• Преподавателю
  • Химия
  • Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі орны бойынша элементтің және оның қосылыстарының сипаттамасы

Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі орны бойынша элементтің және оның қосылыстарының сипаттамасы

Бұл сабақ жүйеге келтіру сабағы түрінде өткізіледі. Оқушылардың химиялық элемент және оның қосылыстары туралы айту дағдысын қалыптастыру үшін элементті және оның қосылыстарын сипаттау керек, оқушылар жаттығу жұмыстары және ойындар арқылы кеңейтеді, химия пәні талап ететін ұқыптылыққа, төзімділікке, жауапкершілікке тәрбиеленеді және оқушылардың білім алуға ынтасын, қызығушылығын арттырып, оларды дербестікке үйретуді көздейді. жалпы ойын технологиясы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятады...
Раздел Химия
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8-сынып

Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі орны бойынша элементтің және оның қосылыстарының сипаттамасы

Сабақтың мақсаты: химиялық элемент және оның қосылыстары жайлы айта білу дағдысын қалыптастыру.

Т а н ы м д ы қ: Химиялық элементті және оның қосылыстарын сипаттау үшін теориялық білімнің қажет екеніне оқушылардың көзін жеткізу.

Д а м ы т у ш ы л ы қ: әр түрлі жаттығу жұмыстары және ойындар арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту.

Т ә р б и е л і к: химия пәні талап ететін ұқыптылыққа, төзімділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу және оқушылардың білім алуға ынтасын, қызығушылығын арттырып, оларды дербестікке үйрету.

С а б а қ т ы ң т ү р і: жүйеге келтіру сабағы

С а б а қ т ы ң ә д і с і: жеке жұмыс, сұрақ-жауап, ойын түрінде

С а б а қ т а қ о л д а н ы л а т ы н к ө р н е к і л і к т е р мен қ ұ р а л д а р : Д.И.Менделеевтің суреті, ұран жазылған сөздер, интерактивті тақта, дидактикалық карточкалар, тест, химиялық диктант, қоржын, сандық, теңгелер /ұпай жинау үшін/, асықтар

Сабақтың ұраны: «...Периодтық заң болашақта күйремейді, тек үстемеленіп дами түседі» (Д.И.Менделеев) Слайд 1

Суреті ілінеді.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі 1

  2. «Химик болғың келе ме?» - үй тапсырмасын тексеру

  • «Металдарды қағып ал» - ойын

  • Тест тапсырмалары - 5 сұрақ

  1. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі -

  • «Алтын сақа»

  • «Арқан тартыспақ»

  1. Жаңа сабақ

  • «Менің мекен-жайым қандай?»

  • «Наурыз көже» дайындау - бекіту

  1. Білімді жүйелеу тапсырмасы

  • «Теңге алу»

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі - Слайд 2

Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу. Тақтаға күн жазылады.

Ғажайып нәрсе химия, Слайд 2

Тұңғиық сыры әр алуан.

Жоғалып бір зат зым - зия,

Жаңалап бірі жаралған

Химияның қажеттілігі қазіргі заманда өсіп келеді. Мына сендер сияқты балалар оқып, білім алып, оның қарқынды дамуына үлкен үлес қосады. Сендер жақсы білім алсаңдар, еліміздің мақтанышы боласыңдар. Үй жұмысын «Химик болғың келе ме?» деген тақырыпта сұрағым келіп тұр. Балалар, бүгінгі бағаларыңды ұпай санына байланысты қоямын. Сондықтан көбірек ұпай жинауға тырысыңдар.

  1. «Химик болғың келе ме?» - үй тапсырмасын тексеру Слайд 3

Химик болу үшін химияны жақсы білу керек. Химияны жақсы білу үшін оған қызығушылық болу керек.

  1. «Негіздерді себетке жина» - ойын Слайд 4-9

Слайд 10

  1. Тест 5-сұрақтан. Жауап парағымен бірге үлестіріледі. 3 мин уақыт беріледі. Жауап тез арада тексеріледі. Балалар тест тапсырмасын орындағанша, дәптерлеріндегі жазбаша үй жұмысын тексеріп шығу керек.

  1. №9 және №10; №17 және №18 элементтің қайсысының атом ядросында нейтрон көп?

А) №9 бен №17 элементте нейтрон көп С) №9 бен №18

В) №10 мен №18 элементте нейтрон көп Д) №10 мен №17

  1. Атом ядросының заряды +13 ке тең элементте неше электрон болады?

А) 3 В) 13 С) 16 Д) 15

  1. Төмендегі формулалардан оксидтер қатарын көрсет?

А) СuO, NaOH, CLO С) MgO, FeO, CuO

В) K, Ca, Na Д) Al, HCl, Fe

  1. р; d орбиталдарында неше ұяшықтар бар?

А) 1; 5 В) 3; 5 С) 7; 3 Д) 7; 1

  1. Қай элементте металдық қасиет айқын байқалады?

А) барий В) бериллий С) магний Д) стронций

Үлгерімі төмен оқушыларға химиялық диктант үлестіріледі.

Химиялық диктант

  1. Атомдық массаларының өсу реті бойынша орналасқан элементтер қатары ......................... деп аталады.

  2. Периодтық кестеде .......... период, .......... топ бар.

  3. Период ............................... басталып, ...................................... аяқталады.

  4. Бериллий оксиді ..........................(негіздік, екідайлы, қышқылдық)

  1. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі Слайд 11

Сабақтың мақсатымен таныстырылады.

22 Наурыз күнін ертеден «Ұлыстың ұлы күні» деп, зор қуанышпен қарсы алған. Наурыз мейрамында қазақ халқы «наурыз көже» ішіп, ән шырқап, ойын ойнап атап өткізген. Міне, бүгінгі сабағымыз осы үлкен мейрам қарсаңында өткелі отырғандықтан наурыз мейрамына арнайық.Слайд 12

«Алтын сақа». Слайд 13

Асықтарға элементтердің таңбалары белгіленеді. Асықтар қоржынға салынады.

  1. Екі оқушы шығып, металл, бейметалл, амфотерлі элементтерінің таңбасын ажыратып беру керек. Әр оқушы бір асықтан 3 рет алады.

  2. Арнайы қағазға рим цифрімен валенттіліктер жазылған қағаздың үстіне сәйкес элемент таңбасы жазылған асықты қою керек. 1 ұпай

«Арқан тартыспақ» Слайд 14

Сынып екі ауылға бөлінеді: «Әйтеке би», «Төле би» Бірінші жауап берген ауылдың жауабы саналады. Жауап берген оқушыға ұпай беріледі. Кім күшті?

  1. Орбиталь деген не? - иә.

  2. Периодтық жүйеде неше топ бар? - 8

  3. Элементтердің реттік нөмірі өскен сайын бейметалдық қасиет ....(артады).

  4. Қышқылмен де, негізбен де әрекеттесетін оксидтер қалай аталады?-амфотерлі.

  5. Элементтің реттік нөмірі нені көрсетеді?- Ядро зарядын

  6. Ядроға жақын орналасқан электронның энергиясы аз ба, көп пе?- Аз

  7. Бір периодтан келесі периодқа өткенде жаңа ........(энергетикалық деңгей) пайда болады?

  8. Атомдағы электрондық қабат саны ненің нөміріне сай келеді? - период

  9. Электрон бұлты болатын кеңістік қалай аталады? - орбиталь

  10. s-электрон бұлтының пішіні қандай? -шар

  11. Бір ұяшықта неше электрон бола алады? -1 не 2

  12. р-электрон бұлтының пішіні қандай?-гантель

  13. Кіші период неше қатардан тұрады? - 1

  14. Кремний нешінші период элементі? - 3

  15. Периодтық жүйеде жоғарыдан төмен қарай қандай қасиет артады?-металдық


  1. Жаңа сабақ.

Жаңа тақырыптың аты көрсетіледі. Слайд 15

Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді және жаңа тақырыпты жазайық.

22-кестені мұғалім көмегімен талдау. Слайд 16

Элементтердің басты сипаттамалары, олардың атом құрылысы мен

өзара байланысы

Химиялық элементтердің периодтық жүйесі

Химиялық элементтердің атом құрылысы

  1. Элементтің реттік нөмірі

1.Ядроның оң заряды, протондар саны және жалпы электрондар саны

  1. Период нөмірі

2.Атомдағы электрондық қабаттар саны

  1. Топ нөмірі

3.Сыртқы қабаттағы электрондар саны (негізгі топша үшін), оттекті қосылыстарындағы валенттігі

Элемент және оның қосылыстарын сипаттаудың алгоритмдік жоспарын талдау арқылы жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Слайд түрінде элементті сипаттаудың төмендегі жоспары көрсетіледі. Элементті сипаттаудың жоспары: Слайд 17

  • Химиялық элементтің таңбасы, атауы

  • Периодтық жүйедегі орны:

а) реттік нөмірі

ә) периоды, тобы

б) атомдық массасы

  • Металл, бейметалл, екідайлы қасиет көрсетуі.

  • Ядро заряды.

  • Электронның жалпы саны, қабат саны, сыртқы қабаттағы электрон саны

  • Қосылыстарындағы валенттігі:

а) оттекті

ә) ұшқыш сутектік қосылысының формуласы

«Менің мекен-жайым қандай?» Слайд 18

Мұғалім слайдтағы жоспарға сүйеніп, мысал ретінде төмендегідей сипаттау үлгісін ауызша айтып береді.

  1. Магний Мg

  2. Z = 12, 3-период, 2-топ. Аr = 24.

  3. Металл, себебі сыртқы электрон саны (1-3) аз.

  4. +12,

  5. )2 )8 )2 1s22s263s2

  6. МgО -негіздік оксид, Мg(ОН)2 гидроксид сәйкес келеді. Сутекті қосылыс түзбейді.

«Наурыз көже» дайындау. Слайд 19

Мұғалім: Қандай Наурыз мейрамы наурыз көжесіз өткен? Балалар, «наурыз көжеге» қандай 7 дәм қосылады? 7 дәм аталғаннан кейін 7 оқушы тақтаға шығып, төмендегі элементтерді кезекпен сипаттап айтып береді:

1-оқушы (бидай) - натрийді сипаттау

2-оқушы /тары/- алюминийді сипаттау

3-оқушы /айран/- оттекті сипаттау

4-оқушы /сүр ет/- калийді сипаттау

5-оқушы /құрт/- кальцийді сипаттау

6-оқушы /тұз/- литийді сипаттау

7-оқушы /арпа/ - көміртекті сипаттау

Жауапты дұрыс берген оқушыға 1 ұпай сандары беріліп отырады. Қолындағы жоспар оқушының өзі сипаттаған элементті дәптерге жазу үшін өздеріне беріледі.

Үлгерімі төмен оқушылар үшін уақыт үнемдеу мақсатында осы тапсырма жазбаша түрде беріледі /олар үшін осы жоспарға мысал келтіріп, екінші элементті сипаттау тапсырылады/.

Үлгерімі төмен оқушылар үшін:

1. Химиялық элементтің таңбасы, атауы

  1. Периодтық жүйедегі орны:

а) реттік нөмірі

ә) периоды, тобы

б) атомдық массасы

  1. Металл, бейметалл, екідайлы қасиет көрсетуі.



  1. Ядро заряды.

  2. Электронның жалпы саны, қабат саны, сыртқы қабаттағы электрон саны

  3. Қосылыстарындағы валенттігі:

а) оттекті

ә) ұшқыш сутектік қосылысының формуласы

  1. Магний Мg



  1. Z = 12, 3-период, 2-топ. Аr = 24.



  1. Металл,себебі сыртқы электрон саны (1-3) аз.

  2. +12,

  3. )2 )8 )2 1s22s263s2



  1. МgО -негіздік оксид, Мg(ОН)2 гидроксид сәйкес келеді. Сутекті қосылыс түзбейді.


  1. Кальций, Са

Ойынды аяқтағаннан кейін үлгерімі төмен оқушыларға берілген тапсырманы тексеріп, ұпай беру керек.

  1. Білімді жүйелеу тапсырмасы.

Қазақтың салт-дәстүрі бойынша тойда ұлттық ойындар ойналғаны туралы алдыңғы сабақта айтылған болатын. Соған орай, бүгінгі Наурыз тойымызда қазақ халқының ойындарын ойнауды жалғастырамыз.

«Теңге алу» Слайд 20

Жерге нөмірлер жазылған теңгелер тасталады. Оқушылар кезекпен шығып, теңге санын атайды. Нөмірге сәйкес сұрақты мұғалім оқиды. Оқушы сұраққа жауап береді. Сұраққа жауап бермесе, теңге алынбайды. 1 теңге - 1 ұпай

  1. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінде неше период, неше топ бар?

  2. Периодтар мен топтар қалай бөлінеді?

  3. Периодтардағы және негізгі топшалардағы химиялық элементтердің қасиеттері қандай бағытта және қалай өзгереді?

  4. Негізгі топшада Аr артқан сайын металдық қасиет қалай өзгереді? -артады, себебі электрондық қабат көбейіп, валенттік электрондар мен ядро арасы алшақтайды.

  5. Негізгі топшадағы элементтердің сыртқы қабатындағы электрондар саны неге сәйкес келеді? - сол топтың нөміріне сәйкес келеді.

  6. Сутекті қосылыстарды қай топтың элементтері түзеді? -

IV-VII топтардағы негізгі топша элементтері сутекпен қосылыс түзеді. Олардың сутекті қосылысындағы валенттік 8 санын топтың нөмірін алу арқылы анықталады.

  1. Берілген элементтерді металдық қасиетінің өсу реті бойынша орналастырыңдар: бор, бериллий, көміртек, литий.

Көміртек → бор → бериллий → литий.


  1. Оқушыларды бағалау. Слайд 21

Оқушылар жинаған ұпайларын санайды.

6 ұпай және одан жоғары - «5»

5 ұпай - «4»

4 ұпай - «3»

  1. Үйге тапсырма. §59. 1-7-жаттығулар. Ж.д. толтыру. Есептер жинағы. V-тарау. 5-56,5-57,5-58. Слайд 22

Бақылау жұмысына дайындалу.

Оқушылардың шығармашылық ізденісін дамыту мақсатында төмендегі тақырыптар бойынша хабарламалар, рефераттар даярлауға тапсырма беру:

  1. Д.И.Менделеевтің өмірі мен қызметі - Азалия

  2. Химиялық элементтердің периодтық жүйесі мен еліміздің қазба байлықтары - Ажар

  3. Бүгінгі химия өнеркәсібі. - Іңкәр

  4. Қазақстан жеріндегі химиялық элементтер - Құралай

  5. Қ.И.Сәтбаевтың химияға қосқан үлесі - Абзал

  6. Атомдық энергия - Азамат

  7. Арал теңізінің экологиялық жағдайы - Дарина



© 2010-2022