Открытый урок по химии на тему Су еріткіш

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 8-сынып

Пәні: Химия

Сабақтың тақырыбы: §37. Су - еріткіш

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік - Оқушыларға судың әмбебап еріткіш болып табылатынына жәрдемдесу;

2. Дамытушылық - Оқушылардың «ерітінділер», «ерігіштік» ұғымдары жайлы түсініктерін дамыту;

3. Тәрбиелік - Оқушыларды табиғатты, қоршаған ортаны аялауға және экологиялық жағдайды болдырмауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ: жаңа тақырыпты игеру.

Сабақтың өтілу әдісі: Түсіндірмелі, мысалдар арқылы айқындау.

Сабақта қолданылған технология: Сатылай кешенді талдау.

Қажетті көрнекіліктер: Оқулық, т.б.

Пәнаралық байланыс:

Физикамен

Ерітінділердің табиғатына шолу жасау

Заттардың суда ерігіштігі:

  • Қатты заттардың ерігіштігінің температураға тәуелділігі (кристалдану);

  • Сұйықтардың және газдардың суда ерігіштігі

Күтілетін нәтиже: Оқушылар судың әмбебап еріткіш екені турасында нақты білім игереді.

Сабақтың барысы:

І) Ұйымдастыру кезеңі: а) сынып оқушыларын түгелдеу;

ә) оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау;

б) сынып тазалығына назар аудару.

ІІ) Үй жұмысын тексеру кезеңі: Оқушылардан §36-ны сұраймын және қосымша сұрақтар қоямын.

ІІІ) Үй жұмысын қорытындылау кезеңі: Осы кезде оқушыларға §36-ның көлемінен негізгі сұрақтарды қоямын.

ІV) Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі: Ерітінділер дегеніміз - еріткіш пен еріген зат бөлшектерінен тұратын және өзара бір-бірімен физикалық-химиялық әсерлесетін біртекті жүйе. Іс жүзінде белгілі болғандай, заттардың барлығы дерлік суда жақсы ери бермейді, сондықтан бір зат екіншісімен салыстырғанда қаншалықты еритінін көрсету үшін «ерігіштік» деген ұғым қолданылады. ерігіштіктің сандық мөлшері ерігіштік немесе еру коэффициенті арқылы анықталады. Ол белгілі бір температурада қаныққан ерітінді түзген зат массасының еріткіштің көлеміне қатынасына тең. Өлшемі: г/см3, кг/м3, г/мл, г/л. Көріп жүргеніміздей, заттардың ерігіштігі шексіз емес. берілген температурада одан әрі ерімейтін ерітінді қаныққан, ал одан әрі ери алатын ерітінді қанықпаған деп аталады. Заттардың ерігіштігі шартты түрде былай белгіленеді: ЕМ - ерімейтіндер; АЕ - аз еритіндер; Е - еритіндер. Температура жоғарылағанда көптеген қатты заттардың ерігіштігі артады. Температура төмендегенде және қысым өскенде газдардың ерігіштігі артады. Ал сұйықтарда, мәселен, спирт пен глицирин суда шексіз ериді, ал бензин суда ерімейді, өсімдік майы эмульсия түзеді.

12-кесте

Заттардың ерігіштігінің сипаттамасы


Заттар

(200С-та судағы ерігіштігі)



Открытый урок по химии на тему Су еріткіш

Открытый урок по химии на тему Су еріткішОткрытый урок по химии на тему Су еріткішОткрытый урок по химии на тему Су еріткішОткрытый урок по химии на тему Су еріткіш

Жақсы еритіндер

Аз

еритіндер

Іс жүзінде

ерімейтіндер



Открытый урок по химии на тему Су еріткіш

Открытый урок по химии на тему Су еріткішОткрытый урок по химии на тему Су еріткішОткрытый урок по химии на тему Су еріткішОткрытый урок по химии на тему Су еріткіш

Қант

(1 л суда

2000 г ериді)

Гипс

( 1 л суда

2 г зат ериді)

Күміс хлориді

1 л суда 1,5*10-3 г зат ериді


V) Жаңа сабақты бекіту кезеңі: Жаңа сабақты бекіту үшін оқушыларға мынадай сұрақтар қоямын:

1. Ерігіштік дегеніміз не?

2. Іс жүзінде суда ерімейтін: а) қатты заттар; ә) сұйықтар; б) газ тәрізді заттарды атаңдар.

3. Көптеген қатты заттардың: а) ерітіндіні қыздыру кезінде; ә) салқындаатқан кезде ерігіштігі қалай өзгереді?

4. Ерітінді деген не?

VІ) Сергіту сәті кезеңі: Оқушыларды үш қатарға бөліп, әрқайсысына тиісті есептерін беремін:

1-қатар: Қатты заттардың ерігіштігінің температураға тәуелділігін нақты мысалдар келтіре отырып дәлелдеңдер.

2-қатар: Сұйықтардың суда ерігіштігін нақты дәйектермен нақтылаңдар.

3-қатар: Газдардың судағы ерігіштігіне температура мен қысым қалай әсер ететінін анықтаңдар?

VІІ) Сабақты қорытындылау кезеңі: Сабақты қорыту үшін оқушыларға тақырып соңындағы 5-жаттығуды орындатамын.

VІІІ) Үй тапсырмасын беру кезеңі: §37. Су - еріткіш.

ІХ) Бағалау саясаты: Сабақ кезінде көзге түскен оқушыларды білім деңгейлеріне және білім сапаларына қарай бағалаймын.

І-нұсқа

1. Ерітінділердің өзіне тән белгісі қандай?

А) Мөлдірлігі

В) Біртектілігі

С) Әртектілігі

D) Мөлдірлігі және біртектігі

Е) Мөлдірлігі және әртектілігі

2. Ерігіштіктің өлшем бірлігі қандай болады?

А) г/см3

В) г/моль

С) моль

D) л/моль

Е) Дж

3. Іс жүзінде ерітінділерді ерігіштігіне қарай нешеге бөледі?

А) 2

В) 3

С) 4

D) 5

Е) Бөлінбейді

4. 1 л суда неше грамм гипс ери алады?

А) 1 г

В) 1,5 г

С) 2 г

D) 2,5 г

Е) 3 г

5. Еріткіш дегеніміз не?

А) Еріген зат пен еріткіштен тұратын физикалық-химиялық біртекті жүйе

В) Берілген температурада одан әрі ери алатын ерітінді

С) Берілген температурада одан әрі ерімейтін ерітіндіні

D) Затты ерітітін сұйықтық

Е) Еріткіште еритін зат

6. Қатты заттардың ерігіштігі неге тәуелді?

А) Жоғары температураға

В) Төменгі температураға

С) Жоғары қысым мен төменгі температураға

D) Табиғатына

Е) Ешқандай шамаға тәуелді емес

7. Мына сұйықтардың қайсысы суда шексіз ериді?

А) Глицирин мен бензин

В) Бензин әрі спирт

С) Өсімдік майы және бензин

D) Глицирин мен спирт

Е) Спирт пен өсімдік майы

8. Шөлмектегі газданған сусынды дайындау үшін қандай газ қолданылады?

А) Оттек

В) Сутек

С) Аммиак

D) Азот

Е) Көміртек (ІV) оксиді

9. Суда өте аз еритін газды көрсетіңіз

А) Аммиак

В) Хлорсутек

С) Азот

D) Көміртек (ІV) оксиді

Е) Дұрыс жауабы жоқ

10. Суда жақсы еритін газдарды көрсетіңіз

А) Оттек

В) Инертті газдар

С) Аммиак

D) Сутек

Е) Азот

ІІ-нұсқа

1. Ерітінділер дегеніміз не?

А) Еріткіш бөлшектерінен тұратын физикалық-химиялық біртекті жүйе

В) Еріген зат бөлшектерінен тұратын физикалық-химиялық біртекті жүйе

С) Еріген зат пен еріткіштен тұратын физикалық-химиялық біртекті жүйе

D) Еріген зат пен еріткіштен тұратын физикалық-химиялық әртекті жүйе

Е) Дұрыс жауабы берілмеген

2. Берілген температурада одан әрі ерімейтін ерітіндіні қалай атайды?

А) Ерітінді

В) Еріткіш

С) Еріген зат

D) Қаныққан

Е) Қанықпаған

3. Әмбебап еріткіш ретінде нені кеңінен қолданады?

А) Су

В) Спирт

С) Бензин

D) Сұйық май

Е) Жауаптарының барлығы дұрыс

4. 1 л суда неше грамм күміс хлориді ери алады?

А) 1*10-3 г

В) 1,5*10-3 г

С) 2*10-3 г

D) 2,5*10-3 г

Е) 3*10-3 г

5. Мына заттардың ішінен қайсысы жақсы ериді?

А) Бор

В) Қант

С) Құм

D) Топырақ

Е) Жауаптарының барлығы дұрыс

6. Сұйықтардың ерігіштігі неге тәуелді?

А) Жоғары температураға

В) Төменгі температураға

С) Жоғары қысым мен төменгі температураға

D) Табиғатына

Е) Ешқандай шамаға тәуелді емес

7. Мына сұйықтың қайсысы суда ерімейді?

А) Глицирин

В) Спирт

С) Бензин

D) Өсімдік майы

Е) Дұрыс жауабы жоқ

8. Суда өте аз еритін газды көрсетіңіз

А) Оттек

В) Хлорсутек

С) Аммиак

D) Көміртек (ІV) оксиді

Е) Дұрыс жауабы жоқ

9. Суда өте аз еритін газды көрсетіңіз

А) Хлорсутек

В) Инертті газдар

С) Аммиак

D) Көміртек (ІV) оксиді

Е) Дұрыс жауабы жоқ

10. Суда жақсы еритін газдарды көрсетіңіз

А) Оттек

В) Хлорсутек

С) Инертті газдар

D) Сутек

Е) Азот

ІІІ-нұсқа

1. Бір зат екіншісімен салыстырғанда қаншалықты еритінін көрсету үшін қандай ұғымды пайдаланады?

А) Еріткіш

В) Ерігіштік

С) Еріген зат

D) Ерітінді

Е) Еріген зат пен еріткіш

2. Берілген температурада одан әрі ери алатын ерітіндіні қалай атайды?

А) Ерітінді

В) Еріткіш

С) Еріген зат

D) Қаныққан

Е) Қанықпаған

3. 1 л суда неше грамм қант ери алады?

А) 500 г

В) 1000 г

С) 1500 г

D) 2000 г

Е) 2500 г

4. Еріткіште еритін затты не деп атайды?

А) Ерітінді

В) Қанықпаған ерітінді

С) Қаныққан ерітінді

D) Еріткіш

Е) Еріген зат

5. Мына заттардың ішінен қайсысы нашар ериді?

А) Селитра

В) Қант

С) Ас тұзы

D) Бор

Е) Дұрыс жауабы жоқ

6. Газдардың ерігіштігі неге тәуелді?

А) Жоғары температураға

В) Төменгі температураға

С) Жоғары қысым мен төменгі температураға

D) Табиғатына

Е) Ешқандай шамаға тәуелді емес

7. Мына сұйықтың қайсысы суда эмульсия түзеді?

А) Глицирин

В) Бензин

С) Спирт

D) Өсімдік майы

Е) Жауаптарының барлығы дұрыс

8. Суда өте аз еритін газды көрсетіңіз

А) Көміртек (ІV) оксиді

В) Хлорсутек

С) Аммиак

D) Сутек

Е) Дұрыс жауабы жоқ

9. Суда өте аз еритін газды көрсетіңіз

А) Оттек

В) Инертті газдар

С) Азот

D) Сутек

Е) Жауаптарының барлығы дұрыс

10. Суда жақсы еритін газдарды көрсетіңіз

А) Көміртек (ІV) оксиді

В) Оттек

С) Инертті газдар

D) Сутек

Е) Азот


© 2010-2022