Открытый урок по химии на тему Оксидтер. Олардың атаулары

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Открытый урок по химии на тему Оксидтер. Олардың атауларыОткрытый урок по химии на тему Оксидтер. Олардың атауларыОткрытый урок по химии на тему Оксидтер. Олардың атауларыОткрытый урок по химии на тему Оксидтер. Олардың атауларыОткрытый урок по химии на тему Оксидтер. Олардың атауларыОткрытый урок по химии на тему Оксидтер. Олардың атауларыОткрытый урок по химии на тему Оксидтер. Олардың атауларыОткрытый урок по химии на тему Оксидтер. Олардың атауларыОткрытый урок по химии на тему Оксидтер. Олардың атауларыБекітемін:

Мектеп басшысының

оқу ісі жөніндегі орынбасары ________________

Мұғалімнің

аты-жөні

Е.Қайрылбаев

№_______орта

мектебі

Сыныбы

8

28 сабақ

Сабақтың

тақырыбы:

Оксидтер. Олардың атаулары.Оттектің химиялық қасиеттері.Жану

Сілтеме

Білім стандарты, пән бағдарламасы, 8 - сынып «Химия» оқулығы, авторы: Н.Нұрахметов, Алматы «Мектеп» 2012, Ә.Темірболатова «Химия» 8-сынып Есептер мен жаттығулар жинағы, Алматы «Мектеп» 2004

Жалпы

мақсаты

Оксидтерді анықтау, жіктеу, талдау, есептер шығару, маңызын түсіну

Күтілетін нәтиже

Оксидтерді таниды, жіктей алады, бір бірінен ажыратады. Сапалық есептер шығарады

Негізгі

идеялар

Құрал-жабдықтар:

Компьютер, маркер, қарындаш, слайдтар, компьютер, индикаторлар

Сабақтың

түрі

Жаңа білімді игеру сабағы

Әдіс-тәсілдер

Сергіту сәті(жұмбақтар-полиглот), АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар. Блум таксономиясы (БТҚ).

Сабақ

бойынша

мұғалім

жазбалары

Мұғалім іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды сергітіп, топқа бөлу.

  1. Осы затпен ескі үйді аластайды,

Түсіне қарасаң алтынға да ұқсайды.

(Күкірт)

  1. Адам мен жануардан бөлінеді,

Өсімдіктің торына ілігеді.

(Көмірқышқыл газы)

Бейорганикалық заттардың жіктелуін еске түсіру. Оқушылар бейорганикалық заттардың жіктелу кестесін бұрын алған біліміне сүйене отырып жасайды. Ол келесі сабақта толықтырылып, жалғасын табады.

Бейорганикалық заттар

Жай зат

Металл Бейметалл

Күрделі зат

Оксид Қышқыл Негіз Тұз

Негіздік Екідайлы Қышқылдық

Жай және күрделі заттардың ережесін еске түсіреді. Күрделі заттардың негізгі кластарының ережелері сұралады. Содан кейін оксидтерді жіктеуді жалғастырады. Негіздік, екідайлы, қышқылдық болып бөлінеді, оларға мысалдар келтіру. Оксидтердің құрылымдық формулалары жазылып көрсетіледі.Оқулықпен жұмыс істеу арқылы жаңа тақырыптағы мазмұнды білу. Оксидтердің алынуы тірек-сызба арқылы түсіндіріледі.

Открытый урок по химии на тему Оксидтер. Олардың атаулары

Оқушыларға қысқа мерзімдік өзіндік жұмыстарын ұсыну:

1-нұсқа. Есептер мен жаттығулар жинағы(71-72бет), 4-2, 4-4, 4-17.

2-нұсқа. Есептер мен жаттығулар жинағы(71-72бет), 4-3, 4-5, 4-18.

Өздік жұмысты талдай отырып, түсіндірілген тақырыпты толық бекіту үшін оқушыларға сұрақтар қойылады және тапсырмалар беріледі:

  1. Оксидтер деп нені айтады?

  2. Негіздік және қышқылдық оксидтердің ұқсастығы мен айырмашылығын айтып беріңдер?

  3. Суда еритін және ерімейтін оксидті атаңдар?

  4. Күкірт(IV)оксиді,калий оксиді,темір(ІІІ)оксидтеріне сәйкес келетін гидроксидтердің формуласын жазыңдар?

Есептер мен жаттығулар жинағынан орындау (71-72бет):

4-1. Формулалары келтірілген заттардың ішінен: KOH,H2S,H2O,CO2,AICI3,AI2O3,FeO, Fe2O3 тек қана оксидтердің формулаларын теріп жазыңдар.

4-19.

Мына қосылыстар:BaO,CuO,AI2O3,FeO,SO3,SO2,ZnO,P2O5,K2O,SrO оксидтердің қай түріне жатады. Төмендегі үлгі бойынша жіктеп,тұстарына аттарын жазыңдар:

Негіздік оксид

Екідайлы оксид

Қышқылдық оксид


Оқытудың жоспарланған нәтижесі: Оқушылар оксидтердің жіктелуі,аталуы мен алу жолдарын жоспарлы түрде айтып бере білуі керек. Суда еритін және ерімейтін оксидтерге мысалдар келтіре отырып, екідайлы оксидтердің ерекше қасиеттерін айта білу.

Оқушыларға эксперименттік есептерді орындауды ұсынады.

1. Кальций оксиді - негіздік оксид екенін қалай дәлелдеуге болады?

Бір оқушыны тәжірибе жасайтын столға шақырамын. Ол кальций оксидін суда ерітіп, түзілген сілтіні индикатормен анықтайды. Екінші оқушы кальций оксидін лакмуспен боялған тұз қышқылында ерітеді. Содан кейін олар реакция теңдеулерін жазады.

2. Фосфор(V)оксиді - қышқылдық оксид екенін қалай дәлелдеуге болады?

Эксперименттік тәжірибені мұғалім орындайды. Фосфор(V)оксидін суда ерітіп, түзілген қышқыл ерітіндісін индикатормен анықтайды. Фосфор(V)оксидін сілтімен әрекеттестіреді. Ал оқушылар реакция теңдеулерін жазады. Негіздік және қышқылдық оксидтермен қатар екідайлы қасиет көрсететін оксидтерді де қарастыру. Мұндай оксидтер қышқылдармен де,негіздермен де реакцияға түсе алады, демек екідайлы қасиет көрсетеді. Тәжірибе көрсетіледі,теңдеулері жазылады:

ZnO + H2SO4 = ZnSO4 + H2O; ZnO + NaOH = Na2ZnO2 + H2O

Оқушыларды қатыстыра отырып, тірек - сызба таблицасы арқылы оксидтердің химиялық қасиеттері түсіндіріледі.

Открытый урок по химии на тему Оксидтер. Олардың атаулары

Өтілген тақырыпты бекіту:

I нұсқа (Химия оқулығы 63 бет №1 тапсырма)

Төменде келтірілген заттардың ішінен биэлементті қосылыстарды теріп жазып:

H2SO4, Na2O, CuO, Cu2 O, NaOH, FeS, SO2, H2 SO3, SO3, MnO3, FeCI, KI әрқайсысын атаңдар.

II нұсқа (Химия оқулығы 66 бет №2 тапсырма)

Мына заттардың оттекпен әрекеттесу реакциясының теңдеулерін жазып теңестіріңдер: а) магний; ә) кальций; б) кремний; в) сутек

Оқытудың жоспарланған қасиеті: Суда еритін және ерімейтін оксидтерге мысалдар келтіре отырып, екідайлы оксидтердің ерекше қасиеттерін тәжірибе қорытындысы бойынша түсіндіріп беруі қажет.

Үйге тапсырма: §23-24 (1-2). Есептер жинағынан 4-10,4-11, Жұмыс дәптеріне орындап келу

Бағалау Топтық бағалау, Рефлексия



© 2010-2022