• Преподавателю
  • Химия
  • Химиялық элементтердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы тақырыбына қысқа мерзімді сабақ жоспары

Химиялық элементтердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы тақырыбына қысқа мерзімді сабақ жоспары

Раздел Химия
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8 сыныптағы химия сабағының қысқа мерзімді жоспары

Химия

8 сынып

7 апта 2 тоқсан 27 .11. 2015ж.

Сабақтың тақырыбы

Химиялық элементтердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Жалпы мақсаты

Адам ағзасының құрамына қандай химиялық элементтер кіретінін және қалыпты дамуда қандай мөлшері қажет екенін білу, табиғаттағы маңызын оқып үйрену

Күтілетін

нәтиже

Химиялық элементтердің ағзаларда маңызды роль атқаратынын біледі;

Жеке мүшелердің жұмысына қалай әсер ететінін түсінеді;

Тамақтану кезінде химиялық элементтерді қандай тамақтармен қабылдау керектігі туралы мәлімет алады;

Табиғатта химиялық элементтердің таралуы туралы білім алады;

Алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйренеді.

Жаттығу-

лар

А) Үй тапсырмасын сұрау. «Өрмекші торы» әдісі арқылы периодтық заң мен периодтық жүйе туралы сұралады

Ә) Жаңа сабақты меңгерту: 1) мұғалімнің слайдтар арқылы қысқаша мәлімет беруі; 2)топтар слайд арқылы өздеріне алдын ала берілген тпасырмаларды қорғайды;

Б)Бекіту: 1)Топтық диалог арқылы; 2)семантикалық карта; 3)топтар алмасады: «есепшілер», «биохимиктер»,«ақын химиктер» топтары өздеріне берілген тапсырмамен жұмыс жасайды; 4)топ басшыларымен жұмыс; 5) жарнама

Д) Қорытындылау: өтілген сабақ бойынша ой-толғаныс-рефлексия

Е) Үйге тапсырма: оқулықтан оқу, ғаламтор мәліметтерін пайдалану.

Сабақ

кезеңдері


Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті


Ресурстар

Ұйымдас

тыру

1 мин

Амандасу, сабақ мақсатын түсіндіру, сабақ ұранын ай

ту: Бүгінгі сабақта бір-бірі

мізге көңіліміз «Н2О-дай» таза, келтірген дәйектеріміз «Рв-дай» салмақты, біліміміз «Аи-дай» жарқырасын!

Топпен жауап қайтарады

парақшалар

Үй тапсырма

сын сұрау

3-4 мин

Д.И.Менделеев жасаған пе

риодтық заң мен жүйе тура

лы «өрмекші торы» әдісін пайдаланады

Топтық диалог жүреді

жіптер

Жаңа сабақты меңгерту

10-12 мин

Оқушылар «макроэлемент

тер», «микроэлементтер», «ультрамакроэлементтер» топтарына бөлінеді. Мұғалім химиялық элементтердің табиғаттағы маңызы туралы слайдтармен қысқаша шолу жасайды..

Оқушылар алдын ала берілген тапсырма бойынша слайд арқылы қорғайды

Интерактивті тақта, дәптер, ғаламтор

Бекіту

18-22 мин

І.Топтар арасында берілген мәліметтер бойынша сұрақтар қою

ІІ.интерактивті тақтадан семантикалық картамен жұмыс.

ІІІ. топтар алмасады: әр топқа тапсырма беріледі.

ІV.Топ басшыларымен жұмыс:

А) валенттік бойынша формула құрастыру;

Ә) «Сен болмасаң» ойыны

V. Жарнама: әр топтан химиялық элементтердің ағзаға қажеттілігін жарнамалайтын тағамдарға жарнама жасау

1.Өзара сұрақтарға жауап беріледі.

2. тақтаға шығып жазады.

ІІІ. а.Есепшілер тобы есеп шығарады: 112 грамм темір оттекпен әрекеттескенде неше грамм темір(ІІ) оксиді түзіледі?

3 моль мыс (ІІ) оксидінің массасын есепте.

Ә.Биохимиктер тобы ағзалық заттарға сапалық тәжірибе жасайды: а) ақ нанға йод ерітіндісін тамызып, көгерсе онда крахмалдың бар екені; ә) жұмыртқаның ақуызына сілті ерітіндісі мен мыс суль

фатын тамызып нәруыз бар екенін анықтау.

б.Ақын -химиктер тобы өлең жолда

рын қажетті сөздермен, химиялық эле

менттен мен қосылыстар есімдерімен толықтырады:

Менделеев ауылында .... ,

1. 20-шы пәтерінде тұрамын.

Кездесемін ... адамның

Айтшы, достым, мен қалай аталамын?

2. Тек ... элементтен құраламын,

Қатты, газ, сұйық боп та тұра аламын.

... өтпес өмірің ешқашан да

Білсең айтшы, мен қалай ... ?

3. Қаны қызыл ағзалардың қанында

Кездесетін элемент бар, ол ...

Бір молінің массасы тең 56-ға

Латыншасы ... деп аталып жүр

ІV. топ басшылары жұмысы: а.валенттік бойынша формула құрастырады: 1. Қорғасынның (ІV) оксидінің формуласын құрастыр. 2.Темірдің (ІІІ) оксидінің формуласын құрастыр. 3. Мыстың(І) оксидінің формуласын құрастыр. ә. «Сен болма

саң» ойыны: үш оқушыға химиялық элемент таңбасы жазылған бас киім кигізіледі, оларсол элементті сипаттай

тын сөйлемдер арқылы өздерін анық

тау керек.

V. Әр топ өз химиялық элементтеріне жарнама жасайды

Мәтіндер

Таратпа материалдар

Ақ нан, йод ерітіндісі, жұмыртқа, NaOH, CuSO4 ерітін, пипеткалар

Бағалау

2-3 мин

Әр топқа бағалау парағымен жұмыс жасауға кірісуге тапсырма беріледі:

А) топты бағалауға

Оқушылар бағаланады.

Оқушылар оқыту үшін бағалау (формативті,

критериийлер көрсе

тілген) жүргізеді,

Бағалау парақтары, стикерлер,

Қорытын

дылау

2-3 мин

Сабақты қорытындылап, жетістіктер мен кемшіліктерге тоқталады, менің бүгін, ертең жуық арада жасайтыным деген сұрақтар беріледі

Сұрақтары болса қояды,

Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі

Оқушылар пікірі, смайликтер, рефлексия жасатады

Үйге тапсырма

1 мин

Тест жасау, күндік тағам рационын жасап әкелуге

Әркім жеке жұмысқа тапсырмалар алады

Оқулықтар, дәптер

Пән мұғалімі: Бақтыкереева Н

© 2010-2022