Химиялық формула бойынша қосылыстағы элементтің массалық үлесін есептеу

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Химиялық формула бойынша қосылыстағы элементтің массалық үлесін есептеу


Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың «валенттілік» ұғымын тексеру және химиялық формула арқылы элементті қосылыстардың валенттілігін және валенттілік бойынша формула құру біліктігін, химиялық формула бойынша есептер шығаруға қалыптастыру.
Дамытушылық: Элементтердің таңбаларын, валенттілікті қолданып, химиялық формула жазу және есептер шығару дағдысын дамыту, логикалық есептер шығаруға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өзгені тыңдап, өз ойын еркін айтуға, өзара көмегін қалыптастыра отырып өз біліміне ғана емес, өзге оқушының да біліміне жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру, өзін - өзі басқаруға тәрбиелеу.
Түрі: саяхат сабақ
Әдісі: деңгейлік тапсырмалар,
Типі: бекіту сабағы
Пәнаралық байланысы: биология, медицина.
Көрнекілігі: слайдтар жинағы, периодтық кесте, дидактикалық үлестірмелер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру, топқа бөлу, саяхат сабақтың жоспарымен таныстыру.
ІІ. Саяхаттың барысы:
І. Саяхатқа шығуға дайындық (оқушыларға саяхатқа шығу үшін бойынша әр қатарға 10 сұрақ беріледі).
1 топқа:
1. Химия пәні нені зерттейді?

2. Заттар дегеніміз не?

3. Физикалық құбылыс дегеніміз не

4. Химиялық реакция дегеніміз не?

5. Молекула дегеніміз не

6. Күрделі заттар дегеніміз не?

7. Химиялық қосылыс дегеніміз не?

2 - топқа:
1. Химияның басты міндеттері?

2. Құрамына кіретін заттардың бөлшектері микроскоп арқылы да көрінбейтін қоспа қалай аталады
3. Заттардың агрегаттық күйлері?

4. Қоспалар дегеніміз не?

5. Химиялық реакцияның белгілері

6. Жай заттар дегеніміз не?


7. Химиялық элемент дегеніміз не?

ІІІ. "Формулалар". Деңгейлік тапсырмалар.
А деңгейі: 1 баллдық.
1) Валенттіліктеріне байланысты әр қатардағы бір «артық» элементті көрсетіңдер:
K, Na, Mg, H, Li
Ca, O, Ba, Al, Zn
Cu, O, C, Fe, P
2) Қателерді түзе:
Mg2S2------------------- : NaO------------------: PH2 -----------: Fe2О -----------------------
1) Күрделі зат Mn2O7 молекуласындағы элементтердің массалық үлестерін тап.

2) «Калций- це-о-үш» - қосылысының формуласын жазып, салыстырмалы молекулалық массасын тап. Ж: 158
3) Күкірт қышқылының формуласына H2SO4 сай элементтердің массалық қатынастарын есептеп шығарыңдар.
Б деңгейі 3 балдық:

Химиялық қосылыстардың формуласын анықтау:
1. Қарапайым теңіз жануары теңіз атының қаңқа сүйегі құрамында 47, 83% - стронций, 34, 78% оттек, 17, 39% күкірт болса, молекулалық формуласы қандай?
2. Сізді құмырсқа шаққанда шаққан жеріңіз құмырсқадан бөлінетін қышқылдың әсерінен ашиды. Ол қышқылдың құрамында: 26, 09% - көміртегі, 4, 35% - сутегі, 96, 50% - оттегі бар болса, қышқылдың формуласы қандай?

3. "Барий ботқасы" деп аталатын асқазанды рентген арқылы тексеруде жегізетін препараттың құрамында 58, 80% барий, 13, 73% - күкірт, 27, 47% - оттегі болатыны белгілі болса, формуласы қандай?
ІV. "Шыңды бағындыр".
№ 1 мәтін
Ас тұзы NaCl адам және жануар ағзасындағы негізгі құрам бөлігі. Ересек адамның денесінде 200г. NaCl тұз болады, оның 45г қанда ериді. Тұз ағза мен ұлпаны құрайтын жасуша қызметін қалыптандырады. Адам тәулігіне 5 - 6 грамдай ас тұзын пайдаланса, жеткілікті. Тұз жетіспесе немесе күнделікті мөлшерден артып кетсе ағзаға зиянын тигізеді. артериалдық қысымның көтерілуіне әкеледі.
№1. Тұздың салыстырмалы молекулалық массасын есепте.
№2. Тұздың қандағы массалық үлесін есепте.
№ 2 мәтін
Су дене температурасын тұрақтандырады, азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды, бүйрек және бауырдағы қалдықтарды (шлак) тазалайды.
Денеде болатын күніне 2 - 4 литр су шығынының орнын қайта толтырып отыру қажет. Адам ағзасында орташа есеппен алғанда 15 - 20% - нәруыз, 0, 6% - көмірсу, 19% - май, 5, 8% - минералды тұз және 60% су болатыны есептелген.
Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Денеде 20 пайыз су жетіспеушілігінің болуы өте қауіпті және ол өлімге дейін жетелейді.
№1. Судың салыстырмалы молекулалық массасын есепте.
№2. Құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есепте.
V. Қорытынды.

Бүгінгі сабақта не білдіңдер?

Не қиын болды?

Не қызық болды?


VI. Бағалау
VIІ. Үй тапсырмасы

© 2010-2022