Творческие работы по химии на тему Кальций - тіршілік көзі

Раздел Химия
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кальций -тіршілік тірегі


Кальцийдің табиғи қосылыстары құрылыс материалдары ретінде ертеден (бор, мәрмәр, әктас,гипс) қолданылып келеді. Кальций жер қыртысының минералдар тобы- силикатты жыныстар негізін құрайды. Жануарлардың бақалшағы мен қаңқасы каьций карбонаты мен фосфатынан құралады. Кальций мен оның қосылыстарын кейде тіршілік тірегі, Құрылыс негізі деп те атайды.

Кальцийдің табиғи қосылысы-әкті ғалымдар көп уақытқа дейін жай зат ретінде санап келді. 1808 жылы ағылшын химигі Г.Дэви аздап ылғалданған сөндірілген әкті электролиздеп, сынап катодына амальгама түрінде бөлінген бұрын белгісіз металл бөліп алды, оган латынша «кальций- СаIх»-әк деген атау берді.

Кальций-жер қыртысында оттек, кремний, алюминий, темірден кейінгі ең көп таралған бесінші элемент, оның массалық үлесі-2,96%. Мұхит суларында кездесетін кальций мөлшері-0,04%. Өзінің химияляқ белсенділігіне байланысты кальций табиғатта тек қосылыс түрінде ғана кездеседі. Қазақстанда Қаратау мен Жамбыл облысында аса бай фосфорит кендері бар.

Кальцийдің латынша аты - Салcium, ол периодтық кестеде екінші топта орналасқан химиялық элемент, сілтілік, жер металдарына жатады. Оның реттік-20, салыстырмалық атомдық массасы-40,08. Табиги кальцийдің тұрақты алты изотопы бар, олар: кальций 40,42,43,44,46 және 48, ең көп таралғаны- Са (96,97%) оның жасанды жолмен алынған радиоактивті изотоптары-кальций =39,41,45,47 жэне 49. Са металдық кальцийді немесе оның қосылыстарын уран реакторында нейтронмен қосу арқылы алады. Кальцийдің радиоактивті қосылыстары медицинада, биологияда тірі организмдердің минералдық алмасуын зерттеуде изотоптық индикатор (көрсеткіш) ретінде қолданылады.

Кальций-химиялық активтігі күшті, тотықсыздандырғыш, күміс түсті ақ металл, оның тығыздығы-1840 кг/м, балқу температурасы-1482С. Ол жылуды және электр тогын жақсы өткізеді. Қосылыстарында кальций оң екі валентті. Оңай тотығатындықтан кальций минералды майларда, керосинде немесе өте берік жабылған, ауа қатыспайтын ыдыстарда сақталады, ол ауада қыздырғанда жанып, кальций оксидін СаО түзеді. Кальцийдің жанама жолдармен алатын ақ түсті аса асқын оксиді СаО бар, бұлар-күшті тотықтырғыштар. Кальций галогендермен әрекеттесіп, жалпы формуласы СаҒ болып келетін гаогенидтер түзеді. Кальций қыздырғанда сутегімен әрекеттесіп, гидридке СаН айналып, азотпен -нитрид СаN көміртекпен -карбид СаС түзеді. Кальций карбиді өнеркәсіпте ацетелин, кальций цианамидін алу үшін қолданылады.

Кальцийдің аса маңызды тұздарына кальций карбонаты, кальций нитраты, кальций сульфаты, кальций фосфаты жатады. Өнеркәсіпте металдық кальций хлориді мен кальций фторидің қоспасын балқытып электролиздеу арқылы немесе кальций оксидін алюминий және магний ұнтағының бірін қосып, 110-1200 С-де қыздырып, тотықсыздандыру арқылы алады: 3СаО+2А1=ЗСа+АIO СаО+Мg=Мg0+Са. Соңғы жылдары кальций карбидін вакуумда 1750 С-де термиялық алу әдістері қолданыла бастады.

Аса белсенді болғандықтан таза кальцийден конструкциялық материалдар даярланбайды, сондықтан ол сирек немесе қиын балқитын металдар уран, торий, ванадий, хром, цирконий, бериллий, тантал немесе олардың қосылыстарын өндіруде, қорытпалары техникада антифрикциялық (қажалуға қарсы) металдар даярлауга, магний қорытпаларын, самолет және ракета жасауға, ал табиғи қосылыстары құрылыс материалдары ретінде, тыңайтқыштар өндіруде, кейбір тұздары медицинада (СаСІ) дәрі-дәрмек ретінде қолданылады.



© 2010-2022