«Африка – ғаламшар жүрегі

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: « Африка - ғаламшар жүрегі».

(7 сынып)

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың Африка материгі туралы алған білім мен білік дағдысын қалыптастыру, ой әрекетінің дамуын арттыру.

Дамытушылық: Әртүрлі карта , кестемен жұмыс істеу, салыстырып , қорытынды жасай білу дағдысын одан ары дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды іздемпаздыққа, қызығушылыққа , топпен жұмыс істеуге , жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: топтық жұмыс арқылы білімді қорыту, жүйелеу

Көрнектілік: Африканың физикалық ,табиғат зоналары картасы. Атлас 7 сынып Үлестірме тапсырмалар, бағалау парағы, жетондар , стикерлер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру.

Мұғалім сөзі-

1. Әртүрлі үлестірме жетон арқылы сыныпты 4 топқа бөлу.

2. Тақтаға топ ережесін іліп , топ ережесін қайталау.

3. Бағалау парағын үлестіру

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Оқушылардың білімін « Елші» стратегиясы бойынша бағалау.

Көк жетонды оқушы топтың , оқушылардың жауабын бағалайды

2. Оқушылар сабақтың мақсатын өздері анықтайды.

3. Тапсырмаларды орындау

I. Тапсырма « Ең, ең, ең»

1, Африканың ең үлкен шөлі-

2, Ең үлкен аралы-

3. Ең ұзын өзені-

4. Ең ірі жануары-

5. Ең биік нүктесі-

6. Ең ірі көлі-

7. Ең терең көлі-

8. Ең төмен орналасқан жері-

II.Тапсырма « Географиялық орны»-

Үлестірме тапсырма беру, жазбаша түрде орындап, картадан көрсетіп, жауап беру. Жауап береді Қызыл жетонды оқушы.

Нүктелердің орнына керекті сөздерді қою.

1. Африканы дәл ортасынан ... кесіп өтеді, сондықтан ол ... ... шарда орналасқан.

2. Африканы нөлдік меридиан .... кеседі, сондықтан ол ... және ... жартышарда орналасқан. Африка ыстық, себебі ол екі .... аралығында орналасқан.

3. Африка ... Үнді , ... Атлант мұхитымен, Жерорта теңізімен ... шектеседі. Барлық материктерден ... орналасқан , тек .... материгі ғана жақын.

III . Тапсырма « Неге?»

Әр топқа 2 сұрақтан тұратын үлестірме тапсырма беру.

Жауап береді Жасыл және Сары жетонды оқушы

1.Не себепті Африка - ең ыстық материк?

2. Намиб шөлі өте құрғақ, жауын-шашын мөлшері - 100 мм аз. Ал Айдахар тауының шығыс бөлігі өте ылғалды, жауын-шашын мөлшері - 1000мм жуық. Бірақ екеуі де мұхит жағалауында орналасқан. Себебін түсіндір.

IY.Сергіту сәті « Картаға саяхат». Оқушылар көзбен - солтүстікке, оңтүстікке , шығысқа, батысқа қарайды. Содан кейін көзбен Африканың жағалау сызығымен айнала жүзіп өтеді.

IY. Тапсырма « Африка білгірлері».

Тапсырмада жазылған өсімдік , жануарлардың қандай табиғат зонасына жататынын анықтап , бөліп жазыңдар.

Баобаб, лемур, дум пальмасы, керік, лиана , қабылан , піл, фикус, бегемот, зебра, сейба, шимпанзе, түйеқұс, құрма пальмасы, ананас, түйе, вельвичия, шиебөрі, ергежейлі антилопа

  1. Ылғалды экваторлық орман -

  2. Саванна және сирек орман-

  3. Шөл зонасы -

Жауап береді Сары жетонды оқушы

Y.Тапсырма « Қызық сөздер.»- Әрбір сөздің мағынасын түсіндір

1 топ. 2топ 3 топ 4 топ

1. Тангаеьика - 1. Туарег - 1. Баобаб - 1.Нигер-

2. Сомали- 2. Виктория - 2. Чад - 2. Рас-Хафун-

3. Калахари - 3. Цеце - 3. Нилот- 3. Шұрат-

4. Хамада - 4. Саванна - 4. Замбези- 4. Вельвичия-

5. Пигмей- 5. Атлас - 5. Камерун - 5. Лемур-

YI. « Синквейн кұру» Әр топ төмендегі сөздерді пайдаланып, Африка туралы синквейн құрайды.

1 . Африка

2. Ыстық , ерекше

3. Орналасқан, тұрады, шектеседі

4. Материк

YII. Қорытындылау және бағалау.

Топ жетекшісі топ мүшелерінің біліміне , сабаққа қатысу белсенділігіне түсініктеме бере отырып, бағалайды.

YIII. Рефлексия.

Оқушылар сабақ туралы көзқарасын , тілегін стикерге жазып, Африка картасына іледі.

Мұғалімнің қорытынды сөзі.


© 2010-2022