Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы су 8 сынып. Химия

Күні:2.03.2015      сабақ : № 48      пәні:химия     Сыныбы:8 сынып   Сабақтың  тақырыбы:   Табиғаттағы су. Су табиғи әмбебап еріткіш, сулыы ерітінділер және жүзгіндер, қоспаларды бөлу жлдары №5 көрсетілім.   Сабақтың мақсаты: Білімділік: Судың тіршілік үшін  маңызын тиімді  пайдалану  жолдарын түрлі әдістерді  қолдана  отырып,  оқушыларға  меңгерту. Дамытушылық:  Оқушылардың  реакция теңдеулерін  дұрыс жазуға, теңестіруге  шығармашылық қабілетін  ойын, жаңа  технологияға  сүйене  отырып  дамыту...
Раздел Химия
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:2.03.2015 сабақ : № 48 пәні:химия Сыныбы:8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы су. Су табиғи әмбебап еріткіш, сулыы ерітінділер және жүзгіндер, қоспаларды бөлу жлдары №5 көрсетілім.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Судың тіршілік үшін маңызын тиімді пайдалану жолдарын түрлі әдістерді қолдана отырып, оқушыларға меңгерту.

Дамытушылық: Оқушылардың реакция теңдеулерін дұрыс жазуға, теңестіруге шығармашылық қабілетін ойын, жаңа технологияға сүйене отырып дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, экономикалық және экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, әңгімелеу,еептеу

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, карточкалар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Түгендеу, топқа бөлу; 2)Үй тапсырмасын сұрау

  2. Төмендегі реакция теңдеулерін аяқтаңыздар:2 есеп

  3. А) Na2 O + … = Na Cl + H2 O

  4. B Li2 O + … = LiOH.

  5. 3. Судың анықтамасын айт.

  6. 4. Судың физикалық қасиеті.

  7. Жауабы :Таза су-түссіз сұйықтық дәмі жоқ иіссіз, агрегатты күйі қатты сұйық газ.

  8. 5. Сызба нұсқаны жүзеге асырыңдар.

  9. H2 O- H2 - HCL - Zn Cl2 ;

  10. 1.2H 2 O = 2H 2 +O2

  11. 2. H2 + Cl2 = 2H Cl

  12. 3. 2HCl + Zn = Zn Cl2+H2

Ой сергіту: Жұмбақ

Көтеріліп теңізден,

Аспанға биік барамын.

Биіктен қайта түскенде,

Өңі кірер даланың. (жаңбыр)

Б) Сыйлап берген ... артық. (су)

"Су айналымы" қалай жүзеге асады?

Жаңа сабақ:

Глобусты көрсету арқылы түсіндіру. 4слайд.

-Жер бетінде ең көп таралған зат- су. Глобусқа қарасаң жер шарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған. Ол-су: мұхиттар, теңіздер, көлдер, өзендер.Тәжірибе: Табиғатта су сұйық, қатты және газ тәріздес бу күйінде кездеседі. Егер күн салқындап, температура нөл градустан төмен түссе, су сұйық күйден қатты күйге , яғни қар мен мұзға айналады.

-Кішкене табақшаға су құйып, бетін ашық қалдырсаң, бірнеше күннен кейін, оның босап қалғанын көресің. Табақшадағы су қайда кетті? Ол із-түссіз жоғалып кеткен жоқ, бір күйден екінші күйге ауысты. Сұйық күйден бу күйіне өтіп, ауамен араласты.

Адам өміріне ең қажетті 5 жағдайды атап, интерактивті тақтада жазу.

(жарық, су, ауа, тағам, жылу)

Ендеше, осы аталған 5 жағдайдың қайсысы шөл далада келе жатсақ керек болады?

-Су

-Судың неше қасиеті бар? ( сұйық, аққыш, еріткіш, иіссіз, мөлдір, түссіз)

-Судың қанша күйі бар?

-Үш күйі бар (сұйық, қатты, бу) жауаптарын жұмбақ шешу арқылы жазады.

1) Жылт-жылт етеді, жылғалардан өтеді (судың сұйық күйі)

2)Өзі судан жаралған, бірақ судан қорқады (мұз , қатты күйі)

3)Көзге көрінгенмен, ұстасаң қолға ілінбейді (газ, бу күйі)

Теңіз суреті (4 жол өлеңді хормен оқу)

Су деген- тіршіліктің наны емес пе?

Су деген-табиғаттың жаны емес пе?

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол-ақиқат

Күміс су қара жердің сәні емес пе?

Су табиғат байлығы. Тіршіліктің қайнар көзі.

Жердегі тіршілік және сан алуан табиғат құбылыстары сумен байланысты.

-Суды не үшін пайдаланады? Оқушылар әңгімелейді.

. Жергілікті жеріміздегі «Шалқар» көлі туралы баяндау.

Су туралы мақал-мәтел, жұмбақ, тыйым сөздер жазу

Венн диаграммасы

Сабақтың тақырыбы:Табиғаттағы су 8 сынып. ХимияСабақтың тақырыбы:Табиғаттағы су 8 сынып. Химия


Табиғатта қандай жағдайда су қатты, сұйық және бу күйінде болады?

Су-түссіз, мөлдір, иісі, дәмі жоқ, ұдайы ағып жатады. Су үш түрлі күйде болады. Өзен, көл,мұхит, теңіздердегі, жаңбыр тамшыларындағы, таңертеңгі шықтағы, су сұйық күйінде болады. Қарда-су қатты күйінде болады. Ал, газ күйінде-буланған суды мысалға келтіруге болады.

9. Су-ерінтілердің қолданылуы:

Сулы ерітінді даярлауда, Барлық тірі организмдер ағзасында, Автокөлікердің аккуммуляторына құю үшін пайдаланылады, Тұз, қант ерітінділерін даярлау үшін, Лабороторияда сутек алу үшін, Сірке қышқылының ерітіндісін тұрмыста , өнеркәсәпте қолданады .

10. Ерітінді дегеніміз не?

Жауап : Ерітінді дегеніміз - еріткіш пен еріген зат бөлшектерінен тұратын және өзара бір-бірімен физикалық-химиялық әсерлесетін біртекті жүйе.

Табиғатта қандай жағдайда су қатты, сұйық және бу күйінде болады?

Су-түссіз, мөлдір, иісі, дәмі жоқ, ұдайы ағып жатады. Су үш түрлі күйде болады. Өзен, көл, мұхит, теңіздердегі, жаңбыр тамшыларындағы, таңертеңгі шықтағы, су сұйық күйінде болады. Қарда-су қатты күйінде болады. Ал, газ күйінде-буланған суды мысалға келтіруге болады. Ал, жер бетінің 4/3 бөлігі су болып табылады.

Су-ерітінділері:

1. Сулы ерітінді

2. Автокөлікердің аккуммуляторына құю үшін пайдаланылады

3. Тұз, қант ерітінділерінде

4. Лабороторияда сутек алу

5.Тірі организмдер көп пайдаланады.

6. Бау- бақша , дәнді -дақылдарды суаруда қолданылады.

Жалпы сузыз тіршілік жоқ.

"Су жүргізер тіршіліктің тамырын,

Су жоқ болса, бітер жүрек,бауырым.

Судың біздер біле тұра маңызын,

Көп болған соң ұмытармыз қадірін." - яғни табиғаттағы суды біз ысырапсыз, үнемді де тиімді пайдалануымыз керек.

Бекіту сұрақтары:

  1. Суды қайда қолданамыз?

  2. Судың маңызы?

Қорытынды:

Су: Тұрмыста, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінде, негіздер алу үшін, бу двигательдерінде кеңінен қолданылады.

Бағалау.

Үйге тапсырма: тақырыпты оқу, соңындағы тапсырмаларды орындау.

Рефлексия.


© 2010-2022