Циклондар 8 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Раздел География
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 8а Күні: 24.11.15

Тақырыбы: Фронтальдық зоналар, циклондар, антициклондар.

Мақсаты:

Білімділік: Қазақстан аумағында фронтальдық зоналар, циклондар, антициклондар туралы білімдерін жүйелеу және тереңдету. Циклондар туралы ұғымды қалыптастыру. Қазақстан аумағында қалыптасатын климат құбылыстары туралы көзқарастарын қалыптастыру. Олардың адам өміріне, шаруашылыққа тигізетін әсерін анықтау.

Дамытушылық: Қазақстан аумағында циклондардың таралуын климат картасы бойынша сипаттау арқылы тақырыптық картамен, кескін картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын дамыту. Ылғалдану коэффициентіне есептер шығару арқылы іскерліктерін арттыру

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдету арқылы отансүйгіштік қасиетін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, климат картасы, атлас

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі

  1. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі

  2. Тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үй тапсырмасын беру кезеңі

  3. Тақырыпты бекіту кезеңі

Сабақтың барысы

Жаңа тақырып : Жердің атмосферасы біркелкі элементтерден тұрмайды. Жер бетіндегі атмосфераның құрамы: 78% азоттан, 21% оттегіден, 0,9% оргоннан және болар болмас пайыздары көмірқышқыл газдан (углекислый газ), сутектен, гелийден, неоннан және т.б. газдардан тұрады.

Атмосфераның төменгі қабатында 20км деңгейде су буы бар. Ал 20-25 км биіктікте азон қабаты орналасқан. Ол қабат тірі организмдерді зиянды қысқа толқынды сәулелерден қорғайды. 100км биіктікте газдардың молекулалары атом мен иондарға бөлініп ионосфераны құрайды.

Температураның таралуына байланысты атмосфера тропосфераға, стратосфераға, мезосфераға, термосфераға және экзосфераға бөлінеді. Ауаның жерге қатысты қозғалуын жел деп атайды. Желдің күшін Бофорт шкаласы бағалайды.

Желдің бағыты үлкен қысымнан кіші қысымға бағыттылады. Атмосферадағы қысымның кіші аймағының ең кіші қысымының ортасы циклон деп аталады.

Дауыл

Дауыл - бұл өте үлкен күші мен ұзақ уақытта сақталу мүмкіншілігі бар жел. Бұл кезде желдің жылдамдығы 32м\с және одан да көп болып, желдің күші Боферт шкаласы бойынша 12 баллдан асады. Дауылдың размерлері әр-түрлі болуы мүмкін. Әдетте дауылдың енін катастрофалық қираған зонаның енімен алады. Кейбір жағдайлардадауылдың ені 1000км-ге дейін жетіп қалады. Тайфунның қирау ені (разрушении) 15-45км. Дауылдың орташа ұзақтығы 9-12 күн. Дауыл өзінің стихиялық апат әсері жағынан жер сілкінісінен кем болмайды. Көп жағдайда дауыл нөсер жаңбырмен қатар өтіп халық пен шаруашылыққа тигізер зиян зардабын өте күрделі масштабтарға дейін жеткізуі мүмкін.

Боран

Бұл желдің жылдамдығы жағынан дауылдан жылдамдығы кіші болған жағдай. Борандағы желдің жылдамдығы 15-20 м\с дейін болуы мүмкін. Ал материалдық және адам шығыны жағынан дауылдан әлде қайда төмен. Боран құйынды және бір бағытты болып келеді. Құйынды боран үлкен аумақтарға дейін жайылуы ықтимал. Құйынды боран шаңды және қарлы болып бөлінеді. Шаңды боран - бұл күшті құйынды қатты желдің салдарынан құмды, шаңды, топырақты, тұзды ауаға көтеріп ауқымды (значительный) қашықтыққа алып барып тастау мүмкіндігі бар жағдай. Шаңды боран көбіне шөлді жерлерде көп болады. Кенет көтерілетін боран кездейсоқ басталып кету қасиеті бар және өте қысқа мерзімде өтеді. Мысалы 10 минуттың ішінде желдің жылдамдығы 3 м\с-тан 30 с-қа дейін өседі.

Қорытынды сұрақтар: 1. Циклон дегеніміз не?

2. Ең аз мөлшері қанша және қай жерде, ең көп мөлшері қанша және қай жерде?

3. Қандай атмосфералық құбылыстарды білесіңдер?

Бекіту: Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады.

Тақырыпты қайталау. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау

© 2010-2022