Қазақстанның ХIV – XV ғасырлардағы сәулет өнері

Тақырыбы: Ашық сабақ.Оқушыларды Қазақстанның ежелгі ескертіштерімен таныстыру.Сабақта СТО стратегиясының элементтерін пайдалану.Оқушыларды екі топқа бөліп, сұрақ жауап арқылы сабақ сұрау.Республикамыздың қай өңірлерінде тарихи ескерткіштер бар екенін айтып түсіндіру.Қожа Ахмет Яссауи, Бабаджа Хатун ескерткіштерінің тарихын айтып, әңгімелеп беру.Жаңа сабақты бекіту кезінде сұрақ қойып, жауап алу.Қожа Ахмет Яссауи кесенесін кім,және қандай мақсатпен салынғанын оқушыларға түсіндіріп беру.Қолданбалы...
Раздел Химия
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ММ «Туберкулезге қарсы балалар санаторииі»



Қазақстанның ХIV – XV ғасырлардағы сәулет өнері.

Тақырыбы: Қазақстанның ХIV - XV ғасырлардағы сәулет өнері.

Орындаған: Мухтарова М.А



2012-2013 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ХIV - XV ғасырлардағы сәулет өнері.

І. Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстанның ХIV - XV ғасырлардағы сәулет өнерін, қолданбалы өнер, архитектуралық құрылыс жүйелері туралы білімдерін арттыру.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, ойлау, іскерлік қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушы санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рух енгізу, тіл мен дін мәдениет мұрасын, тарихын құметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ

Сабақтың тәсілі: СТО стратегиясының элементтері, талдау, баяндау, түсінік беру.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе қағаздар, қосымша мәліметтер.

Сабақтыңөзектілігі: Өнер - өшпес,өлмес мұра.

Пән аралық байланыс: Қазақ тілі мен әдебиеті, география.

Сабақбарысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сынып оқушыларын екі топқа бөлемін. І топ «Сәулет өнері »,

ІІ топ«Кесене»

Үй жұмысын тарихи сынық хат арқылы сұрау.

«Ой қозғау»сатысы. Экраннан кесенелер туралы қысқартылған фильмді көреді. Оқушылар көріп, алған әсерлерін ортаға салады.

«Сәулет өнері» және «Кесенелер» деген сөздерге тірек ойларын жазады.

Мысалы, Сәулет өнері - өркендегенін, архитектуралық құрылыс жүйелерінт.б.

Кесенелер - Түркістан қаласында атақты адамдардың кесенелері бар т.б.

«Ой жалғау» сатысы. Оқушыларға Кесенелер туралы мәлімет таратылады.

Олар өздеріне берілген тақырып төңірегінде негізгі мағұлыматтарды жинақтап, өзіндік ойларын ортаға салады.

I топ «Сәулет өнері»

Зерттейтін мәселелері: Кесенелер туралы аңыздар

ІІ топ. «Кесенелер»

Зерттейтін мәселелері: Кесенелердің орналасқан жерін, тарихын.

«Ой толғау» сатысы.

Осы мәселерді оқушылар зерттеп, ойларын ортаға салады

I топ «Сәулет өнері» жауаптары

ІІ топ. «Кесенелер» жауаптары

.



  1. Сәулет өнері - Х - ХІІ ғасырларда Қарахан мемлекетінің кезінде өркендеген, дәлел Тараз қаласының маңынан 18 ш жерде салынған Айша Бибі, Бабаджахатын сияқты сәулет өнерінің ең тамаша туындысы, әрі қарай өркендеуіне Монғол шапқыншылығы үлкен зиян тигізді. Дәлел ХІІІ-ХIV ғасырларға дейін құрылыс нысандары салынбаған. Ал ірі архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастаған . мысалы бізге жеткен тамаша сәулет өнері Арыстан баб Қ.А.Иасауи, Көккесене, Алаша хан т.б. кесенелер жатады. Арыстан баб кесенесі Отырардың Батыс жағында 3 км жерде сырдария өзеніне жақын жерде орналасқан.

  2. XIV-XV ғ аралығында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнері- Қожа Ахмет Иасауидің кешенді кесенесі. Қожа Ахмет исі мұсылман дінінің көрнекті өкілі, әрі уағыздаушысы, ақын. Кесене ОҚО Түкістан қаласының орталығында орналасқан. Тарихи деректерге жүгінсек 1397 жылы Әмір Темір салдырған, негізгі мақсаты Қожа Ахметтің мұсылмандар арасындағы беделін көтеру, пір тұтушылардың сеніміне ие болу. Аумағы 46,5х65,5м биіктігі 37,5 м, алдынғы беті шығысқа қараған, екі беті күмбезді 35 бөлмеден тұрады. Ең үлкен орталық бөлмесі 18,5 х 18,5 м, ортасында 1399 жылы жасалынған үлкен Тайқазан тұр. Ең негізгі бөлмелердің бірі кітапхана мен Оңтүстік үлкен Ақсарай, Кіші Ақсарай. Оларда атақты адламдар жерленген.Ең басты бөлмесі Көрхан деп аталады, онда Ахмет иасауидің мүрдесі қойылған. Кесененің сырты әйнек, сырлы құйма кірпіштермен қапталған., қабырғалары түрлі өрнектермен әшекейленген. Көрханның үстіне қатпарлы күмбез тұрғызылған.

Диуани хикмет.

  1. Алашахан кесенесі - ХIV - XV ғасырлар арасындағы сәулет өнерінің басты бір ескерткіші. Б.з.д ІІ-І ғасырда өмір сүрген. Алаша хан көне қытай, араб деректерінде де есімі аталатын тұлға.Ұлытау жерінде Қаракеңгір өзенінің оң жағасында орналасқан. Кесене Х -ХІ ғасырдағы сәулет өнерінің туындысы, ерекшклігі далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалынған, іргесі текшеленіп қаланып, төбесі күмбезделген. Ондағы өрнек Орта Азияның сәулет өнерінде кездеспейді. Сырты қазақтың дәстүрлі ою - өрнегі, таңдай, жүрекше оюларымен безендірілген.

  2. Көккесене - Ақ Орданың астанасы болған Сығанақ қаласының маңында Төменарық деген жердің Солтүстік Батысында 8ш жерде орналдасқан бір күмбезді кесене. Сырт беті кілем сияқты өрнек үлгісімен жасалған. Өкінішке орай бүгінгі күні тек жұрнағы ғана қалған.

  3. Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі - XV ғасырдың екінші жартысында салынған. А.Иасауи кесенесінің Шығыс жағынан 60м жерде орналасқан, 5 бөлмеден тұрады. XIX ғасырдың соңында қираған. Төбесіндегі күмбезі а.Иасауидың кесенесінің ішінен табылған. Қалай келгені белгісіз. 1485 жылы қайтыс болған ол Әмір Темірдің ұлы Ұлықбектің қызы екені жазылған. 1895 ж қараусыздықтан бұзылып кеткен, қалған бөлігі 1950- 1957 ж архиологиялық қазба жұмыстарынан кейін кірпіштері Ахмет Иасауи кесенесіне жөндеуге жұмсалған деген дерек бар. Зерттей келе кесененің астыңғы сағанасында 5 адамның мүрдесі табыгған. Ортасындағы Рабияның мүрдесі деген болжам бар.

  4. Қолданбалы өнер- өнер атаулының ішіндегі ең күрделісі,үлкен шығармашылықты қажет етеді. Кез келген сәулеттік құрылысты жасаған соң әрленуіне көңіл бөлу керек, болмаса шыққан шығын зая кетеді.сондықтан құрылысшылар әдемілеуде қолдынбалы өнерді пайдаланған.Жаңа үлгілері қалыптаса бастады, күмбез шатыр пайда болды. Күйген кірпіштен бір жағын түрлі- түсті әйнек сыр жағылған кірпішті пайдаланды. Оның сыры әлі күнге ашылмаған. Орта ғасырдағы құрылыс материалдарының сапалы жасалуынан сәулет өнерінің жоғары деңгейде болғанын көреміз.

Жаңа сабақты бекіту. Хронологиялық кесте толтыру.

  1. Сәулет өнері деген қандай өнер?

  2. Алашахан кесенесі қай жерде, қандай ерекшелігі бар?

  3. Қ.А.Иасауи кесенесін кім салдырған, құрылыс жүйесі?

  4. Археологиялық зерттеуде қандай сә»улет өнерінің ескерткіштері белгілі болды?

  5. Қолданбалы өнер қандай өнер?

V Оқушыларды бағалау.

Оқушының қабілетіне қарай берген жауаптарын бағалау.

VІ. Үйге тапсырма.

§33 Қазақстанның ХIV - XV ғасырлардағы сәулет өнері.

а) Қожа Ахмет кесенесіне әңгіме жазу








© 2010-2022