Ашық сабақ Гидросфера су айналымы жайлы ұғым. 6-Ә сынып

Сабақтың мақсаты:Білімділігі: жердің су қабығы туралы түсінік беру, табиғаттағы су айналымы жайлы сипаттау. Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар орындау. Дамытушылығы: тапсырмалар орындау арқылы гидросфера саласының өзіндік ерекшеліктерін түсіне білуге баулу және білімге деген көзқарастарын дамыту. Тәрбиелілігі: оқушылардың белсенділігін арттыру және қоршаған ортаны қорғай білуге тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру. Сабақтың түрі: топтық сабақ.Сабақтың әдіс-тәсілі: географиялық диктант,сұ...
Раздел География
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Ашық сабақ Гидросфера су айналымы жайлы ұғым. 6-Ә сыныпАшық сабақ Гидросфера су айналымы жайлы ұғым. 6-Ә сыныпАшық сабақ Гидросфера су айналымы жайлы ұғым. 6-Ә сыныпАшық сабақ Гидросфера су айналымы жайлы ұғым. 6-Ә сыныпАшық сабақ Гидросфера су айналымы жайлы ұғым. 6-Ә сыныпАшық сабақ Гидросфера су айналымы жайлы ұғым. 6-Ә сыныпАшық сабақ Гидросфера су айналымы жайлы ұғым. 6-Ә сыныпАшық сабақ Гидросфера су айналымы жайлы ұғым. 6-Ә сыныпАшық сабақ Гидросфера су айналымы жайлы ұғым. 6-Ә сынып

15.12.2014 ж.

Сабақтың тақырыбы: Гидросфера су айналымы жайлы ұғым.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: жердің су қабығы туралы түсінік беру, табиғаттағы су айналымы жайлы сипаттау. Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар орындау.

Дамытушылығы: тапсырмалар орындау арқылы гидросфера саласының өзіндік ерекшеліктерін түсіне білуге баулу және білімге деген көзқарастарын дамыту.

Тәрбиелілігі: оқушылардың белсенділігін арттыру және қоршаған ортаны қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру.

Сабақтың түрі: топтық сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: географиялық диктант,сұрақ-жауап, миға шабуыл, джигсо, ассосация, фишбаум.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек-сызбалар, үлестірме парақшалар, бағалау парақшасы, флипчарт, геометриялық фигуралар.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушылармен сәлемдесу;

ә) оқушыларды түгелдеу;

б) психологиялық дайындық.

Шаттық шеңбері.

"Жүректен жүрекке".

- Оқушылар, бүгін бізде ерекше сабақ. Бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен өткізу үшін бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік.

Тілектер айтылады.

- Сәлем, Айжан, мен саған бақыт тілеймін!

- Қалайсың, Абдусамат, мен саған денсаулық тілеймін!

- Сәлеметсің бе, Бексұлтан, мен саған шаттық тілеймін!

- Ақылды бол!

- Ұқыпты бол!

- Білімді бол!

- Кішіпейіл бол!

- Әдепті бол!

- Міне, балалар, бір-бірімізге денсаулық тілеп, жақсылық жасасақ, өзімізге жақсылық болып оралады екен.

- Ал, оқушылар, бүгінгі сабағымыз топтық сабақ болғандықтан геометриялық фигураларды алу арқылы өз тобымызға жайғасайық.

І топ - қызыл - атмосфера

ІІ топ - жасыл - биосфера

ІІІ топ - сары - гидросфера

IVтоп - көк - литосфера

Топ ережесі және рольдерге бөліну ескертілді. Осы уақытта топ басшысына бағалау парақшасы беріледі.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Географиялық диктант

І топ.

1.Бұрын ол ұшына салмақты зат байланған, бойына м, см өлшемдері белгіленген __________ немесе __________ көмегімен өлшенетін. (арқанның, сымның)

2. Мұндай әдіс __________, әрі кеткенде __________ дейінгі тереңдікті өлшейтін болған. (50 м, 200 м)

3. Кеменің жүзу бағытын, тереңдігін тез және үздіксіз өлшейтін құрал __________. (эхолот)

4. __________ арқылы мұхит түбіне қарай дыбыс жіберіледі. (эхолот құралы)

ІІ топ.

1. Дыбыстың суда таралу жылдамдығы ______ сек. _______ м. (1 сек, 1500 м)

2. ХХ ғасырдың 2 жартысындағы зерттеулердің нәтижесінде барлық мұхиттардан __________ деп аталатын су асты таулар ашылды. (мұхит ортас жоталары)

3. Ең ірісі Орта Атлант жотасы Гренландия аралының оңтүстік тұсынан басталып, _______________________________________________________________________ . (Антарктида материгіне дейін 18000 км)

4. Мұхит ортасы жоталары _______ атпа жыныстар, _______ жыныстар, шөгінділер. (мұхитық, материктік)

ІІІ топ.

1. Мұхит түбінің ең үлкен бөлігі __________ тиесілі. (қазаншұңқырларға)

2. Мұхит қазаншұңқырларының бетін __________ басып жатады. (шөгінді жыныстар)

3. Мұхит түбіндегі шөгінділер шамамен __________ жиналады. (2 мың жылда 1 см)

4. __________ материктің мұхитқа өтпелі, 200 м тереңдікке дейінгі бөлігі. (қайраң)

IVтоп.

1. Материктік қайраң негізінен __________ жыныстардн тұрады. (шөгінді)

2. Материктік қайраңнан мұхит түбіне ауысатын бөлігін __________ дейді. (материктік беткей)

3. Материктік беткей __________ дейінгі тереңдікте жатады. (200 м-2800 м)

4. Мұхиттарда доға тәрізді иілген ұзын және енсіз ойыстар __________ жатады. (шұңғымалар)

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

Қар үйіндісі әдісі.

Әр топтан оқушылар жеке-жеке сұрақтар дайындайды.

ІV. Жаңа сабақ.

"Миға шабуыл" әдісі.

1. Жердің географиялық қабықтары

2. Судың қандай күйлері бар?

3. Қандай жағдайда су бір күйден екінші күйге ауысады.

4. Су жер бетінің қанша бөлігін алып жатыр.

Мұғалімнің сөзі:

Міне, оқушылар, бүгінгі сабағымыздың мақсаты жердің су қабығы, табиғаттағы су айналымы туралы мағлұмат алу.

теңіз

мұхит өзен

көл атмосферадағы су буы

жер асты суы

Су Дүние жүзілік мұхит 97 %.

Жер асты суы 1%.

Тұщы су 2.5%.

Оқулықпен жұмыс: Джигсо

І-ІІ топқа - Жердегі су

ІІІ-ІV топқа -Табиғаттағы су айналым

Постермен жұмыс: Ассосация әдісі

Сергіту сәті: Кел, билейк

Дәптермен жұмыс: Ереже жазу.

V.Жаңа сабақты бекіту: Фишбаум.

VІ.Үйге тапсырма: "Судың да сұрауы бар" тақырыбына ЭССЕ жазып келу.

VІІ.Бағалау: Топтық бағалау

VІІІ.Кері байланыс: ББҮ

© 2010-2022