Қазақстанның құрылыс материалдары өнеркәсібі

Раздел География
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: география

Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Құрылыс материалдары өнеркәсібі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Қазақстанның құрылыс материалдары өнеркәсібі жайлы түсінік беру
Дамытушылығы: Сұрақтар мен тапсырмалар бере отырып, өз бетімен білім алу белсенділігін арттыру
Тәрбиелігі: Оқушыларды білімділікке, іздемпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың типі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,түсіндірме, кесте толтыру, әңгімелеу, тест, картамен жұмыс,
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, атлас.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасы
Сұрақ-жауап:
1. Елімізде ағаш өнеркәсібі саласы жете дамыған ба?
2. Елімізде ағаш дайындау өнеркәсібінің орналасу ерекшелігі?
3. Ағаш өңдеу өнеркәсібі қандай өнімдер шығарады?
4. Қазақстанда жиһаз компаниялары қай қалада орналасқан?
5. Бүгінгі таңда елімізде жиһаз өндірісін дамыту үшін қандай мүмкіндіктер жасалып отыр?
. Үй тапсырмасын қортындылау
Үй тапсырмасын қысқаша қортындылап, жаңа сабаққа көшу
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Республика шаруашылығының жетекші салаларының бірі - құрылыс материалдары кешені. Бұл барлық шаруашылық салаларымен тығыз байланысты. Құрылыс материалдары кешені үш топқа бөлінеді:

  1. Минералды құрылыс шикізаты(құм, қиыршық тас, ұсақталған тас, гранит, мәрмәр,т.б.)

  2. Ұстастырылатын материал(цемент,әк,т.б.)

  3. Қабырғалық материалдар- бетон және темір бетон конструкциялары.
    Картамен жұмыс
    Өндіру Орталықтарын дәптерге жазып, картаға түсіру
    Мәрмәр
    Алебастр
    әктас
    Ұлутас
    Гипс
    Ақ саз
    Кварц құмы
    Гранит
    Талшықтас
    Керамзит
    асфальт
    Оқулықпен жұмыс
    Цемент, бетон және темір-бетон, кірпіш, пенобетон, шыны, т.б. құрылыс материалдарын өнеркәсібінің негізгі орталықтарын атлас картадан анықтап, оған сипаттама беру

    ҮІІ. Жаңа сабақты бекіту
    Тест
    1. Жоғары сапалы аққұм өндірілетін облыс:
    А) Атырау В) Ақмола С) Қарағанды
    2. Шифер зауыты орналасқан қала:
    А) Тараз В) Ақтөбе С)Қостанай
    3. Шыны зауыты орналасқан облыс:
    А) Ақтөбе В) Батыс Қазақстан С) Атырау
    4. Цемент зауыты орналасқан қала:
    А) Көкшетау В) Астана С) Шымкент
    5. Кварц құмы өндіретін облыс:
    А) Қызылорда В) Павлодар С) Қарағанды
    6. Құрылыстағы байланыстырушы материал:
    А) Цемент В) Әктас С) Ағаш
    7. Құрылыс материалдарының негізгісі
    А) Бетон, темір-бетон
    В) Құрылыс қоспалары
    С) Асбест
    8. Ірі цемент зауыттарының Шымкент пен Семейде орналаласуындағы басты фактор
    А) Тұтынушыға жақын
    В) Экологиялық таза аймақта
    С) Әк тастар мен цементті саз балшықтарға жақын
    ҮІІІ. Сабақты қортындылау
    Эссе жазу
    « Қазақстанда құрылыс материалдары өнеркәсібінің орталықтарының даму болашағы... »

    ІХ. Үйге тапсырма
    Ø §23. Құрылыс материалдары өнеркәсібін оқу;
    Ø Кескін картаға өндіріс орталықтарын түсіру.



© 2010-2022