Тұздардың құрамы және химиялық қасиеттері

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тұздардың құрамы және химиялық қасиеттеріТұздардың құрамы және химиялық қасиеттеріКүні: 26.12.2015 ж

Пәні: Химия

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Тұздар құрамы және химиялық қасиеттері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға тұздар құрамы және химиялық қасиеттері

туралы жан-жақты түсінік беру.

Дамытушылық: Игерген материалдарын толықтыра отырып оқушылардың өй өрісін,ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Білімді, дарынды озық болуға, есеп шығара білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелерлі қағаздар

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ауызша, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен : а) амандасу

ә) түгендеу

б) сабаққа назарларын аудару

II.Үй тапсырмасын сұрау.

1.Қышқылдар дегеніміз не?

2.Қышқылдарды алу тәсілдері қандай?

3.Қышқылдардың құрамында қандай заттар болады?

III.Үй тапсырмасын пысықтау.

IV.Жаңа сабақ

Тұздар дегеніміз - металл атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі заттар. Формула құрғанда металл атомының валенттіліктері мен қышқыл қалдығының валенттігі әр түрлі болса, ең кіші ортақ еселікті әрқайсысының валенттігіне бөлу арқылы тиісті индекстер қойылды.Оттекті қышқыл қалдығына индекс қою үшін оны жақшаға алып жазады.

Мысалы: III II I III II I

AL2(SO4)3 Na3PO4 Ca(NO3)2

Тұздардың химиялық қасиеттері. Тұздар - қатты кристалл заттар, біразы суда жақсы еріп, мөлдір ерітінді түзеді.Суда ерімейтін тұздарға BaCO3, BaSO4, AgCL, т.б.жатады. Азот қышқлының тұздары түгелдей суда ерімтал.Натрий мен калий тұздарының барлығы дерлік суда жақсы ериді.

Тұздардың металдармен әрекеттесуі.

Fe + CuCL2 = FeCL2 + Cu

Zn + Cu(NO3)2 = Zn(NO3)2 + Cu

Тұздар мен тұздар арасындағы алмасу реакциясы.

NaCL + AgNO3 = NaNO3 + AgCL

Na2SO4 + BaCL2 = 2NaCL + BaSO4

V.Сабақты бекіту

1.Тұздар дегеніміз не?

2.Тұздардың химиялық қасиеттері?

3.Тұздардың формуласын қалай құрастырамыз?

VI.Үйге тапсырма

§ 34 оқу № 7 жаттығу

VII.Оқушыларды бағалау

© 2010-2022