• Преподавателю
  • Химия
  • Химия пәнінен сабақ жоспары Химиялық элементтердің тотығу дәрежелері. Формулалары бойынша қосылыстардағы химиялық элементтердің тотығу дәрежелерін анықтау. Сутектің бинарлы қосылыстары

Химия пәнінен сабақ жоспары Химиялық элементтердің тотығу дәрежелері. Формулалары бойынша қосылыстардағы химиялық элементтердің тотығу дәрежелерін анықтау. Сутектің бинарлы қосылыстары

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалімнің аты-жөні

Абылханова А.Б.

М. Мыңбайұлы атындағы орта мектеп

Сыныбы

8

43 сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Химиялық элементтердің тотығу дәрежелері. Формулалары бойынша қосылыстардағы химиялық элементтердің тотығу дәрежелерін анықтау. Сутектің бинарлы қосылыстары.

Сілтеме

Білім стандарты, пән бағдарламасы, «Химия» оқулығы, Н.Нұрахметов. 8 - сынып оқулығы. К. Жексембина әдістемелік нұсқау.

Жалпы мақсаты

Жай зат пен күрделі зат құрамында элементтің тотығу дәрежелерінің анықтайды. Теңдеулер жүйесі арқылы тотығу дәрежесін табуды үйренеді.

Күтілетін нәтиже

Бинарлы қосылыстардағы элементтердің тотығу дәрежелерін табуды үйренеді.

Негізгі идеялар

Тотығу, тотықсыздану процестері. Тотығу дәрежесі мәні бір элемент атомының екінші элемент атомына ығысқан электрондар саны. Бинарлы қосылыс - екі элементтен тұратын күрделі заттар.

Құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, интерактивтік тақта арқылы Power Point, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

Сергіту сәті, АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар«Интервью» әдісі

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Мұғалім іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сергіту сәті. Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау «Интервью» әдісі

Мұғалім сабақ барысында «нтервьюге» шығаратын оқушылардың орындықтарына стикер жабыстырып кетеді.Әрбір дұрыс жауап берген оқушыға фишка сыйға тару етіп отыруға болады. Сонында фишканың санына қарай оқушыларды бағалайды. Шыққан оқушы жауап бере алмаған жағдайда сыныптан көмек сұрайды.

Сұрақтар:

1.​ Сутекті жинаудың неше әдісі бар?

2.​ Сутектің физикалық қасиетеріне талдау жаса.

3.​ Сутекті алу жолдарын ата, реакция теңдеулерін жаз.

4.​ Сутектің жай заттармен әрекеттесуіне мысалдар келтір.

5.​ Сутектің күрделі заттармен әрекеттесуіне мысалдар келтір.

6.​ Сутекті қандай жағдайларда қолданамыз?

7.​ Сутекті бір ыдыстан екінші ыдысқа қалай құюға болады?

ІІ. Кіріспе. Химиялық элементтер туралы ертегі. Ертегі сутектің физикалық қасиеттерін сипаттайды.

ІІІ кезең Негізгі кезең .Жаңа сабақ : Химиялық элементтердің тотығу дәрежелері. Формулалары бойынша қосылыстардағы химиялық элементтердің тотығу дәрежелерін анықтау. Сутектің бинарлы қосылыстары.

Оқушылар топқа бөлінеді. Әр опқа мынадай жазудағы таратпа материал беріледі.

Сутекті оттекпен әрекеттесу теңдеуін мысалға алып, теңестіру керек.

Есіңде сақта! Оттек жай зат ретінде қатысатын барлық реакция теңдеулерінде, бірінші кезекте сол және оң жақтағы оттек атомдарының саны, содан кейін ғана басқа элементтер саны теңестіріледі. Жай заттарда тотығу дәрежесі әрқашан 0 - ге тең. Тотықтырғыш - электрон алатын элемент; Тотықсыздандырғыш - электрон беретін элемент. Тотықтырғыш тотықсызданады, тотықсыздандырғыш тотығады.

Бұдан соң бейнеролик арқылы арқылы

Әуелі бинарлы қосылыстардағы AI2+3O3-2 тотығу дәрежесін анықтауды одан соң күрделі заттағы H2+1C+4O3-2 элементтің тотығу дәрежелерін анықтауға жаттығу жасайды. Оқушыларға мына заттардың формулаларындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтайды:H2SO4, MnCI2, MgSO4,SiO2, CuO,HMnO4,K2Cr2O7.

Жаттығулар орындау. 1. Мына қосылыстардағы хлордың:HCI,CI2,HCIO, HCIO2, HCIO4 тотығу дәрежелерін анықтаңдар.

2. Мына қосылыстардағы фосфордың:PH3,HPO3,H3PO4,H3PO3 тотығу дәрежелерін анықтаңдар.

3. Мына қосылыстардағы күкірттің: H2S,ZnS,SO2, H2SO3, H2SO4 тотығу дәрежелерін анықтаңдар.

Екінші сабақ алдына мынадай сұрақтар қойылады:

1.​ Қандай жағдайда химиялық элементтер оң, теріс, нөл тотығу дәрежесін көрсетеді?

1.​ H2,HCI,H2O,F2,PCI5 қосылысындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтаңдар.

1.​ Иондық,атомдық және молекулалық кристалл торлы заттардың физикалық қасиеттері қандай? Оксидтер тақырыбындағы тотығу деген сөздің мағнасын еске түсіру. Реакциялардың бәрі ТТР-на жатпайды, тек теңдеуде тотығу дәрежелері өзгеретін элемент атомдары болса, ондай теңдеулер ТТР - на жатады. Енді оны заттың құрылысы тұрғысынан қарастыру қажет. Магнийдің күкіртпен әрекеттесуін қарастырамыз: Mg0 + S0 = Mg+2S-2

ЭБТ құру арқылы теңдеуді теңестіру: Mg0 - 2е = Mg+2 тотығады

S0 + 2е = S-2 тотықсызданады

Mg-тотықсыздандырғыш, S -тотықтырғыш, Магний сульфидіндегі +2,-2 тотығу дәрежесінің мәні айтылады.

Солдан оңға қарай ТД өсетін болса,элемент атомдары тотықсыздандырғыш (ТСШ) қасиет көрсетеді: -4, -3, -2, -1 ,0, +1, +2, +3, +4, +5,+6

Оңнан солға қарай ТД кемитін болса, элемент атомдары тотықтырғыш (ТТШ) қасиет көрсетеді:

Оқушыларға тотықтырғыш,тотықсыздандырғыш ұғымдарының анықтама сын,тотығу-тотықсыздану реакциясының мәнін түсіндіру. Тотығу-тотықсыздану реакциясының теңдеуін құру алгоритмі берілген кесте ілініп, оқушылар жаттығу жұмысын орындайды. Алгоритмі:

1.​ Химиялық теңдеуді құру.

1.​ Теңдеудің оң және сол бөлігіндегі барлық элементтердің тотығу дәрежесін анықтап, оны жазу.

1.​ Тотығу дәрежесі өзгерген элементті табу.

1.​ Электрондық баланс теңдеуін құру.

1.​ Химиялық теңдеуге коэффициенттерін қою.

1.​ Теңдеудің оң және сол бөлігіндегі оттегінің саны бойынша коэффициенттің дұрыс қойылғандығын тексеру.

1.​ Тотықтырғышты, тотықсыздандырғышты, тотығу - тотықсыздандыру процесін анықтау.

Сабақты пысықтау мақсатында жаттығулар орындау.

1.​ Тотығу - тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін құру:

AI + S = H2S + O2 = PbO + H2 = AI + Br2 =

2. ТТР теңдеулерінің коэффициенттерін қойыңдар.H2S + CI2 = HCI + S ; HNO3 + Cu = Cu(NO3)2 + NO2 + H2O;

Үйге тапсырма беру: §64. 5-6-7 жаттығуларын орындау.

Бағалау Топтық бағалау

Рефлексия

Оқушы іс-әрекеті Топқа бөлінеді

Ұпай жинау арқылы оқушылар бағаланады.

Оқулықпен жұмыс. Оқушылар тапсырманы топта талдайды, сосын топтың бір мүшесі басқа топтарға қорғайды , жұмыстары бағаланады.



© 2010-2022