САБАҚ - ЖЕЛДІ ЗЕРТТЕУДІҢ МАҢЫЗЫ

Раздел География
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

САБАҚ - ЖЕЛДІ ЗЕРТТЕУДІҢ МАҢЫЗЫ

Баймаханова Нұргүл Мұхамбетқалиқызы

№136 Т.Жүргенов атындағы мектеп-лицейінің география пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: ЖЕЛДІ ЗЕРТТЕУДІҢ МАҢЫЗЫ

Сабақтың мақсаты:

Танымдық: Қазіргі кездегі жел қозғалысының нәтижесіндегі пайдасы мен зияны, соның ішінде Жел-таусылмайтын қуат көзі деп аталуы тегін емес екеніне өмірмен байланыстыра отырып ұғындыруға жағдай жасау;

Эмоциялық: сыныптағы ынтымақтастық ықпалдастық орта қалыптастыру

Әлеуметтік: әлеуметтік өзара әрекеттесу барысында жұмыс түрлерін ұсыну

Оқу нәтижесі:

  • Сыныптағы атқарылатын іс-әрекеттердің нәтижиелі болу үшін ақпарат көздерін біріктіріп, жинақтау;

  • Сұрақтарға жауап беру, дәлелдемелерді талдау, саналы мағынаны анықтау.

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, суреттер, практикалық жұмыстар орындауда қажетті құрал-жабдықтар, түрлі-түсті стикерлер

Мотивациялық кезеңі: Оқушыларды 3 топқа бөлінеді, әр топ 8 оқушыдан тұрады, оның ішінде 1 топ басшысы, 1 уақыт сақшысы, 5 қатысушы, 1 бақылаушыдан тұрады. /қажетті уақыт - 5 мин/

Үй тапсырмасын сұрау:

1. СТОү-ды дамыту үшін миға шабуыл стратегиясы бойынша пайымдау сұрақтар қойылады /қажетті уақыт - 10 мин/:

І топқа:

1. Жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуын не дейміз ? Жел

2. Желдің пайда болуының негізгі себебі не? Ауа қысымының әркелкі таралуы

3. Жер бетінің кез келген бір бөлігінде қысым жоғарыласа, ол жердегі ауа қысымы қалай қарай ауыса бастайды? Төмен жаққа

4. Жел көкжиектің қандай тұстарымен соғады. Барлық /негізгі, аралық/

5. Желдің жылдамдығы /күші/ немен есептеленеді? Секундына метр есебімен

6. Желдің жылдамдығы мен бағытын қандай орындарда анықтайды? Ауа райы бақылайтын станцияларда

7. Ауа райы бақылайтын станцияларда желдің жылдамдығы мен бағытын қандай құралмен анықтайды? Желбағар/флюгер/

8. Желбағар неден тұрады? Көкжиек тұстарына сәйкес келетін 8 көрсеткіш таяқшадан тұрады

9. 8 көрсеткіш таяқшаның біреуіне қандай әріп бекітілген? С /солтүстік/

10. Желбағар құралы арқылы желдің несін анықтайды? Жылдамдығын

ІІ топқа:

11. 0-1 таяқшалардың арасы қанша метр секунд есебімен? 1 м/сек

12. 2 таяқшаның тұсы қанша метр секунд есебімен? 4 м/сек

13. 1-2 таяқшалардың арасы қанша метр секунд есебімен? 3 м/сек

14. Желбағар биіктігі қанша метр биіктікте орнатылады? 10-12 м

15. Жер шарының кейбір аймақтарында соғатын тұрақты желдердің негізгілерін ата? Бриз және муссон

16. Бриз - французша Жеңіл жел

17. Құрлық пен судың үстіндегі ауа әр түрлі жылынуына байланысты бриз желі бағытын қалай өзгертіп тұрады? Тәулігіне 2 рет

18. Күндізгі бризді сипатта Күндіз күн сәулесінен құрлық теңізге қарағанда тез, әрі қатты жылынады. Жылы ауа жоғары көтеріліп жан-жаққа таралады.

19. Түнгі бризді сипатта Құрлықтан теңізге қарай соғады. Құрлық суынады. Ауа қасиетіне қарай салқын және тығыз болады.

20. Бриз сияқты құрлық пен теңіздің арасында соғатын тұрақты жел Муссон

ІІІ топқа:

21. Муссон желінің бағыты қалай ауысады? Жыл ішінде ауысады

22. Муссон - арабша Маусым

23. Муссон желінді қыста құрлық қатты салқындайды, жоғары қысым орнайды, ал теңіз үстінде ауа мен қысым қандай болады? Ауа жылы, қысымы төмен

24. Желдің жылдамдығы мен бағытын бақылау нәтижелерін қорыту барысында қандай карта сызылады? Жел өрнегі

25. Жел өрнегі сызылмас бұрын қағазға 1-ші болып не сызылады? Көкжиектің негізгі және аралық тұстары сызылады

26. Жел өрнегіндегі алынған нүктелер немен қосылады? Сызықпен

27. Көкжиектің аралық тұстарын атап шық СШ, СБ, ОШ, ОБ

28. Көкжиектің негізгі тұстарын атап шық Оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс

29. Жел өрнегін алу үшін белгілі бір жердегі желдің белгілі бір уақыт ішіндегі қай уақыт-мерзімін басшылыққа алады? Ай, маусым, жыл

30. Көкжиек тұстарын ажырату үшін қандай құралды қолданамыз? Тұсбағар /компас/

ІІ. Жел өрнегін сызу тапсырмасын оқушылар топта белгілі уақытта орындайды.

/Жұмыс орындауда оқушыларға қара қалам, сызғыш, өшіргіш, А4 форматта ақ қағаз, жапсырма желім/ қажетті уақыт-10 мин/ Ерекшелігі

Жаңа сабақ: Әр топқа тапсырма берместен бұрын оқушылармен бірге 3 минуттан тұратын видео-ролик көрсетіледі.

1-Тапсырма /шығармашылық жұмыс/

І топқа: Адам желдің күшін қай заманнан бері пайдаланып келеді?

ІІ топқа: Жел - таусылмайтын қуат көзі деп неге есептеген?

ІІІ топқа: Жел - жер бетіндегі су айналымының негізгі қозғаушы күші деген түсінікке мысал келтір /әр топқа 2 мин берілгенде, барлығы - 6 мин жұмсалады/

САБАҚ - ЖЕЛДІ ЗЕРТТЕУДІҢ МАҢЫЗЫ

САБАҚ - ЖЕЛДІ ЗЕРТТЕУДІҢ МАҢЫЗЫ

2-Тапсырма. Суреттер сөйлейді. Осы мезетте интербелсенді тақтадан оқушылар назарына 3 топқа арналған желдің зиянды әрекеті де жетерліктей проблемалық суреттер көрсетіледі, осыдан олар өздеріне берілген уақытта /әр топқа 3 мин берілгенде, барлығы - 9 мин жұмсалады/ нені көріп тұр, сондай апаттардан сақтану үшін алдын-ала қандай зерттеу жұмыстарын жүргізіп отыру керектігін баяндайды.

3-Тапсырма /қажетті уақыт 2 мин/:

Желдің күшін түрлі белгілер бойынша анықтау кестесін құр:

І-топ:Жел әрекеті

Желдің аты

Желдің жылдамдығы

Мұржадан шыққан түтін тік көтеріледі

Тымық

0 м/сек

Мұржаның түтіні аздап шалқиды

Баяу жел

1-1,5

Ағаштың жіңішке бұтақтары сылдырлайды

Жеңіл жел

2,3

ІІ-топ:Жел әрекеті

Желдің аты

Желдің жылдамдығы

Ағаштың бұтақтары теңселеді, шаң-тозаң көтеріледі

Қоңыр жел

6-8

Су бетінде толқын жүреді, ағаш діңі теңселеді, ұшар басы шуылдайды

Самал жел

9-10

Ағаштың жуан бұтақтары теңселеді

Қатты жел

11-12

ІІІ-топ:Жел әрекеті

Желдің аты

Желдің жылдамдығы

Жел ағаштың жіңішке бұтақтарын сындырады

Өте күшті жел

16-18

Шатырды жұлып әкетеді

Дауыл

19-21

Жер беті астан-кестен болады

Долы дауыл

22-25

Сабақты бекіту /қажетті уақыт 2 мин/: Бағалау: Сабақ барысындағы тапсырмалардың орындауы кездерінде әр топ көрші топтың түсінікті әрі тұшымды жауаптары үшін өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық смайликтермен бағалайды. Оны топ басшысы түртіп алып неше тапсырма болса, сонша тапсырмадағы бағаланған смайликтерді қосу арқылы, мысалға: топ "жақсы" + "өте жақсы" + "жақсы" болса топтың жұмысын "жақсы" деген бағамен бағалауға болады.

Үйге тапсырма: Оқу, түсінік айту

Сабақ рефлексиясы:

Сабақ біткеннен кейін оқушылардан «Сабақтың қай тұстары сендерге қызықты өтті?» деген сұраққа, өзара әрекеттесе отырып топта жұмыс істеген ұнады, өмірмен байланыстыра отырып қойған сабақ басындағы ашық сұрақ ұнады деп айтып жатты.Ал кейбір жекелеген оқушылар өткен сабақ пен бүгінгі сабақтан алған әсерін жасыра алған жоқ:

1.«Сабақтан алған әсерім жақсы. Әр өткен сабағымызда топқа бөлініп, түрлі тапсырмалар орындап сабаққа деген қызығушылығымыз күннен күнге арта бастады деп ойын түйіндеді. »

2. «Сабақтан алған әсерім өте керемет. Сабақ қызықты және көңілді болып өтті. Топтаса, жұптаса жұмыс жасау арқылы қиындықтарды жеңуге болады екен деп өз ойын тұжырымдады.»

Оқушылар өзін-өзі бағалауды жақсы көреді. Бірақ өздерінің жауаптарын жоғары бағалайды. Сабаққа белсене араласып отырған оқушылардың жауаптарын толыққанды тыңдауға тырыстым. Сабаққа оқушылар жақсы қатысты, сабақта байқағаным пайымдағаным немесе түйгенім десе де болады, балалар өз ойларын еркін жеткізе алды және уақытты тиімді пайдалана алдық, оқушылар өзін-өзі бағалай алды.

Сабағымда сәтті болған тұстарым:

  • Оқушылар топқа бөлінуді жақсы үйренген.

  • Оқушылар жүйелі ойлануды үйренді;

  • Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында тұлғааралық қарым-қатынас орнады;

Сыни ойлауды дамытуда сәтті болған тұстарым:

  • Сабақ барысында оқушылар тапсырмаларды аяғына дейін орындауына шыдамдылық танытып, оқушылардың мұғалімнің көмегінсіз орындауы.

Қызылорда қаласы


© 2010-2022