Химиялық құрамы жағынан бұл әр түрлі заттардың күрделі қоспасы. Ол жемістерде, кейде жер астындағы бөліктерінде аз мөлшерлерде кездеседі. Өсімдіктердің жеке түрлерінде эфир майы оның әр түрлі бөлігінде біркелкі жинақталмайды: мөлшері ғана емес, майдың сапасы да әр мүшесінде өзгеріп тұрады.

Эфир майлары былжыр қабыққа әсер ететіндіктен, оларды ингаляция ретінде мұрын, тамақ ауруларына пайдаланады, эфир майларының бактерицидтік қасиеті бар, сондықтан оларды антибиотиктер әсер ете алмайтын микробтар инфекциялаған жарақаттарды тазалаған кезде дезинфекция дәруі ретінде пайдаланылады

Жалпы қышқылдылықты өсімдіктің құрамындағы аниондар мөлшері және диссоцияланбаған қышқылдар молекуласы құрайды. Жалпы қышқылдың мөлшерін керекті индикаторларды пайдаланып, алкалиметрлік, немесе ацидиметрлік титрлеу арқылы анықтауға болады.

Құрамында қышқылы бар 10 мл фильтратты 20 мл өлшенді колбаға ауыстырады. Кейін, бұл колбаға бірнеше тамшы фенолфталеин ерітіндісін құяды да, қызғылт түс болғанша 0,1 н натрий гидроксид ерітіндісімен титрлейді. Фенолфталеиннің орнына индикатор түрінде тимолфталеиннің спирттік ерітіндісін қолдануға болады. Бұл жағдайда ерітінді көк түске боялғанша титрлейді.

Әлсіз боялған ерітінділердегі түстің өзгеруін, қасындағы сондай мөлшерде индикаторы бар колбаны және өсімдік тұндырмасын салыстыру арқылы көруге болады. Егер ерітіндінің бояуы қаныққан болса немесе ерітіндінің түс өзгеруін сілті қосқанда ажырату қиын болса, қышқылдарды титрлеу кезінде лакмус қағазын қолданады. Ол үшін, колбадағы ерітіндінің бір тамшысын титрлеу кезінде лакмус қағазына тамызып, түс өзгеруін байқауғаболады.

Бұл әдіс аскорбин қышқылының тотығу-тотықсыздану қасиетіне, көбіне калий йодатының бос иодқа дейінтотықсыздану қабілетіне, яғни оның санын крахмалмен әрекеттесуі бойынша анықтау мөлшеріне негізделген.

Анықтау әдістемесі. Зерттелетін өсімдік массасын ұсақтап, анализ үшін 5г алады. Өлшендіні жақсылап фарфор ступкада ұсақтайды да, аскорбин қышқылын сумен экстрагирлейді және 100мл өлшенді колбаға ауыстырады. Кейін құрғақ фильтр арқылы ерітіндіні құрғақ стаканға сүзеді.

2 г ұсақталған шикізатты, диаметр тесігі 3 мм елеуіш арқылы өткізіп, 50 мл қайнаған су құяды да, су моншасында үздіксіз араластыра отырып тұндырады. Оны бірнеше минут бойына тұндырып, көлемі 250 мл өлшенді колбаға, шикізат бөлшектерін мақтаға тигізбеу арқылы сүзеді. Бұл бөлуді иілік заттардыңтемір алюминий ашудас ерітіндісімен кері реакциясына дейін бірнеше рет қайталап, шайып отырады. Өлшенді колбадағы сұйықтықты суытып, ерітіндінің көлемін өлшенді сызыққа дейін жеткізеді, алынған сұйықтықтың 25 мл көлемі 1 л колбаға ауыстырып, 750 мл су және 25 мл индигосульфоқышқыл ерітіндісін қосып, 0,1 н KМnO4 ерітіндісімен ашық сары түске дейін титрлейді.

Емдік өсімдіктердің көпшілігінің химиялық құрамы және оларға әр түрлі факторлардың әсері толық зерттелмеген. Органикалық қышқылдар алкалиметрия, С-дәрумені иодатометрия, иілік заттар перманганатометрия, т.б әдістер қолданылды.

Түймедақ гүлі - медицинада кеңінен қолданылатын полидәруменді шикізат болып табылады. Сондықтан, түймедақ гүлінің құрамындағы С дәруменінің мөлшері анықталды. Анықтау жұмыстары иодатометриялық титрлеу әдісімен жүргізілді.

Дәрумендер организмге қуат бермейді, клетканың құрылымын құруға қатыспайды. Бірақ ол организмге физиологиялық әсер етеді, биохимиялық процестердің жүруіне, тәртіпке келуіне қатысады. Өсімдік құрамын зерттеу барысында, өсімдіктің химиялық құрамының оның өскен ортасына, ауа-райына және жинау мерзіміне тәуелді болатыны байқалды. Кен көздері немесе өндіріс орындары жақын орналасқан жерлерден дәрілік өсімдіктердің дәріханалық сынамаларын жинап, қолдану тиімсіз екендігі анықталды .

Тәжірибелік жұмыстар кезінде арнаулы әдістемелер қолданылды және оны мектеп оқушыларына органикалық химия курсын тереңдетіп оқыту мақсатында немесе факультативтік жұмыстар жүргізу кезінде пайдалануға болатындығы тұжырымдалды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. СотникВ.Ф. [Кладоваяздоровья:Альбом] М: - Лесная промышленность,1985.-64с.

  1. Кожабекова М., Кожабекова Г. Өсімдік - жанға шипа, дертке дауа Алматы: Қайнар, 1992. - 176б.

  2. Субханбердин С.Х. Дәрі - дертке дауа, жанға шипа - Алматы: «Қазақстан»,1965-462б.

  3. Кузнецова М.А. Использование растений в народной медицине. М.: - Высшая школа., 1994.-243с.

  4. Тонгур B.C. Биологические активные вещества. М.: - Высш.школа, 1978. - 58с.

  5. Гамерман А., Кадаев Г., Яценко А. Лекарственные растения (растения - целители) М: Высшая школа, 1983.-400с.

  6. Ә. Іскендіров.Қазақстанның дәрілік өсімдіктері - Алматы: Қазақстан, 1982.- 188б.

  7. Лекарственные растения: Справочник пособие /Н.И. Гринкевич, И.А. Баладина, В.А. Ермакова и др.; Под ред. Н.И. Гринкевич - М.: Высшая школа, 1991. -398с.

  8. Соколов С. Я., Замотаев И. П. Справочник - Лекарственные растения (Фитотерапия) - Алматы: Казахстан, 1996.-416с.

  9. Чиков Л.С. Лекарственные растения М: - Лесная промышленность, 1982.- 384с.

  10. Солодухин Е.Д. Аптека в лесу - Л: - Агропромиздат., 1989.- 358с.

5


© 2010-2022