Негіздердің жіктелуі, қасиеттері, алынуы

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Негіздердің жіктелуі, қасиеттері, алынуыНегіздердің жіктелуі, қасиеттері, алынуыНегіздердің жіктелуі, қасиеттері, алынуыНегіздердің жіктелуі, қасиеттері, алынуыНегіздердің жіктелуі, қасиеттері, алынуыНегіздердің жіктелуі, қасиеттері, алынуыНегіздердің жіктелуі, қасиеттері, алынуыКүні: 08.02.2016 ж Пәні: Химия

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Негіздердің жіктелуі, алынуы, қасиеттері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға негіздердің негіздердің жіктелуі, алынуы, қасиеттері туралы жан-жақты түсінік беру.

Дамытушылық: Игерген материалдарын толықтыра отырып оқушылардың өй өрісін,ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Білімді, дарынды озық болуға, есеп шығара білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, слаид

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ауызша, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен : а) амандасу

ә) түгендеу

б) сабаққа назарларын аудару

II.Үй тапсырмасын сұрау.

Химиялық диктант:

1.Негіздік оксидтер сумен әрекеттесіп ........... түзеді.

2.Негіздік оксидтердің ішінде ............. сумен шабытты реакцияға түседі.

3.Сумен әрекеттеспейтін оксидтер..............

4.Екі жақты негіздік және қышқылдық қасиет көрсететін оксидтерге ............. жатады.

2) оксидтердің химиялық қаситтерінің теңдеулерін жазу.

3) «Сәйкестік тест»

1. күкірттің (IV) оксиді H2O

2.көмірқышқыл газы SiO2

3.су CO2

4.кремний диоксиді SO2

Енді осы заттардың қолданылуын айтып өтсеңіздер?

IV.Жаңа сабақ

Ал балалар! Бүгінгі біздің жаңа сабағымыз негіздердің жіктелуі, алынуы, қасиеттері туралы болмақ. Негіздердің құрамы және анықтамасымен бұрын танысқан болатынбыз.

Негіздердің жіктелуі

Негіздер

Суда ерімейтін

Cu(OH)2,Fe(OH)2, Fe(OH)3

Суда еритін (сілтілер) LiOH,Ca(OH)2,Ba(OH)2

Екі дайлы Zn(OH)2, AL(OH)3, Be(OH)2,Негіздердің алынуы

1.Белсенді металдарды тікелей сумен әрекеттестіреді:

2Na + 2H2O = 2NaOH + H2

Ca + 2H2O = Ca(OH)2 + H2

2.Белсенді металл оксидтері сумен қосылғанда түзіледі:

Na2О + H2O = 2NaOH

CaО + H2O = Ca(OH)2

3.Суда ерімейтін және екідайлы гидроксидтерді алу үшін металдардың ерімтал тұздарына сілті қосу арқылы аламыз:

CuCl2 + 2NaOH = Cu(OH)2 + 2NaCl

FeSO4 + 2NaOH = Fe(OH)2 + Na2 SO4

AlCl3 + 3NaOH = Al(OH)3 + 3NaCl

Негіздердің физикалық және химиялық қасиеттері. Негіздердің түстері әр түрлі болады және қатты күйде кездеседі.Суда еритін сілті ерітінділері қолға тигенде сабын тәрізді білінеді және тері мен матаны күйдіреді, сондықтан да күйдіргіш сілтілер деп аталады.

Негіздерге төрт түрлі химиялық қасиеттер тән.

1. 2NaOH + SiO2 = Na2SiO3 + H2O

2. 2NaOH +H2 SO4+ Na2 SO4 + 2 H2O

3.3NaOH + FeCl3 = Fe(OH)3 + NaCl

4.Ерімейтін негіздер қыздырғанда айырылады:

2 Fe(OH)3 = Fe2O3 + 3H2O

Cu(OH)2 = CuO + H2O

V.Сабақты бекіту

1.Негіздер қалай жіктеледі? Мысалдар келтіріңдер.

2.Негіздердің физикалық және химиялық қасиеттері қандай?

3.Негіздердің алыну жолдары?

VI.Үйге тапсырма

§ 46 оқу 6,8,10 жаттығу орындау

VII.Оқушыларды бағалау

© 2010-2022