• Преподавателю
  • Химия
  • Облыстық семинар ҚМЖ Планирование коучинга по теме Мұғалімдер кәсіби өсуіне басшылардың ықпалы

Облыстық семинар ҚМЖ Планирование коучинга по теме Мұғалімдер кәсіби өсуіне басшылардың ықпалы

Раздел Химия
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Облыстық семинар ҚМЖ Планирование коучинга по теме Мұғалімдер кәсіби өсуіне басшылардың ықпалы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сайрам ауданы

Қарабулақ №10 ЖОМ

химия пәні мұғалімі

Абубакирова Феруза Ахмаджановна

I деңгей жоғары санатты

Мектепте нақты өзгерістерді жүзеге асыру үшін қажеттіліктер қалай анықталды және қалай жалғасуда?

Абай атамыз айтқан:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, - деген даналық тағылым іске асырылып, жақсы шәкіртті тәрбиелейтін дана ұстаздар қосынын жасақтауға негіз қаланатын болса, жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында өмірге пайдалы терең білім алуға ынталы және құзырлы , тәуелсіздік тірегіне айналар жаңа буын күштерін тәрбиелеу мақсатындағы бағдарлама толық іске асса, еліміздің ертеңі нұрлы, болашағы даңғыл болады деп сенеміз. Өйткені, бәсекеге қабілетті білім бәрін жеңеді. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білімге негізгі басымдық беріп отырғандағы себебі, білімнің қуатына тең келетін басқа идеялық рухани күш жоқ, өйткені білім тек ғылымның іргетасы ғана емес, мемлекет дамуының күре тамыры және ел дамуының алтын арқауы болып есептеледі, сондықтан да күллі әлем білімнің теңдессіз күшіне арқа сүйейді. Бұл туралы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында былай деді: Білімін дамыта алмаған елдің ХХІ ғасырда тығырыққа тірелері анық. Білім беру реформасы -Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.

. Бірінші деңгей бағдарламасының үш негізгі бағытының бірі мектепті дамыту мақсатында кәсібі желілік қоғамдастық аясында білім алуға бастама жасау және әріптестерге қолдау көсету болып есептеледі.

Менің мектепті өзгертуге бағытталған іс-әрекеттегі зерттеуім нәтижелерін талдау, мектепті 21 ғасыр талаптарына сәйкес келетін білім беру ұйымына айналдыру үшін педагогикалық стратегиялар ауқымын өзгерту туралы жоспарымның басымдықтарын белгілеуіме көмектесті, сондай-ақ мынадай проблемаларды анықтадым.

Мектептегі мұғалімдердің басым бөлігі өздерінің қалыптасқан жұмыс -әдістерін ,қолданыстағы технологияларын дұрыс және тиімді деп санайтын сияқты . Әрине, мектепте өз жұмысына бар ынтасымен кірісетін, жаңалыққа ұмтылушы мұғалімдер баршылық , бірақ олардың жұмыстарын көпшілікке таратуда мектеп әкімшілігінің ат- салысуы, қолдау және ынталандыруды күшейтуі керек сыңайлы. Мектепте қалыптасқан жағдай мұғалімдердың оқуға деген ниеттерін арттырмауы олар өздерін білім алушы емес ,білім берушілеріміз деп санайтынын байқадым.

Әрине, мектепке өзгерістер енгізу барысында ӘБ жетекшісі ретінде көшбасшылықтың адамдармен қарым-қатынас жасаудың тиімді дағдыларын және әріптестер арасында сенімділік пен өзара түсіністікті дамыту бағытында жұмыстар жүргізу арқылы мұғалімдерге де өз қызметтеріне жауапкершілікті арттыруларына, өзіндік сенімділігін нығайтуына қолдау көрсетемін деп шештім.

Жаңа әдіс - тәсілдердің сабақтарда қолдануына байланысты мұғалімдер мен оқушылардың жауаптарын ұштастыра отырып сабақтарда білім берудің жаңа әдіс- тәсілдерінен мектебімізде АКТ -ні жиі қолдануын және де мұғалімдер талантты мен дарындылар жұмысына көп көңіл бөлетіндігін байқадым, әрине бұл мектептің мықты жақтары . Сонымен қатар мектепте мұғалімдеріміз білім берудің және білім алудың сапасын арттыруға мүмкіндік беретін кері байланыс ұсынуды іске асыруымыз керек екендігін және де шын мәнінде олардың қажеттілігіне сай білім беруге өтетін уақыт келгенін мұғалімдер мен талқылап , іс - тәжірибемізге жаңа әдіс-тәсілдерді барынша ынғайлантырып кіріктіруіміз керек деп есептеп , кері байланысты дамыту жоспарындағы коучинг және тәлімгерлік үдерісінде тиімді әдіс немесе құрал ретінде пайдаланамыз деп шешті .

Оқушылар оқудағы кедергілерді мұғалімдермен талқылауға байланысты сұраққа және оқуымыздың сапалы болуына ықпал етуші факторларды талқылауға байланысты сұраққа жауаптарды мұғалімдермен талқыламайды. Бұл үрдісті өзгерту үшін талай жұмыстар атқару керек екендігін байқадым, сонымен қатар мұғалімдер қойған міндеттер шын мәнінде ойлануға жетелеуі үшін сыныптағы оқыту туралы ойлау үдерісін жетілдіретін құралдар мен стратегияларды пайдалануымыз керек екендігін дәлелдеп отыр. Мұғалімдер оқыту мен бірге оқыту туралы ойлау үдерісін жетілдіретін зерттеу жүргізуіміз керек сияқты, сонда ғана барлық ықпал етуші факторларды анықтау мүмкіндігі арта түседі және оқушылардан жиі кері байланыс алуды жолға қою оқу үрдісін жақсартуға ықпал етеді.

Мектепте қалыптасқан жағдай мұғалімдермен оқушылар арасындағы қарым- қатынаста қалай көрініс тапқанын зерттеу мақсатында оқушылардан сауалнама алдым және жекеленген ата-аналардан интервью алып нәтижелерін ұштастырып мына жайттарды анықтадым: оқушылар өз пікірлерін ашық айта аламыз деп есептесе де олардың басым бөлігі өздерін психологиялық тұрғыдан жайлы сезінбейді, сонымен қатар оқушылардың жауаптары мұғалімдер олардың көңіл-күй, сезімдеріне сирек назар аударатынын, мадақтау және қолдаудың жеткіліксіздігін анықтадым. Мектептегі дәстурлі сабақ оқушылар үшін қызықты болмауы сыр емес , сол себебті болса керек мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынаста біраз алшақтық байқалады, конструвтік білім берудің сабақтарға енгізілуімен , нақты айтатын болсам коучинг және тәлімгерлікті енгізумен бұл алшақтықты қысқартуға болады деп есептеймін, себебі оқушыға сенім білдіріп ынталандыру және қолдау көрсету мұғаліммен оқушы арасындағы қарым-қатынасты жақсартатынын өз тәжірибемден білемін .

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға мұғалімболғандықтан мұғалімді өзгертпеінше оқу үдерісі де өзгермейді , деген пікірмен оқу мазмұнын өзгертуге байланысты сауалнама алып нәтижелерін талдай отырып, мұғалімдер конструктивтік білім беруге байланысты сұраққа, тағы да білім беру стратегияларын түрлендіруге қатысты сұраққа да сирек деп жауап бергенін ескере отырып мұғалімдерді өзгерту оқушыларды өзгертуге қарағанда әлдеқайда күрделі жұмыс екендігін түсіндім, себебі мұғалімдер өздерінің қалыптасқан әдістерін өзгертуі үшін , басқа әдіс-тәсілдердің тиімділігіне толық көз жеткізулері керек екен. Сондықтан да мұғалімдердің бір бөлігі кәсіби біліктілікті арттыру курстарынан өтуі және теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруы қажеттігін түсіндім.

Мектептің ағымдағы жағдайын анықтауға бағытталған жұмыстың мектеп басшыларынан, оқушылардан алынған деректеріне негізделе отырып , өз мектебімнің мықты және әлсіз жақтарын анықтауға арқау болған мұғалімдерден, оқушылардан, тәулсіз сарапшылар ретінде ата-аналардан алған сауалнама нәтижелеріне суйене отырып, мектептің жалпы жұмыс жоспарындағы 2013-2014 оқу жылдары міндеттерін ескере отырып өзімнің іс-әрекеттегі зерттеуімді жалғастыра отырып даму жоспарының басымдықтарын , жақсарту керек жайттарын анықтап, нақты осы өзгерістерді іске асыру үшін атқарылатын жұмыстарды анықтап алдық.

Көшбасшы мұғалім ретінде мектептің объективті жағдайын жақсартуға ұмтыла отырып өзгеріс енгізуді жалғастыру мақсатында атқарылатын жұмыстарды «Шеберлікке бастау» қоғамдастығы аясында белгілеп алдық.

-Мектеп ұжымына Бағдарламаның негізгі идеясын, ПШО жұмысын таныстыру.

-Өзгеріс енгізу деректерін анықтау мақсат (сауалнама, интерьвю» оқушы үні жұмыстарын жүргізу.

-Деректерді талдау мониторинг жасау оқу және оқыту үдерісін жақсарту мақсатында жүйелі жоспарлау.

-Білім беру үдерісіне ЖОТ енгізу мақсатында мұғалімдерге коучинг, тренинг өткізу.

-Пән бірлектің жетекшілеріне және мұғалімдерге тәлімгерлік жүргізуді-жетілдіру мақсатында жүйелі түрде коучинг өткізуді ұйымдастыру.

-Тізбектелген сабақтар топтамасын жасау, яғни 7 модулді сабақ жоспарына тиімді кіріктере отырып ОМЖ және ҚМЖжоспарлар дайындауға үйрету.

-Тәлім алушылардың сабақтарда 7 модулді қолдануын бақылау, рефлексия жүргізу(кәсібі әңгіме).

-Рефлексия нәтижелерін талдау барысында, әріптестерге көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында мектеп ішілік, мектеп аралық желілік қоғамдастық құруды ұйымдастыру.

-Мектептегі өзгерістердің білім сапасын арттыруға ықпалы туралы «Дөнгелек үстел»

-Сабақтарды зерделеу мақсатында Lesson Study тәсілін кіріктіруді ұйымдастыру.

Күтілетін нәтижелер:

-Мектеп басшылары, мұғалімдер Бағдарламаның мазмұны мен танысып модуль туралы пікір қалыптастырады.

-Мектептің шынайы ахуалы анықталады.

-Басымдықтар анықталып, шешу жолдары айқындалады.

-Мұғалімдердің коучингдерде пікір алмасуы, ынтымақтастық ортасы жандана түседі.

-Мұғалім мен оқушы арасындыағы алшақтық қысқарып жақындай түседі.

- Lesson Study тәсілі арқылы сабақты зерттеуді үйренеді.

-Білім мен дағдыларды өмірде пайдалануға бейімделеді.

-Мұғалімдер желілік қоғамдастық жұмысын пайдалана отырып, «Кең ауқымды білім мен тәжірибе»ге жол ашады

. Әрине, болашақта да жағымды өзгерістер қарқыны солай жалғасады деп ойлаймын , әрқашан кәсіби түсінігімізді , тәжірибелік дағдыларымызды қолдай келе, мұғалімге тән адамгершілік құндылықтарды оқушылардың оқуын жақсартуға бағыттай келе зияткерлік деңгейіндегі 21-ғасыр оқушыларын дайындауда өз үлесімізді қосуда, әріптес мұғалімдерге қолдау көрсетемін .

КОУЧИНГ СЕССИЯ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы : «Оқу нәтижелерін жақсартуға және мұғалімдер кәсіби
өсуіне көшбасшылықтың ықпалы»

Мақсаты:

  1. Коучинг барысында көшбасшылардың өзін - өзі сыни тұрғыдан бағалауы.

  2. Мектеп көшбасшылығының оқушылар нәтижелеріне ықпал етуші үздік айғақтарын зерттеу.

Күтілетін нәтиже: Білім беру үдерісіндегі оқу нәтижелерін жақсарту, мұғалім кәсіби өсуіне ықпал ету,басшы-мұғалім алшақтығын қысқартуға талпыныс жасалады

Түйінді идея: Желілік қоғамдастықта көшбасшылықты жетілдірү.

Ресурстар: маркерлер,стикер,тапсырмаларды орындауға арналған қағаздар,бейнероликтер,таныстырылымдар.

.



I кезең. Танысу

Сессия кезеңдері

Уақыты

Коучтің іс-әрекеті

Коучинг қатысушылардың іс-әрекеті.

1

Танысу

2 мин

Коучинг тақырыбы мен мақсаттарымен танысу

2

Сергіту (тыңдалымды айқындау)

3 мин

Тілек сөздер

Әр бір қатысушы тілек айтып шығады.

3

Проблеманы айқындау

3 мин

Оқу нәтижелерін жақсарту

Сауалнаманы толтырады.

4



Теориялық материалдар



10 мин



Көшбасшылықтың ықпалы таныстырылымы.

(слайд)

Жұптық және жеке жұмыс .

«Өзін - өзі бағалауға арналған жатығу»

Тыңдау. Танысу.

Тренингке қатысу.

5

Рефлексия

10 мин



Көшбасшы бейнетаспасын тамашалау

«Ой толғау»

Комментарий арқылы бағалау

Қатысушылар өтілген сабаққа байланысты «кілт» сөздері стикерлерге жасып постерге жабыстырады.Сөздер қайталанбайды.



ІІ кезең. «Жоспарлау», жоспар құру

1

«Миға шабуыл»

5 мин

«Көшбасшы» сөзіне ассоциация құру.

Түйінді сөздер айтылады.

2

Топтастыру.

(ранжирование)

2 мин

Әліпби желісіне қарай топтарға бөлінеді.

3

Оқу бағдарламасын әзірлеу.

10 мин

1.Топтарда жоспар құру .

2. Жоспарларды талқылау,

қосымшалар енгізу.

Көшбасшылар оқу бағдарламасын жетілдірүге ұмтылады.

4

Жоспарды бекіту.

5 мин

Жоспарды бекіту.

5

Рефлексия

2 мин

«Смайликтерді» пайдалану арқылы кері байланыс.

ІІІ кезең. «Бағалау»,сабақты бақылау,

1

Сабақтар.

5 мин

Оқыту үшін бағалау

Топтар бір - бірін 2жұлдыз, 1 тілекпен бағалайды

Сабақты бейне роликке түсіру.

Рефлексиялық есеп.

IV кезең. «Рефлексия»

1

Рефлексивті есеп.

2 мин

Қатысушылар өзара және өзін өзі бағалау.



© 2010-2022