Химиядан 9 сыныпқа арналған сабақ

Сабақ тақырыбы:Ион алмасу реакциялары Сабақтың  мақсаты: ·         а) білімділік  мақсаты:            Бағдарлама межесіне сай білім, білік  дағдыларын қалыптастыра отырып, оқушыларды реакция аяғына дейін жүру үшін қандай шарттар орындалуымен таныстыру, химиялық реакциялардың теңдеулерін құрастыруға дағдыландыру; ·          б) дамыту  мақсаты: ·               Химия – заттар және олардың бір- біріне айналуы туралы ғылым екендігіне оқушылардың көздерін жеткізу, ион алмасу реакциялары туралы білімде...   Анықтау         Сергіту жаттығу:         а)   Мұғалім бір элементтің атын айтады, элемент қай әріпке бітсе, оқушы сол әріптен басталатын элементтің атын айтып жалғастыруы қажет. Мысалы: азот, тантал, лантан, неон, натрий, йод...     в) Мұнда мұғалім элементтердің химиялық (интерактивті тақтаға назар аудару). Таңбаларын, валенттілігін, латынша аттарын барлық  оқушылармен бірге хормен қайталап шығады.   H,  O,  Na,  K,  Mg,   Zn,  Ag,  Au,  Pb,  Hg,  P,  Fe,  C,    S, ...   ІІ. Өткен сабақты қайталау   Оқушылар өзін-өзі бағалайды Оларды үш топқа бөлеміз. Тапысмаларды 5 балдық жүйеде бағалайды. Ітапсырма Химиялық    диктант     Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз. 1).... – суда ерігенде немесе балқығанда оң және теріс иондарға бөлінетін заттар. 2) Иондар дегеніміз – ... бөлшектер. 3) Диссоциациялану дәрежесі ..... әріпімен белгіленеді. 4) Күкірт қышқылы ... сатыда диссоциацияланады. 5) ..... – сулы ерітіндіде диссоциацияланғанда катион ретінде тек сутек катионын бөліп шығаратын заттар.   ІІ тапсырма    1. «Тұздардың, негіздердің және қышқылдардың суда ерігіштігі» кестесін пайдаланып, берілген кестеге мына заттардың формулаларын бөліп жазыңдар:     CuO, Cu(OH)2, Ca(OH)2, H2SO4, K2SO4, BaSO4, AgNO3, AgCl, FeCl3, PbCO3. Қатысу Видео                 Зерттеу   Оқушылар 3 топқа бөлініп  тапсырма орындайды “Миға шабуыл стратегиясы” Реакция жасау барысында заттар тұнбаға түсіп, газ бөлінетінін, кей жағдайда әлсіз электролит түзілетінін білесіңдер ол неге деп ойлайсыздар?   Зерттеу тапсырмалары   1.Неліктен сынауыққа калий хлоридін құйып, үстіне натрий сульфатын қосқанда тәжірибеде ешқандай өзгеріс  байқалмайды, реакция теңдеуін жазып түсіндір?     2.Натрий сульфаты бар сынауыққа барий хлоридін қоссақ неліктен ақ тұнба түзіледі, ол қандай зат?     3.Натрий  сульфиді ерітіндісіне тұз қышқылын   құйғанда неге  шіріген жұмыртқаның исі   білінеді?   Сергіту сәті:     Оқушыларға анион, катиондар эмблемаға   жазылып беріледі, оқушылар иондар рөлінде ретсіз қозғалыста жүреді. Музыка біткеннен кейін бірінің бірі жұбын тауып, түзілген ерітіндінің формуласын құрастырады, атайды. Соңында екі ерітіндінің қосылу нәтижесінде жаңа рекацияның түрі құрылады,иондар арасында  жүретін ол қандай реакция?                1 топ                                              2 топ      А+ + К -                                   А+  +  К -                Ерітінді           ...                            Түсіндіру                                                                                                  Ион алмасу реакциясы                                     Тұнба          Газ немесе                     Аз                                                            ұшқыш                   диссоциация-                                                                                               ланатын  зат                                                                   “Миға шабуыл” стратегиясы               Генератор        Анализатор   1.Иондық теңдеулер дегеніміз не? 2. Иондық теңдеулерде қандай заттардың формулалары молекулалық түрде жазылады? 3.Иондық теңдеуде электролиттің формулалары қалай жазылады? 4.Ион алмасу реакциясы қалай жүреді?   Әзірлеу 1. Ион алмасу реакцияларының жүру  жағдайлары туралы қорытындылап ойыңды тұжырымда. 2.   Формулалары төменде берілген ерітінділер арасында жүретін ион алмасу реакцияларының теңдеулерін жазып қайтымды және қайтымсыз алмасу реакцияларын салыстыр.   2–тапсырма«Домино»  ойыны Оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырады. Қағаздың жартысына формула, 2 – ші жартысына басқа заттың аты жазылады. Келесі қағазда сол заттың формуласы жауап ретінде жазылып, басқа заттың формуласы сұрақ ретінде қойылған. Оны оқушы рет – ретімен жауаптарын сәйкестендіргенде ұзын домино жиналады Кеңейту «Ой қозғау» 1.Неліктен судың диссоциациялануы ескерілмейді? 2.Сен қалай ойлайсың,не себепті электролиттер күшті және әлсіз деп ажыратылады?
Раздел Химия
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Химиядан 9 сыныпқа арналған сабақХимиядан 9 сыныпқа арналған сабақХимиядан 9 сыныпқа арналған сабақ Оспанова Сауле Кусмановна

Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

«№2 орта мектебі»КММ химия пәні мұғалімі

[email protected]

Мастерская педагогического опыта

ИОН АЛМАСУ РЕАКЦИЯЛАРЫ

Сабақ тақырыбы: Ион алмасу реакциялары

Сабақтың мақсаты:

  • а) білімділік мақсаты:

Бағдарлама межесіне сай білім, білік дағдыларын қалыптастыра отырып, оқушыларды реакция аяғына дейін жүру үшін қандай шарттар орындалуымен таныстыру, химиялық реакциялардың теңдеулерін құрастыруға дағдыландыру;

  • б) дамыту мақсаты:

  • Химия - заттар және олардың бір- біріне айналуы туралы ғылым екендігіне оқушылардың көздерін жеткізу, ион алмасу реакциялары туралы білімдерін дамыту;

  • в) тәрбиелік мақсаты:

Оқушылардың танымдық және комуникативтік іс- әрекетпен өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу арқылы жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге, өзінің салт- дәстүрін тануға тәрбиелеу.

  • Сөздік қорларына:

Ион алмсу, газдың бөлінуі, тұнбаның пайда болуы, әлсіз электролиттің түзілуі сөздерін енгізу.

  • Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

  • Әдіс тәсілдер: ойын элементтерін пайдалану,сұрақ-жауап,деңгейлік тапсырмалармен жұмыс

  • Сабақтың көрнекілігі: компьютер,электрондық оқулық мәтіні, топтарға арналған тапсырмалар

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

  • 1. Оқушылармен амандасу

  • 2. оқушыларды түгендеу

  • 3. Ынтымақтастық (коллаборативтік) орта қалыптастыру

Бүгінгі күн ерекше

Мен сабақта, мектептемін

Менің зейінім тұрақты,

Менің сабаққа ынтам зор,

Өйткені мен бақыттымын

Анықтау



Сергіту жаттығу:

а) Мұғалім бір элементтің атын айтады, элемент қай әріпке бітсе, оқушы сол әріптен басталатын элементтің атын айтып жалғастыруы қажет. Мысалы: азот, тантал, лантан, неон, натрий, йод...

в) Мұнда мұғалім элементтердің химиялық (интерактивті тақтаға назар аудару). Таңбаларын, валенттілігін, латынша аттарын барлық оқушылармен бірге хормен қайталап шығады.

H, O, Na, K, Mg, Zn, Ag, Au, Pb, Hg, P, Fe, C, S, ...

ІІ. Өткен сабақты қайталау

Оқушылар өзін-өзі бағалайды
Оларды үш топқа бөлеміз.
Тапысмаларды 5 балдық жүйеде бағалайды.

Ітапсырма
Химиялық диктант

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз.
1).... - суда ерігенде немесе балқығанда оң және теріс
иондарға бөлінетін заттар.
2) Иондар дегеніміз - ... бөлшектер.
3) Диссоциациялану дәрежесі ..... әріпімен белгіленеді.
4) Күкірт қышқылы ... сатыда диссоциацияланады.
5) ..... - сулы ерітіндіде диссоциацияланғанда катион
ретінде тек сутек катионын бөліп шығаратын заттар.

ІІ тапсырма

1. «Тұздардың, негіздердің және қышқылдардың суда ерігіштігі» кестесін пайдаланып, берілген кестеге мына заттардың формулаларын бөліп жазыңдар:
CuO, Cu(OH)2, Ca(OH)2, H2SO4, K2SO4, BaSO4, AgNO3, AgCl, FeCl3, PbCO3.

Қатысу

Видео

Химиядан 9 сыныпқа арналған сабақ





Зерттеу

Оқушылар 3 топқа бөлініп
тапсырма орындайды

"Миға шабуыл стратегиясы"

Реакция жасау барысында заттар тұнбаға түсіп, газ бөлінетінін, кей жағдайда әлсіз электролит түзілетінін білесіңдер ол неге деп ойлайсыздар?

Зерттеу тапсырмалары

1.Неліктен сынауыққа калий хлоридін құйып, үстіне натрий сульфатын қосқанда тәжірибеде ешқандай өзгеріс байқалмайды, реакция теңдеуін жазып түсіндір?

2.Натрий сульфаты бар сынауыққа барий хлоридін қоссақ неліктен ақ тұнба түзіледі, ол қандай зат?

3.Натрий сульфиді ерітіндісіне тұз қышқылын құйғанда неге шіріген жұмыртқаның исі білінеді?

Сергіту сәті:

Оқушыларға анион, катиондар эмблемаға

жазылып беріледі, оқушылар иондар рөлінде

ретсіз қозғалыста жүреді. Музыка біткеннен кейін бірінің бірі жұбын тауып, түзілген ерітіндінің формуласын құрастырады, атайды.

Соңында екі ерітіндінің қосылу нәтижесінде

жаңа рекацияның түрі құрылады,иондар арасында жүретін ол қандай реакция?

1 топ 2 топ

А+ + К - А+ + К -

Ерітінді Ерітінді



Түсіндіру

Ион алмасу реакциясы

Тұнба Газ немесе Аз

ұшқыш диссоциация-

ланатын зат

Химиядан 9 сыныпқа арналған сабақ Химиядан 9 сыныпқа арналған сабақ Химиядан 9 сыныпқа арналған сабақ

"Миға шабуыл" стратегиясы

Генератор

Анализатор

1.Иондық теңдеулер дегеніміз не?

2. Иондық теңдеулерде қандай заттардың формулалары

молекулалық түрде жазылады?

3.Иондық теңдеуде электролиттің формулалары қалай жазылады?

4.Ион алмасу реакциясы қалай жүреді?

Әзірлеу

Химиядан 9 сыныпқа арналған сабақ

1. Ион алмасу реакцияларының жүру жағдайлары туралы қорытындылап ойыңды тұжырымда.

2. Формулалары төменде берілген ерітінділер арасында жүретін ион алмасу реакцияларының теңдеулерін жазып қайтымды және қайтымсыз алмасу реакцияларын салыстыр.

2-тапсырма
«Домино» ойыны

Оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырады. Қағаздың жартысына формула, 2 - ші жартысына басқа заттың аты жазылады. Келесі қағазда сол заттың формуласы жауап ретінде жазылып, басқа заттың формуласы сұрақ ретінде қойылған. Оны оқушы рет - ретімен жауаптарын сәйкестендіргенде ұзын домино жиналады

Кеңейту

Химиядан 9 сыныпқа арналған сабақ

«Ой қозғау»

1.Неліктен судың диссоциациялануы ескерілмейді?

2.Сен қалай ойлайсың,не себепті электролиттер күшті және әлсіз деп ажыратылады?

3. Парта үстіне төгілген қағаз клейі бірнеше минуттан соң қату себебі неде?

"Баға беру"

Химиядан 9 сыныпқа арналған сабақ

Топ жетекшілері оқушылардың үй тапсырмасы және жаңа сабақ бойынша қорытынды бағаларын қояды.

Бестікті көп алған топ дарынды топ, аздау алғаны алғырлар, бестікті жинай алмаған топ белсенді топ деп табылды.

Оқушылар түгел бағаланады.

"Екі жұлдыз бір тілек"

Рефлексия

Маған сабақ ұнаған жоқ, уақытым босқа өтті

Сабақ маған ұнады, әлі де ізденуім керек

Сабақ маған қатты ұнады, жақсы қатыстым деп ойлаймын

Бүгін қай топ жақсы жұмыс жасады?

Саған қай топтың жауабы ұнады?

Топтық жұмыста қандай қиындық болды

Нәтижесі

1.Жауапкершілікті сезінді.

2.Өзіне деген сенім пайда болды, бірін - бірі толықтырды.

3. Бір-бірімен жарыса орындады.

4. Байқағанын, көргенін айта білді.

5. Химия пәнінің қоршаған ортамен тығыз байланыста екеніне көздері жетті.

6.PISA тапсырмаларына жауап бере алды.

VІ. Үйге тапсырма:

30 бет. А. вариант 1 сұрақ, В. вариант 2 сұрақ, С. вариант 1-есеп.

34,5 г калий карбонаты тұз қышқылының артық мөлшерімен әрекеттескенде бөлінген көмірқышқыл газының қалыпты жағдайдағы көлемі.

© 2010-2022