Открытый урок Менің отаным-Қазақстан!

Раздел Химия
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қызыләуіт ауылы

Химия пәнінің мұғалімі Айдаралиева Хатира Сапаровна

Тақырыбы: Менің отаным-Қазақстан!
Мақсаты: Отанды сүюге. Ата Заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйретуТәуелсіз, бейбіт ел туралы ұғым. Оқушыларды достыққа,адамгершілікке, саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан туралы суреттер, нақыл сөздер
Сабақтың барысы:

Мұғалім: Біздің Республикамыз қалай аталады?

- Қазақстан Республикасы

- Қазақ жері қандай?

- Қазақ жері өте бай, әрі кең.

- Отанымыздың астанасы?

- Астана қаласы

- Ал сең білісің бе, осыған дейін қандай астаналар болған?

- Бұған дейін Орынбор, Қызылорда, Алматы қалалары астанамыз болған

- Астана қаласы бұл 13-ші астанамыз екен.

- Астана қаласы күннен-күнге жаңарып, гүлденіп, көркейіп келеді.

- Аз ғана уақыт ішінде жаңа тұрғын үйлер, зәулім ғимараттар, гүлзарлар мен фонтандар, әсем ескерткіштер бой көтеріп қалған

Тәуелсіз ел - Қазақстан арайлы
Бүгін саған әлем түгел қарайды
Тәуелсіздік тұғыры бұл халқымның
Бейбітшілік таңы әр кез арайлы
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Менің Отаным-Қазақстан!»
Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге айналды. Тәуелсіздік туы, көк байрағы желбіреп, асқақтаған Әнұраны шырқалуда Қазақстанның жаңа Астанасы күннен күнге жаңарып гүлденуде. Егеменді тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
Қазақстан дейтін менің бар елім
Жатыр алып жарты дүние әлемін
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада жылап келіп уанғам
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам
Бұл далада өскен жанда жоқ арман
Қазақстан! Қазақ халқының атамекені, ұлы ордасы, киелі ошағы.
Қазақстан - қазақ елі, қашаннан ата-бабамыз қоныс еткен жер. Қазақ жері - ұлан - байтақ. Жер көлемі дүние жүзінде 9 орында тұр. Жерінің кең - байтақ болуына байланысты. Қазақстан жері мөлдір көлдерге сай, қайың мен көктеректі ормандарға, кең алқапты жазық далалы жерлерге бай Қазақстанның жер қойнауынан барлық қазба байлықтар кездеседі.
Ақын - жазушыларымыз
Қандай сұлу, қандай көркем,
Осы менің туған өлкем! - деп тамсана жырлаған.
Мұғалім: Ал қане, балалар,

30 тамыз күні қандай мереке?

30 тамыз күні 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституция - Ата Заңымыз қабылданған күн.Ата Заңымыз 98 баптан тұрады. Әр баланың, адамдардың құқығы қорғалады. Қыран құсым көк аспанда самғасын
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр
Жас ұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын - дегендей, Қазақстан Республикасының өз рәміздерін мақтаныш етеміз.
Еліміздің рәміздерін атайық.
(Туы, Елтаңбасы, Әнұраны)

1992 жылы ҚР жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды.
Тудың ашық көгілдір түсі соғыссыз бейбіт ашық аспанымызды білдіреді.
Жобасын жасаған - Шәкен Ниязбеков
Елтаңбаның авторлары - Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов. Елтаңбадан елдің тарихы, дәстүрі рухы толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта шаңырақ биік, керегең кең, босағаң берік болсын деген сөз бар. Осы ұлы тілек негізге алынған.
Республикамыздың Әнұранының сөзін жазған ақын Жұмекен Нәжімеденов және Н.Назарбаев.
Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.
Туған тілім - тірлігімнің тірегі
Тіл - қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі құдыретті. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі - тіл. Қазақ тілі - атадан балаға мирас болып қалған қасиетті мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға тиіс.
Өткен тарихымыздан аздаған түсінік
ХV ғасырда қуатты Қазақ хандығын құрдық Алайда Қазақ елі бейбіт тыныш өмір сүре алмады. Ұлан -байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап қалың жұртты қан жылатты. Жұрт қасиетті Қара тауға бас сауғалады. Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты. Оларды Төле би бірлікке шақырады.
Біздің Қазақстан Республикасы жылдан-жылға, күннен - күнге өркендеп өсіп, кеңейіп, гүлденіп келеді. Біз өзіміздің Көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз Елтаңбамыз бен Әнұранымызды қастерлей отырып күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздік пен ерліктің үлгісі дала қыраны шарықтай берсін демекпіз.
Жаса Қазақстаным,
Жаса, менің ұлы елім!
Биыл Ассамблеяға - 20 жыл. Осы жылдар ішінде Елбасының теңдессіз идеясы әлем үшін үлгі болып, жеке дара «қазақстандық бренд» ретінде танылды. Әрқашанда бірлік пен татулықты сақтауға, алауыздыққа жол бермеуге шақырған Қазақ Елі «Бақыт қайда барасың, ынтымаққа барамын» деген әйгілі сөзін қалдырған. Сондықтан Елбасы айтқандай, «біздің туымыз - бірлік» болуы керек. Тәуелсіз Қазақстанның аспаны мәңгі бейбіт болсын. Жерімізден құт-береке қашпай, ұлт пен ұлыстың достығы артып, татулығымыз таси берсін!» - деп атап өтті.

Адам өткенін жақсы білмей - болашаққа нық қадам баса алмайды. Тәуелсіз ел ретінде өткенімізді зерттеу, бұл күнге қалай келгенімізді, кімдердің арқасында жеткенімізді білу т.б. құнды деректерді игеру біз үшін өте маңызды. Сонау 1465 жылы қазақтың ел алғашқы хандары Жәнібек пен Керейдің қазақ деген хандықтың туын тіккеніне міне биыл 550 жыл толып отыр.

Бүгін - Ұлы Отан соғысының басталғанына 70 жыл: қазақстандықтардың майдан даласындағы ерліктері мен тылдағы табандылықтары ешқашан да ұмытылмайды!

Қорытынды:
Міне, балалар бүгін өздерінді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктерінді көрсете білдіндер. Халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Еліміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарына сеніміміз мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!





© 2010-2022