Еуразияның климаты сабақ жоспары

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Еуразияның климаты сабақ жоспарыЕуразияның климаты сабақ жоспарыЕуразияның климаты сабақ жоспарыЕуразияның климаты сабақ жоспары

Тақырыбы: Еуразияның климаты. Жауын - шашынның таралуы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Еуразияның климаты, климат қалыптастырушы факторлары, климаттық белдеулері жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Еуразияның климатымен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Топтастыру.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Б.Ү.Ү. кестесі.

3. Кестемен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Топтастыру.

3. Кестемен жұмыс

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Еуразияның климаты?

2. Еуразияның климат қалыптастырушы факторлары?

3. Климаттық белдеулері?

4. Климат типтері?

5. Климаттың адам тіршілігіне әсері?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Топтастыру.

Топтастыру арқылы климат қалыптастырушы факторларын түсіндіру.




Мұхиттар

дың ықпалы

Жер бедерінің сипаты

Климат қалыптас-

тырушы факторлар



География

лық ендік

Ауа массалары-

ның қозғалысы


3. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Еуразияның климаттық белдеулерін түсіндіру.

Арктикалық

Еуразияның арктикалық аралдарымен Солтүстік мұзды мұхит суымен шайып жатқан шығыс бөлігі кіреді.

Субарктикалық

Исландаия аралынан басталып жіңішке жолақ түрінде өтеді.

Қоңыржай

Еуразияның ең аумақты климаттық белдеуі, бірнеше климаттық типке бөлінеді.

Субтропиктік

Материкті батыстан шығысқа қарай кесіп өтеді.

Тропиктік

Материктің тек батыс бөлігін қамтиды.

Субэкваторлық

Үндістан, Үндіқытай түбектері мен оларға жалғас жатқан аралдарды қамтиды.

Экваторлық

Еуразияның оңтүстік-шығысындағы аралдарды қамтиды.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді



V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Еуразияның климаты.


© 2010-2022