• Преподавателю
  • Химия
  • НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ САБАҚ ТИПТЕРІН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ (баяндама)

НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ САБАҚ ТИПТЕРІН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ (баяндама)

Мақалада нәтижеге бағытталған білім беру  жағдайындағы сабақ типтерін анықтау мәселелері қарастырылған. Ол үшін автор нәтижеге бағытталған білім беру жағдайында сабақтың дәстүрлі және дәстүрлі емес түрлерін қолданудың кейбір жолдарын ұсынған.   В статье рассматриваются проблемы определения типов урока в условиях образования, направленного на результат.  Автор предлагает некоторые пути  использования традиционных и нетрадиционных уроков.. ҚР «Білім туралы» заңында айтылған «Білім беру жүйесінің б...
Раздел Химия
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ САБАҚ ТИПТЕРІН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Р.К.Ильясова-

Орал гуманитарлық - техникалық колледжі

жоғары санатты оқытушылары



Андатпа

Мақалада нәтижеге бағытталған білім беру жағдайындағы сабақ типтерін анықтау мәселелері қарастырылған. Ол үшін автор нәтижеге бағытталған білім беру жағдайында сабақтың дәстүрлі және дәстүрлі емес түрлерін қолданудың кейбір жолдарын ұсынған.

В статье рассматриваются проблемы определения типов урока в условиях образования, направленного на результат. Автор предлагает некоторые пути использования традиционных и нетрадиционных уроков.

In the article the types of the lesson which have go with the new standards of writing plans are looked through. The author offers the ways of using standard and non-standard lesson.

Тақырыптың өзектілігі. ҚР «Білім туралы» заңында айтылған «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі - жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектісін дамыту» деген сөздерін басшылыққа ала отырып, бүгінгі білім беру саласының алдында жүйеленіп, дайындалып берген білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс жасай алатын, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілеттерімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Президентіміз Н. Назарбаев еліміздің дамыған, өркениетті елу елдің қатарына қосылу үшін бірінші кезекте ғылым мен білімнің дамуына, оның негізгі орта мектеп түлектерінің білім сапасына баса назар аудару қажет екендігін айта келіп, өкіметке нақты міндеттер жүктеді.Осы міндеттерді алға тартып, еліміз оқытудың жаңа кезеңіне көшті. Ол - нәтижеге бағытталған білім беру. Осы жағдайда студенттердің, оқытушылардың сабақ типтерін, құрылымын анықтау жұмыстарын жоспарлауында кемшіліктер орын алуда.

Баяндаманың міндеттері:

  • сабақтың теориялық негіздері туралы жаңа ғылыми жұмыстармен танысу, талдау;

  • нәтижеге бағытталған білім беру жағдайында дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтарды қолдану жолдарын негіздеу;

  • сабақ құрылымын жетілдіру аспектілерін анықтау.

Оқыту түбінде бір нақты күтілетін нәтижеге бағытталып жүргізілуі тиіс деген тұжырымды басшылыққа алатын нәтижеге бағытталған білім беру дегеніміз - жеке тұлғаның құзырлығын қалыптастыру. Бұл тұжырымдама бойынша оқыту мақсатына жетуде нәтижеге қол жеткізу үшін, алдымен, сол нәтижені нақты қойып, оны бағалау өлшемдері, бағалау жүйесі, реттелуі саралануы тиіс. Сонда ғана оқушының құзырлылығын қалыптастыруға жол ашылады. «Құзырлылық - тек ғылыми білім емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті» деген болатын Т.Г. Браже. Оның пайымдауынша, «Білім нәтижесі оқытудың белгіленген кезеңдерін аяқтағанда, оқушы нені біледі және нені істей алады?» деген сұрақтардың жауабымен анықталады. Олай болса «оқи білуге, білім алуға үйрету» басым міндеттердің бірі болып қала береді. Бұл міндетті орындау үшін оқушыларды негізгі құзыреттіліктерді(ақпараттық, коммуникативтік, проблеманы шешу(өзіндік менеджмент) қалыптастыруға негіз болатын кешенді оқу іскерліктерімен(жеке тұлғалық, танымдық, реттеуші, коммуникативтік) қаруландыру керек. Осы істе мұғалімнің өзі бір-құзырлылыққа жетуі керек. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың жаңа технологиясын меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Жаңа формация мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу ғана емес, тарихи танымдық, педагогикалық, психологиялық және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Осындай талаптардың ішінде педагогикалық талаптарға, оның ішінде дидактикалық талапқа тоқталғымыз келеді.

Мұғалім бұл талапқа сай болу үшін сабақ ұғымының жаңаша мазмұнын білуі қажет. Сабақ деген не? Педагогика ғылымында осы уақытқа дейiн өте көп кездесетін пiкiр бұл нақтылы уақыт мерзiмiнде мұғалiмдер және оқушылардың тұрақты құрамының қызметi арқылы, соңғыларына білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешу үщін қолданылатын жүйе.

Сабақ ұғымының анықтамасына сай қазіргі сабақтың ең жоғарғы міндеті белгіленіп отыр. Ол жеке тұлғаның дамуын, оның жекелігін, шығармашылық мүмкіндіктерін және адамгершілігінің қалыптасуын бір қадам алға жылжыту[7] Ол үшін қазіргі сабақта іш пыстыруға, қорқуға, ашуға, әлсіздікке орын жоқ. Қазіргі сабақта әр балаға орын бар, тек қана оған қызығушылық, сенім, ынтымақтастық атмосферасы қажет. Олай болса сабақ тек жалаң білім беруге құралмай, оқушының шынайы қызығуы мен өз қажеттілігі мен сұранысын қамтамасыз етерлік шығармашылық ізденіс танымына орай құрылғаны тиімді. Бұл жерде қазіргі білімдік процесте білім, іскерлік, дағдылардың берудің негізі формасы сабақ болып қала беретіндігін естен шығармаған жөн. Оны дәстүрлі және дәстүрлі емес формада өткізуге болады.

Кейбір зерттеушілер дәстүрлі сабақтар оқушыларды оқытудың енжар объектісіне айналдыратындығы үшін сынайды. Бірақ мұндай біржақты пікірмен келісуге болмайды, өйткені дәстүрлі сабақтың да тиімді және тиімсіз жақтары бар. Тек қана дәстүрлі сабақ оқытудың негізгі формасы болып табылады. Оқу процесін оқушылардың ойлау әрекетін белсенділендіріп, шығармашылық қабілетін дамытып, оқуға қызығушылығын оятатын дәстүрден тыс сабақтармен түрлендіруге болады[3]. Әрине барлық оқу процесін «дәстүрлі емес» оқу сабақтарымен алмастыру тиімсіз болады деп есептейміз.

Нәтижеге бағытталған білім беру жағдайында мұғалімнен сабақ типтерін, оның құрылымын жақсы білудің маңызы зор.

Сабақтың типі - сабақ құрылымының, оның мазмұндық элементтерінің өзгеруіне байланысты ұғым. Дидактикада мына классификация жақсы зерттелген: оқу тақырыбы бойынша сабақтар жүйесіндегі сабақтың орнына байланысты (С.В. Иванов); негізгі дидактикалық белгісі(білімдік үрдістің кезеңдері) бойынша(Б.П. Есипов); сабақты өткізу тәсілі бойынша (И.Н. Казанцев).

кесте 1

Сабақ типтерінің(дәстүрлі) классификациясы



И.Н. Казанцевтің сабақ классифика-

циясы

С.В. Ивановтың сабақ класси-

фикациясы

Б.П.Есипов, М.А. Данилов, Г.Н. Щукина, В.А. Онищуктың сабақ классификаци-ясы.

Оқу жұмысының әдіс- тәсіл-деріне қарай топтастырыл-

ған сабақ типтері

Мазмұ-нына қарай

Негізі: сабақтарды оқу материалының дидактикалық мақсаты, мазмұны мен өткiзу әдісіне қарап топтастырды.

Негізі: оқыту процесінің ерекшеліктері-не

Негізі: Оқу жұмысының жүйесi мен оқушылардың танымдық iс - әрекетiнiң сипатына қарай(негізгі дидактикалық мақсаты).

  • экскурсия

  • - сабақ,


  • кино- сабақ,

  • өздiк жұмыс,

  • дәріс

  • әңгіме,

  • тәжірибелік

Негізі: оқу пәндері

1. Алғашқы сабақтар әр пәннен оқу жылының басында өтеді..

1. Кіріспе сабақтар

1.Аралас сабақтар(негізгі)

2. Кіріспе сабақ-бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарын бастар алдында өтетін бірінші сабақ

2.Оқу материалымен бірінші рет танысу сабағы

2.Жаңа материалмен таныстыру(білімді алғашқы қабылдау) сабағы.

Негізгі түрі: жаңа білімді оқушылардың меңгеру сабағы.

3. Жаңа білімді меңгеру сабағы.

3.Жаңа білімді меңгеру сабағы

3.Пысықтау сабағы; Қайталау сабағы.

4.Өткен оқу материалын бекіту сабақтары

4.Меңгерген білімді практикада қолдану сабағы

5.Жаттығу сабағы: оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру

5.Дағды сабақтары

5.Оқушылардың білімі мен дағдысын қалыптастыру, жетілдіру, жаттықтыру сабағы.

Жаңа іскерлікті қалыптастыру сабағы.

6.Практикалық (тәжірибе) сабақтар. Оқушының алған білімдерін өмірде қолдану жолдарын көрсететін сабақтар

6.Қайталау, пысықтау және қорыту сабақтары

6.Білім сынау сабағы. Бiлiм, iскерлiктердi, дағдыны бақылау және түзету.

7.Қайталау-қорыту сабағы - өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды қайталау-қорыту

7.Бақылау сабағы

8.Тексеру сабағы-оқушылардың білімін тексеретін сабақтар


9.Білім сапасын бағалау сабағы-оқушылардың алған білімін бағалау сабақтары


10.Қорытынды сабақ әр пән бойынша оқу жылының соңында өткізіледі.


Көпшілік тәжірибеде И.Н. Казанцев топтастырған сабақтар жиі қолданылады. Кестедегі сабақ классификациясының атаулары түрліше болса да олардың мазмұнында айтарлықтай айырмашылықтар шамалы. Мәселен, И.Н. Казанцев сабақ типін «өткен оқу материалын пысықтау сабақтары» десе, С.В. Иванов «меңгерген білімді практикада қолдану сабағы» деп атайды. И.Т. Огородников атаған аралас сабақты Г.И.Щукина «жинақтау» сабағы деп атайды. Сабақтың дәстүрлі типтерін зерттеп, жүйелеу, оның қазақ тіліндегі атамаларын бір қалыпқа келтіру болашақ зерттеу жұмыстарының нысанына алыну қажет деп ойлаймыз.

Қазіргі мектеп тәжірибесінде көптеп қолданылатын сабақ түрлеріне мыналарды жатқызуға болады:

  1. Кіріспе сабағы.

  2. Жаңа материалды түсіндіру(жаңа білімді хабарлау) сабағы.

  3. Білімді, білікті және дағдыны бекіту сабағы( жаттығу және тәжірибе, зертханалық сабақтар).

  4. Қайталау сабағы.

  5. Білімді тексеру және бағалау сабағы.

  6. Аралас сабақ [9]

Осы аталған сабақтардың ішінде олардың негізгі 4 типін бөлуге болады:

cлайд 1НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ САБАҚ ТИПТЕРІН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ (баяндама)


Аталған сабақ типтері орта және жоғары сыныптарда қолданылады. Бастауыш сыныптарда сабақтың барлық типтері бір сабақта қолданылады: жаңа білімді хабарлау, бекіту т.б. Бұл сыныптарда аралас сабақтар да қолданылады. Сабақ типтері әр сабақтың дидактикалық мақсатына сай анықталады. Сабаққа қойылатын маңызды талаптарға әрбір сабақтың мақсаттарының айқындығы, ақпараттық, коммуникативтік, проблеманы шешу құзыреттіліктерінің тығыз байланысы, және оларды сабақ барысында жүйелі түрде жүзеге асыру жатады.

кесте 2


Сабақ типтері

Cабақтың мақсаты


Жаңа материалды түсіндіру

…туралы түсінік қалыптастыру …оқушыларды байқап білуге, айырып тануға, үйрету.

…туралы жалпы ұғым қалыптастыру


Жаңа іскерліктерді қалыптастыру сабағы (Жаңа білімді бекіту)

Білімді әдеттен тыс жағдайларда қолдануға үйрету…

    Білімді тексеру және бағалау сабағы

    Өз бетімен тапсырмалар орындау іскерлігін қалыптастыру…

      Жаңа материалды бекіту сабағы


      • үлгі бойынша білімді елестетіп, жаңғыртуға үйрету.

      • …білімді өзгерген жағдайға көшіру іскерлігін қалыптастыру.

      • …құзыреттілікті меңгеруге дағдыландыру


      • дағдыландыру

      • …өз ойын тұжырымдауға

      • (талдау жасау) үйрету

      • …алынған білімді жаңғыртуға үйрету

      Сабақ мақсатына сай сабақтың түрі белгіленеді. Егер, мұғалім оқушыларға жаңа білім беруді көздесе, онда сабақ '' Жаңа материалды түсіндіру», оқушылардың қабылдаған жаңа білімін іс жүзінде пайдалана білу жолын қарастырғанда ''Жаттығу немесе практикалық сабақ'', өткен оқу материалын оқушылардың есіне салу, қайталау мақсатын көздегенде ''Қайталау-қорыту сабағы'' деп аталады. Ал сабақтың ''Аралас сабақ'' түрі оның құрылымына байланысты болып келеді. Мұғалім дидактикалық бірнеше мақсаттарды жүзеге асырады.

      кесте 3


      Сабақ мақсаты:

      Сабақтың атауы:

      жаңа білім беру

      жаңа оқу материалымен танысу сабағы

      оқушының алған білімдерін өмірде қолдану жолдарын көрсететін сабақтар

      практикалық сабақ

      оқушылардың оқу материалдарын қандай деңгейде түсінгендерін бақылау

      бақылау сабағы

      өткен материалдарды оқушының есіне салу, қайталау

      қайталау, қорыту

      оқушыларға жаңа білім беру, оны өмірде қолдану жолдарын көрсету, өткен материалдарды қайталау, оқушылардың білімін бағалау

      аралас

      Әрбір сабақ типінің өзіндік құрылымы бар.Сонымен сабақ құрылымы деп сабақтың барысында (45 минут) оның құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын айтады[4].НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ САБАҚ ТИПТЕРІН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ (баяндама)НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ САБАҚ ТИПТЕРІН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ (баяндама)НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ САБАҚ ТИПТЕРІН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ (баяндама)

      НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ САБАҚ ТИПТЕРІН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ (баяндама)



      НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ САБАҚ ТИПТЕРІН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ (баяндама)



      Баршамызға белгілі сабақтың ең көп тараған түрі аралас сабақ. Оны негізгі дидактикалық талаптар, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру талабы тұрғысынан қарағанда оның құрылымындағы мұғалім мен оқушы қызметінде өзгерістер болады[3].

      кесте 4

      Cабақтың кезеңдері

      Дәстүрлі аралас сабақтың құрылымы

      Қазіргі аралас сабақтың құрылымы

      І.Ұйымдастыру бөлімі

      Амандасу, сабаққа дайындықты тексеру

      Амандасу, сабаққа дайындықты тексеру, оқу іс- әрекетіне мотивтендіру, оқушылар назарын сабаққа аудару

      ІІ. Үй жұмысын тексеру

      Ауызша(жазбаша) жұмыс, сабақ тақырыбын хабарлау

      Қажетті білімдерді жаңғырту проблемалық жағдаят жасаумен аяқталады.

      ІІІ.Жаңа материалды түсіндіру

      Сабақтың тақырыбын, мақсат, міндеттерін хабарлап, оқушылардың нені үйрену керектігін айтады

      Оқушылар тақырыпты тұжырымдап, ондағы белгілі және белгісіз ақпараттарды анықтайды. Мақсат және міндеттерін өздері түсінеді. Балалардың проблеманы шешу тәсілдерін іздестіруі

      3.1 Жаңа материалды оқып үйрену

      Мұғалімінің жаңа материалды баяндауы

      Балалардың проблеманы шешу тәсілдерін іздестіруі

      3.2.Жоспарлау

      Оқытушы мақсатқа жету үшін оқушыларға қандай жұмысты орындау керектігін айтады.

      Мақсатқа жету тәсілдерін оқушылардың жоспарлауы(мұғалім көмектеседі, ақыл кеңес береді.

      3.3.Оқушылардың практикалық іс - әрекеті

      Мұғалімнің басшылығымен оқушылар практикалық міндеттерді орындайды(іс әрекетті ұйымдастырудың фронтальдық әдісі қолданылады)

      Оқушылар оқу қызметін белгіленген жоспар бойынша жүзеге асырады(топтық, жеке әдістер)

      ІҮ.Жаңа материалды бекіту

      Репродуктивтік іс -әрекет арқылы материалды бекіту

      Алғашқы бекітуді өзін- өзі бақылау, өзін - өзі бағалау элементтерімен ұштастырып басқару

      Түзетуді жүзеге асыру

      Мұғалім жұмыс барысын және қорытындысын түзетеді.

      Оқушылар қиыншылықтарды тұжырымдап,. Мұғалім ақыл - кеңес береді, көмектеседі.

      Ү.Үй тапсырмасы

      Мұғалім анықтайды

      Рефлексияны ұйымдастыру, оқушылардың одан әрі оқыту мақсатын қоюы

      Бағалау қызметі

      Мұғалім оқушылардың жұмысын сабақта бағалауды жүзеге асырады

      Оқушылар оның нәтижесі бойынша іс әрекетке баға береді(өзіне - өзі баға беру, жолдастарының іс - әрекетін нәтижелерін бағалау)

      Біз жоғарыда дәстүрлі емес сабақтардың сабақтар жүйесінде алатын орнына тоқталдық. Педагогика ғылымында дәстүрлі емес сабақтар да зерттеліп, 5 топқа біріктірілген НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ САБАҚ ТИПТЕРІН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ (баяндама)



      Сонымен дәстүрлі емес сабақтардың дәстүрліден айырмашылығы дайындығынан, өткізілуінен, сабақтың құрылымынан, мұғалім мен оқушылардың қарым - қатынасынан, рольдер мен міндеттердің бөлінуінен, оқу материалдарын іріктеу, оны бағалау өлшемдерінен, оқушылардың іс- әрекетіне баға беруден, сабақты талдау құрылымынан көрінеді.

      1.Жарыс және ойын формасындағы сабақтар: 1.Конкурс, турнир, эстафета, жекпе - жек, КТК, іскерлік ойын, ролдік ойын, кроссворд, викторина

      2. Қоғамдық практикада белгілі жұмыс жанры мен әдістеріне негізделген сабақтар: зерттеу, өнертапқыштық, түпдеректерді талдау, комментарий, ой майданы, интервью, репортаж, сын - пікір т.б.

      3. Оқу материалдарын меңгертудің дәстүрлі емес ұйымдастыру түрлеріне негізделген сабақтар : даналық сабақтары, ашық сөйлесу сабағы.

      4. Қарым қатынастың көпшілік формасын еске түсіретін сабақтар: баспасөз конференциясы, брифинг, аукцион, бенефис, регламенттелген дискуссия, панорама, телекөпір, репортаж, диалог, ауызша журнал т.б.

      5. Мекемелер мен ұйымдардың қызметін бейнелеуге негізделеген сабақтар: тергеу жүргізу, патент бюросы, ғылыми кеңес.

      6.Қоғамдық мәдени шараларды өткізу жұмыстарын бейнелеу: сырттай экскурсия, өткенге экскурсия, саяхат, серуен

      7.Фантазияға негізделген сабақтар: сабақ ертегі, сабақ- сюрприз т.б.

      8. Сабақта сыныптан тыс дәстүрлі формаларды қолдану: спектакль, «брейн-ринг», пікір сайыс т.б.

      9. Кіріктірілген сабақтар. [5]

      Сабақты жоспарлау және өткізу барлығымызға белгілі жағдай. Ал сабақты құзыреттілікті қалыптастыру тұрғысынан жоспарлау шешімін күтіп тұрған мәселе. Себебі бұл сабақтарға қойылатын дидактикалық талаптардың ерекшелігі бар. Мұны білгенде ғана қазіргі сабақ типтерін дайындауда және өткізуде мұғалімнің және оқушылардың іс әрекетінде нені өзгеруге болатындығы белгілі болады. Сабақтың барлық кезеңінде оқушылар оқытушының іс - қимылдарын қайталайтын енжар тыңдаушы емес, керісінше таным процесінің белсенді мүшесі болуы керек. Мысалы мұғалім жаңа ұғым, терминдер енгізгенде оқушылар мынадай тапсырмалар орындайды: «Терминдер мен анықтамалардың арасындағы байланысты стрелкамен көрсе», «Жаңа ұғымдардың сөздігін жаса»[1].

      Қорыта айтқанда қазіргі уақытта Қазақстан мектептерінің оқыту процесінде қолданыла бастаған жаңаша оқытудың «кембридждік» жүйесі бойынша балаларға білім дайын күйінде берілмейді, керісінше оқушылардың өздерін еркін ұстауға, ойлануға мүмкіндік жасалады. Олар өз беттерімен және өзара әрекеттесе оқып-үйреніп, ортақ бір шешімге келуге бағытталады. Сондықтан да қазіргі таңдағы әрбір ұстаздың да, оқушының да іс-әрекеті ерекше шығармашылық сипатта болуы керектігі жиі айтылуда. Ол үшін мұғалімнен сабақтың дәстүрлі және дәстүрлі емес типтерін шығармашылықпен таңдау талап етіледі. Бірақ мұғалім сабақтың қандай білім парадигмалары болса да, өзгермейтін бөліктерін есінен шығармағаны жөн. Олар: бекiту, білімді тексеру, түсіндіруге қойылатын талаптар.







      Қолданылған әдебиеттер

      1. Ибрагимов, Г. И. Концепция современного урока / Г. И. Ибрагимов // Школьные технологии. - 2008. - № 2. - С. 48 - 52.

      2. Безрукова, В. С. Всё о современном уроке в школе: проблемы и решения / В. С. Безрукова. - М.: «Сентябрь», 2004. - 160с.

      3. Беркімбаева Ш. Педагогика. Алматы, 2009.

      4. Конаржевский Ю.А. Анализ урока. - М.: Педагогический поиск, 2000.

      5. Құрманалина Ш.Х. және т.б. Педагогика. Астана, Фолиант, 2007.

      6. Подласый И.П. Педагогика: 100 вопросов - 100 ответов: учеб. пособие для вузов/ И. П. Подласый. - М.: ВЛАДОС-пресс, 2004. - 365 с.

      7. Парфёнова А.В. ТИПЫ И ВИДЫ УРОКА. Опубликовал wiki.saripkro.ru 28.07.2012

      8. Рыбкина Н.И. ТИПЫ СОВРЕМЕННЫХ УРОКОВ Опубликовал natalia-ribkina.narod.ru 30.08.2012

      9. Тахтамышева Г.Ч. Технология современного урока. Материал к лекции «Сущность, типы и виды урока» г. Казань. Опубликовал edu.tatar.ru 26.09.2012.

      10. shakhibbeker.ucoz.kz/publ/saba_ty_t_rleri_zh_ne_ony_didaktikaly_rylymy/1-1-0-51


      © 2010-2022