Интеллектуальный конкурс по химии IQ

Интеллектуальный конкурс по химии для учащихся десятого, одиннадцатого классов.На данном интеллектуальном конкурсе целью является развитие в учениках старших классов интереса к предмету, интеллектуального мышления,ораторского мастерства. Применяется презентация , позволяющая решать логические задачи по очередности.Межпредметная связь обеспечивает контроль знании по всем предметам: география ,биология ,физика ,история, экология, математика. Каждый тур конкурса оценивается.В конце конкурса жюри по...
Раздел Химия
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Интеллектуальный конкурс по химии IQШаған жалпы орта білім беретін мектебі













(10- 11 сынып оқушылары арасындағы интеллектуалдық сайыс)





Өткізген:Имангалиева С.Ж.















2013-2014 оқу жылы

Тақырыбы: ІQ (интеллектуалдық сайыс)

Мақсаты: Жаратылыстанц пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру,

зертханада жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру,теориялық

білімдерін практикада қолдануға үйрету, қоршаған орта ортаны

қорғауға, жауапкершілліке тәрбиелеу.

Түрі:сайыс

Көрнекілігі:плакаттар, зертханалық құрал-жабдықтар және т.б.

Сайыс барысы:

ІQ дегеніміз не? ІQ ағылшын сөзі « І » іntelligent-интеллект , « Q » quotient- көрсеткіш, деңгей , яғни толықтай интеллект көрсеткіші деп аударылады. Әлем ғалымдарының зерттеу нәтижелері бойынша ІQ деңгейіне тұқымқуалау және айналадағы ортаның ықпалы бар.Ал дұрыс тамақтану, дене шынықтыру, қосымша ақпаратты қабылдау тез сол қабілеттерімізді күшейте түседі.

Тапқыр,білгір дарынды

Жарысар бүгін барлығы.

Химия пәнің сүйсең сен

Ортаға сал барынды.

Кел, келіңдер, сайыскер,

Көрермендер, жанкүйер.

Әділқазы сайлап ап,

Сайысты біз бастайық.

Әділқазы мүшелерін сайланады.

Сайыс бөлімдері таныстырылады.

1.Таныстыру

2.Бізден сұрақ, сізден жауап.

3.Зертханашылар сайысы

4.Жоғалған сөздер

5.Көрермендер базарлығы

6.Қорытындылау

Сайыскерлердің реттік номері белгіленеді.

1-бөлім.Таныстыру

Әр сынып бір топ құрайды, топ мүшелері - 4 оқушыдан. Әр топ өз атауларын, ұрандарын айтып көпшілікке таныстырылады.

2-бөлім. Бізден сұрақ, сізден жауап.

«Қазақстан» , «Биология», «Химия», «География» атты 4 ұяшық беріледі, әр ұяшық артында 10 сұрақтан. Оқушылар барынша тез және дұрыс сұрақтарға жауап берулері қажет.Әр сұрақ 1 ұпаймен бағаланады.Ұяшықты әр топқа қарсыластары таңдап береді.

«Қазақстан» ұяшығы сұрақтары

1.Орал қаласының футбол клубы «Ақжайық»

2.ҚР Мемлекеттік елтаңбасының авторы Ш.Уәлиханов, Мәлібеков

3.ҚР Тіл туралы заңы қай жылы қабылданды?1997ж

4.ҚР БҰҰ-ның құрамына қашан кірді? 1992 жылы

5.ҚР Президентінің туған жері Үшқоңыр

6. «Қыз Жібек» фильміндегі басты әйел ролін сомдаған актриса М.Өтекешова

7.ҚР жер көлемі бойынша нешінші орында 9

8. Биыл 100 жылдығын тойлап жатқан ақын (Қ.Аманжолов)

9. Алтынт адам қай жерден табылған? Есік қаласы

10.ҚР валютасының күні 15 қараша 1993ж

«Биология» ұяшығы сұрақтары

1.Генетика ғылымы нені зерттейді? (тұқымқкалаушылық пен

өзгергіштікті)

2.Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым? (микология)

3. «Экология» терминін енгізген кім? (Э.Геккель)

4.Тұқымқуалаушылық заңын кім, қай жылы ашты? (1865ж Г.Мендель)

5.Рекобинация деген не? (генетикалық материалдың алмасуы)

6.Н.И.Вавилов ашқан жаңалығы (1920ж тұқымқуалау өзгергіштігіндегі

сәйкес қатарлар заңын ашты)

7.Репарация деген не? (Геннің қайта қалпына келуі)

8. ДНҚ-на сәйкес келетін нуклоетидтерді ата (аденин,гуанин,цитозин, тимин)

9.Генотип, фенотип деген не? Бұл ұғымдарды енгізген кім? (1909ж

В.Иогансен .Генотип- гендер жиынтығы. Фенотип - сыртқы және ішкі

белгілердің жиынтығы )

10.Тіркескен тұқымқуалау заңын ашқан кім? (Т.Морган)

«Химия » ұяшығы сұрақтары

1.Зат құрам тұрақтылық заңын кім ашты? (Ж.Пруст)

2.Изотоп деген не? (протон саны бірдей,нейтрондары әртүрлі заттар «Бір

орынға таласушы » деген мағына береді)

3.Атом құрылысын ашқан ғалым (Э.Резерфорд)

4.Боксит қай х.э. табиғи қоры? (Алюминий)

5.Вант- Гофф ережесін айт (t-100С көтергенде U-2-4 есе артады)

6.Реакция жылдамдығын зерттейтін ғылым саласы (Химиялық кинетика)

7.Латын тілінен аударғанда «Қамал» д.м.б. металл. (Темір)

8.Бейтараптану реакциясы деген не? (қыш+ негіз -- тұз + су)

9.Протондық терияны негіздеген (Бренстед)

10.Зат мөлшерінің 3 формуласын айт.

«География » ұяшығы сұрақтары

1.Мұз жамылған құрлық (Антарктида)

2. Жер көлемі 44га, халық саны 1000-ға жуық қаланың ішінде орналасқан

мемлекет( Ватикан )

3. «Қар мекені» деген мағынаны білдіретін тау (Гималай)

4.Пішіні жолбарысқа ұқсайтын түбек (Скандинавия)

5. Хан- Тәңірі шыңын кім ашты? (П.П. Семенов Тань- Шаннский)

6.Еуропаның ең биік тау жүйесі (Альпі)

7.Жердің тіршілік қабаты ( биосфера)

8. Ең терең шұңғыма ( Мариан)

9.Жер шарының жалпы ауданы қанша? (510,2 млн км 2)

10.Еуропа мен Африканы бөліп тұрған бұғаз қандай? (Гибралтар)

3-бөлім. Зертханашылар сайысы

Әр топтан бір оқушы шығады, әр қайсысына зерханашы киімі (ақ халат, бас киім, қолғап, аяғына бахила) беріледі.Уақытқа киініп, сынауықта тұрғыға дұрыс бекітіп, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып сынауықтағы суды буландырып бітіру қажет. Бірінші аяқтаған топ жеңіске жетеді.

4-бөлім. Жоғалған сөздер

Биология,география, химия пәндерінен араласқан диктант беріледі, түсіп қалған сөздерді толықтырып жазу қажет.

№1 тапсырма

1.Өсімдіктер жасыл болады, себебі оларда ...бар. (хлорофилл ,пластид)

2.Атом құрылысында ..., ..., ..., бар. (протон,нейтрон,электрон)

3... Қазақстанның ең жоғарғы нүктесі (Хан -Тәңірі)

4..... қанның қызыл түйіршіктері, ол миға ... тасымалдайды. (эритроцит)

5. Кальций .... валентті ,себебі ол... орналасқан.

6. География пәні екі сөзден құралған «гео» - « ... » және « метрия » - « ... »

№2 тапсырма

1.Өсімдік жапыроағында ерекше ... процес жүреді (бейорганикалық заттардың органикалық заттарға айналуы) (Фотосинтез)

2. .... протондық теорияны ашты (Бренстед)

3.ҚР ең төменгі нүктесі (қарақияқ -132)

4.Жүрек 2 ... және 2... тұрады (құлақша және қарынша )

5.Орал тауы ... бойымен орналасқан ( меридиан)

6. Алюминий .... валентті ,себебі ол... орналасқан.

5-бөлім. Көрермендер базарлығы

Жұмбақ айтам сіздерге

Жауабын айт көрермен.

Тура тапқан адамға

Әділ баға берем мен.

№1. Алғаш болды белгілі

Күнде қандай элемент

Одан кейін біз оны

Жерден зерттеп тауып ек( гелий)

№2.Айналада ақ отау, аузы мұрны жоқ отау (жұмыртқа)

№3Тыныштықта қатты тас, ашуланса отшашусыз басылмас.(жанартау)

№4 .Табылса бұрын там-тұмнан

Қазір көп әрбір өлкеде

Қымбат болды алтыннан

Қандай металл ертеде (алюминий)

№5.Қос шауыпкелі,екі алыпкелі бар.

Қос жол көргіші бар, екі үн сезгіші бар.

Жалғыз мол асары бар, кеуде қағары бар.

Ауа соғары бар, қорек қорабы бар.

Тағы ... тағы ...

Тоқсан жол тарабы бар, шешеді бұл жұмбақты.

Талпынғанталабы бар. (Адам)

№6.Бойында сандары бар,

Дөңгелек пішіні бар.

Тілі бар шыр айналған,

Бағытты ,жол айырған (компас)

№7.Түскенде салқын күз,

Жинадық алтын тіс. (Жүгері)

6-бөлім. Қорытындылау.

Әділқазы мүшелеріне сөз беріліп, сайыс жеңімпаздары марапатталады.


© 2010-2022