Сыни ойлау - ойды шыңдау. коучинг

Раздел Химия
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту үдерісі арқылы ойлау дағдыларын қалыптастыру

Маған айтып берсең-ұмытып қаламын, көрсетсең - есте сақтаймын, өзіме жасатсаң - үйренемін.

Конфуций.

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестік күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі деп атап көрсетті»

Еліміздің жаңа білім беру сипатына көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасау , жалпыға арналған білімнен әркімге өмір бойы үлгісіне көшу және әлемдік білім беру кеңістігіне енуді мақсат етеді.

Артур Кларктың «Білу аз, оны қолдану қажет. Білемін деу аз, оны жасау қажет.» деген сөздері оқушының білімді алып қана қоймай , оны қолдана алу дағдысы болу қажеттілігін көрсетіп отыр. Олай болса қазіргі заман мұғалімінің тек теориялық жағынан ғана қаруланбай, оқушыға білімді өмірде қолдануын үйрете алатын қолдаушы, өз білімін жан-жақты жетілдіріп отыратын , үнемі ізденісте болатын , бастысы оқушыны ойлауға үйрететін тұлға болуы тиіс.Яғни , мұғалімнің теориялық және тәжірибелік білімдерінің өзара тығыз байланыста болуы -мұғалімнің кәсіби дамуының негізі болуы керек.

Жаңа әдіс-тәсілдер мұғалімдерге көптеген оқыту стратегияларын , түрлі педагогикалық тәсілдерді араластырып қолдану мүмкіндіктерін , сондай-ақ нақты әдістер мен стратегияларды қалай және қай жағдайда қолдану қажеттігін көрсетеді. Басты назар оқытудың күтілетін нәтижесіне негізделеді.

Сабақ жоспарын құрғанда мұғалім жалпы мақсаттарды қойып, әрбір оқушының мүмкіндіктерін ескере бермейтін , ал енді кері байланыс арқылы келесі сабақтың негізі айқындалады. Онда күтілетін нәтижелерге басты назар аударылып, барлық оқушымен жұмыс жасауына мән беріледі. Оқыту нәтижелілігі мұғалім жұмысының жүйелі болуына байланысты. Жүйелі түрде жұмыс жасау үшін мұғалім үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Ол деген баланың күнделікті қызығушылығын негізге ала отырып, ілгері дамытуды қамтамасыз ету дегенді білдіреді.

Бала бойындағы қабілетті ашу - оқушының шығармашылық бағытта дамуына жеке мән беру болып табылады.

Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.

Оқушының сыни ойлауын дамытуға бағытталған жаңа инновациялық «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» жобасының да басты міндеттерінің бірі - ұстаздардың жаңаша ойлай алатын, өз мәселесiн өзi шеше алатын адам тәрбиелеуге жәрдемдесуі, ұстаздардың дәстүрлi сабақ беруден өзгеруiне, балаға бағытталған сабақ процесiн ұйымдастыра алуы, сабағын белсендi, оқушымен тең құқылы дәрежеде жүргiзуі, жобаның философиясын терең меңгерген ұстаздардың шәкiрттерiн өз пiкiрiн ашық айтып, өзара шынайы сұхбат жүргiзетiн, рухани жағынан дамыған жеке тұлға ретiнде дамуына ықпал жасауы болып табылады.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Бұл жобаның тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушы өз ойын еркін жеткізуге, пәнге қызығушылығы оянып, талдау жұмыстарын жүргізе білуге уйренеді. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятқан әдістер арқылы өз ойларын топта, ұжымда талдай бастады.

Егеменді еліміздің халық шаруашылығын дамытудың маңызы, оның материалдық-техникалық базасын нығайтудың өзекті проблемаларын шешудегі, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудағы, еңбекшілердің материалдық және мәдени деңгейін көтерудегі химия ғылымының маңызы мен ролі өте зор. Себебі ғылымдар жүйесінде химия айрықша орын алады. Химияның ерекшелігі -ол қазіргі кездегі ауадай қажетті техникалық ғылымдардың негізі. Химия сабағында
оқушыларға нақты мысал келтіре отырып, олардың алған білімдері маңызды практикалық мәселелерді шешуге қажет екендігін түсіндіру қажет.

Оқушылардың білімнің өмірлік маңызын түсінуі, теория мен практиканы тығыз байланыстырады, пәнге ынтасын арттырады, оқушылар біліміндегі формализми элементтерін жояды. Оқушылардың білімге ынтасының болуы, олардың сабақтағы белсенділігінің артуына білім сапасының жоғарлауына, білім алудың пайдасын түсінудің қалыптасуына мүмкіндік береді. Білім берудің құрылысын, оқушылар мұғалім берген мақсаттарды түсінетіндей, қабылдайтындай етіп құру керек және оқушы мұғалім қойған мақсатты белсенді жүзеге асырушысы болуы тиіс.Оқушылардың білімге ықыласын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі - сабақта СТО элементтерін пайдалана отырып, ойындарды қолдану. Ойын - әрқашан кішкене білім, кішкене білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды. Ойынды алданыш және жеңіл көңіл көтеру деп ойлайтындар химия сабағында мынадай әдіс тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың сабаққа ынтасын арттыра отырып, білім сапасын жетілдіріп, сауатты болуға дағдыландырады.


"Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз,

ойын ойнамағандықтан қартаямыз".


Бернард Шоу



Сыни ойлау- ойды шыңдау


КОУЧИНГ ӨТКІЗУ ЖОСПАРЫ

Өткізілетін орны: №49 орта мектеп

Күні: 08.01.2016

Коуч: Қуанғанова Ш.И.

Бөлекова Г.С.

Жаримбетова Г.А.


Сабақтың тақырыбы

Сыни ойлау- ойды шыңдау.

Жалпы мақсаты:

- Сабаққа бала қызығушылығын ояту жолдарын білу.

- білім беруде педагог мамандардың біліктілігін көтеру.

Оқытуда күтілетін нәтижелер

-Қисынды ойлау қабілеті дамиды.;

-Мақсат қоюдың жаңа әдiстерi мен формаларын танып-білу;

-қойылған мақсат,міндеттер қолжетімді болуы керектігін,белгілі бір уақытқа бағынуы керектігін,шынайы болуы керектігін түсіну.

Дереккөздер

  • Мұғалімге арналған нұсқаулық

  • «күріш өсіру»

  • Суреттерден мектеп макетін салу

  • "Аралас,топтас,жұптас "ойыны

  • видеороликтер


Ресурстар

Стикерлер, маркерлер, қағаз, интераткивті тақта

Түйінді идеялар

Оқушынының қызығушылығын қалай ояту керектігін біледі.

Жаттығулар мен бірлескен жұмысқа негізделген тәсілдер

Жаттығулар

Жаттығудың мазмұны

Жұмыс әдісі

уақыт

Бастапқы байланыс

Жағымды ахуал туғызу

Әріптер сөйлейді

8 мин

Топқа бөлу

Алфавиттің алғашқы бес әріпі І топ ,келесі бес әріп ІІ топ,келесі бес әріпі ІІІ топқа бөлінеді.


2 мин

Коучингтің тақырыбын негіздеу

Постер қорғау

  1. Берілген суреттерден мектеп макетін салу


Түрткі сауал: Сыни тұрғыдан ойлай отырып,оқу әдісіне байланыстырыңыз.


Логикалық сұрақтарға жауап.


Постер қорғау

17 мин

Кері байланыс

"Менің атым Қожа" видеоролик. Сұрақтарға жауап беру.


видеоролик

10 мин

Сергіту сәті



3 мин

Қысқаша рефлексия

  • Бононың алты қалпағы




Барысы:


1.«Танысу» ойыны
Мақсаты: Топта жұмыс жүргізу үшін жағымды ахуал орнату, қарым - қатынысатың белсенді стилін және кері байланыс немесе алу меңгеру;

"Әріптер сөйлейді"

Мақсаты:Әріптестер кез-келген әріпті таңдап алып, қойылған сұраққа қолдарындағы әріптен басталатын сөзбен жауап беруі тиіс.

  • Бүгінгі көңіл күйіңіз қандай?

  • Оқушының пәнге деген қызығушылығын қалай оятасыз?

  • Сабағыңызда қандай әдіс-тәсілдер қолданасыз?

  • Үш деңгейлік курсқа барғыңыз келе ме?

  • Курстан өзіңізге керекті әдіс-тәсілдер ала аламын деп ойлайсыз ба?

  • Тренингке не мақсатпен келдіңіз?

  • Тренингкте кездескен сұрақтарға қалай жауап беремін деп ойлайсыз?

  • Тренингке немен келдіңіз?

  • Маған айтар ұсынысыңыз...


Топқа бөлу: Алфавиттің алғашқы бес әріпі І топ ,келесі бес әріп ІІ топ,келесі бес әріпі ІІІ топқа бөлінеді.


1 - тапсырма. "Күріш өсіру" Шетелдің ғалымы үш бірдей 2 литрлік банкіге бірдей көлемде су құйып , күріш салып,аузын жауып қояды.Күнделікті сол банкілерге барып бірінші банкіге «Сен қандай кереметсің,сұлусың,адемісің,жақсысың,тамашасың», екінші банкіге «Сен жақсысың,жарайсың», деп үшінші банкіге мүлде көңіл бөлмейді.Бір апта өткеннен кейн банкілерді тексереді.Сонда бірінші банкі құлпырып,жайқалып тұр, екінші банкі орташа қалыпта тұр, ал үшінші банкі мүлде өспей шіріп кеткен.

2 - тапсырма. «Мектеп макеті».

Берілген суреттерден болашақ мектептің жобасын жасау.


Түрткі сауал: Сыни тұрғыдан ойлай отырып,оқу әдісіне байланыстырып постер қорғау. \

Бағалау:(Екі жұлдыз,бір ұсыныс)


Логикалык сурактар :

  1. Франциялық химик 19 ғасырда табиғатта көп таралған химиялық элементті өзінің қанынан тапты. Сол уақытта ол бір сұлу қызға ғашық еді, өзінің көңілін білдіру үшін өзінің қанындағы элементті шығарып содан қызға сақина жасап сыйламақшы болды. Оның тәжірибесі сәтсәз аяқталды, одан көп қан кетім өмірінен айырылды. Франциялық химиктің өліміне себепкер болған, қанының құрамында болған қандай химиялық элемент?

  2. Жұтынған кезде неліктен тыныс алу тоқтайды. Жұтынғандағы қозғалыста не байқадыңыз, не сездіңіз?

  • Көмей кеңірдекті жауып алды;

  • Жұтынған кезде кішкене тіл мұрын қуысына баратын саңлауды, көмей кеңірдегін жауып алады. Соның салдарынан өкпеге ауа бара алмайды ;

  • Өкпеге ауа бармайды;

  • Мұрын қуысындағы саңлау жабылады;

  • Барлық жауап дұрыс.



  1. Нанның құрамындағы крахмал адам ағзасында ыдырап глюкоза түзетіні белгілі. Осы глюкоза ағзаның қай жерінде көмірқышқыл газы мен суға дейін ыдырайды?

  • Сүйекте

  • Өкпеде

  • Жасушада

  • Бауырда

  • Бүйректе

  1. Суды тазалау бірнеше кезеңнен және түрлі әдістермен жүреді. Тор, тұндырғы, сүзгі, хлорлау, судың сапасын тексеру, суды су тартқыш шүмекке жіберу. Екінші кезеңде су тұндырғыда жиналады. Бұл кезеңде суды тазалау қалай жүргізіледі?

  • Суда болатын бактериялар өледі;

  • Суға оттегі қосады;

  • Қиыршық тас пен құм судың түбінде тұнып қалады;

  • Улы заттар еріп кетеді;

  • Барлық жауап дұрыс. Т.б.




3. Кері байланыс:"Менің атым Қожа" видеоролик. Сұрақтарға жауап беру.

Б.Соқпақбаевтың сценариі негізінде жазылған режиссер А.Қарсақбаевтың «Менің атым-Қожа»фильмінен үзінді көрсетілуімен басталды.

Тақырыпқа шыққанан кейін мұғалімдерге арнайы дайындалған сұрақтар қойылды:

1)Фильмдегі мұғалім туралы ойыңыз,ол қандай адам?

2)Кинодағы мұғалімге баға беріңіз

3)Қазіргі мұғалім қандай болу керек?

Критерий арқылы бағалау.

4.Сергіту сәті: Сиқырлы қобдиша

5. Қысқаша рефлексия. «Бононың алты қалпағы»

Бағалау: Білім ағашы арқылы өзінің қай деңгейде екенін бағалау



© 2010-2022