Бейметалдар мен металдар ашык сабактар

Раздел Химия
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:
Бейметалдар және металдар


Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға бейметалдар мен металдар тақырыбы бойынша алған теориялық білімдерін қорытындылау, іс-жүзінде қолдана білуді, жан-жақты білімдерін жинақтау.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың бейметалдар және металдар туралы біледі, өз бетімен ізденеді және ой-өрісі дамиды.

Сабақтың түрі : жаңа технология .

Сабақтың әдісі : блум жүйесі.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың жоспары:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Топқа бөлу. Күкірт. Азот. Алюминий. Темір. Фосфор.

Қатысушылар 5 топта жұмыс істейді (әр топта кем дегенде 6 қатысушыдан болады).

ІІ.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру,

Топ ережесін құру:

1.Ұйымшылдық

2.Топ басшысына бағыну

3.Уақытты үнемдеу

4.Бір-бірінің пікірін тыңдау.

5.Тәртіп

Тапсырма басында олар 5 минут ішінде рөлдерді бөлуге тиіс:

  • Төраға;

  • Таймкипер

  • Хатшы;

  • Баяндамашы.

ІІІ. Жаңа сабақ: Бейметалдармен металдарға жалпы шолу бейнебаян.


«БЛУМ» жүйесі


1.Білу. Ой қозғау

Ойлан, Бірік, Бөліс

Оқушылар ойына келген жауаптарды немесе идеяларды барынша көп жазады (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді (Бірік). Мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды. (Бөліс).

1-сұрақ Мұғалім. Оқушылар Менделлевтің периодтың кестесінде қанша бейметал және қанша метал бар?

2-сұрақ. Ал оқушылар осы бейметалдармен металдардың физикалық қасиеттерін еске түсірейік

3-сұрақ. Оқушылар біз қанша бейметалдармен және металдармен элементтермен таныстық:?

4-сұрақ. Қазақстан металлугиясының дамуына баға жетпес үлес қосқан ғалым?

5-сұрақ. Қазақстанның металл байлығы тізбесіне енген химиялық элементтер?

2.Түсіну.

Бірге ойлаймыз

1.Оқушыларды 4 адамнан тұратын топқа бөліңіз, әр топқа тақырыпқа байланысты сұрақтар беріледі. 2.Оқушылар берілген уақыт біткеннен кейін, олар өз жауаптарын сыныппен бөліседі.

Сұрақтар:

1-топ. Бейметалдардың Қазақстандағы табиғи қосылыстары. Олардан өндірілетін заттардың қолданылауы?

2-топ. Еліміздегі металл кендері және қолданылуы мысалы: алюминий, темір вольфрам, шойын болат?

3-топ. Кремний және силикат өнеркәсібі?

4-топ. Кальций және оның биологиялық маңызы?

5-топ. Металдардың адам өміріндегі маңызы?

3. Қолдану

Есептер:

1-топ. 5г 20 %-дық темір (ІІІ) хлориді мен 10г 10 %-дық натрий гидроксиді әрекеттескенде қандай зат және массасы бойынша қанша мөлшерде тұнбаға түседі?

2-топ. Массасы 2т глиноземнен (Al2O3) 1т алюминий алынса, өнімнің шығымы қандай?

3-топ. Сіріңке шаққанда 1,86г фосфор қанша бертолле тұзымен (KClO3) әрекеттеседі?

4-топ. Егер шығымы 60% болса, 500л ауа азотынан қанша көлем аммиак (қ.ж.) алуға болады?

5-топ. 17,1 барий гидроксидін бейтараптауға неше грамм күкірт қышқылы жұмсалды?



Бейметалдар мен металдар ашык сабактар


Бейметалдар мен металдар ашык сабактар

Бейметалдар мен металдар ашык сабактар


5.Жинақтау

Бейметалдар мен металдар ашык сабактар





Жинақтауға арналған сұрақтар.

Сұрақтар банкісі

1.Фосфордың тірі организмдер үшін маңызы

2.Азоттың физикалық қасиеті

3.Көміртектің аллотропиялық түрі өзгерісі «АЛМАЗ»

4.Кальцийдің периодтық жүйедегі орны

5.Азоттың тіршілік үшін маңызы

6.Металлургия

7.Темірдің құймасы

8.Қандай металдар пышақпен оңай кесіледі

9.Ең жеңіл металл

10.Ең ауыр металл

11.Керосиннің астында сақталатын металдар

12.Металдардың жіктелуі

13.Кремний оксидінің физикалық қасиеті



6.Бағалау

Топ басшыларының бағалау критерилері

Оқушылардың аты-жөні

Топпен жұмыс кезінде белсендігі «3»

Идеялар ұсына алды

«3»

Топқа және дербес идея қосты «4»

Белсенді түрде тыңдайды «4»

Сұрақтарға жауап берді

«5»

Жалпы балл

1


2


3


4


5


6





Рефлексия:

2 жұлдыз,1 тілек

Үйге тапсырма: §25-37 қайталау.


© 2010-2022