Географиядан сайыс сабақ. Тақырыбы: Қызықты география әлемінде

Раздел География
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызықты география әлемінде
Мақсаты:
- Балалардың география пәніне қызығушылығын, белсенділігін дамыту, оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, тез ойлап, тез шешім қабылдауға, бір-біріне көмектесуге, жарыс барысында белсенділік көрсетуге, жеке тұлға ретінде дамуына мүмкіндік жасау арқылы тәрбиелеу мақсат етілді.
Көрнекіліктері : интерактивті тақта,слайд.
Өткізілу түрі: жарыс
Барысы:
Ұйымдастыру:Оқушыларды дайындаған үстелге отырғызу.
Жүргізуші:
Бүгінгі апталықта география пәнінен 6-шы сыныптар арасындағы өткізгелі отырған «Әлемді география арқылы таны» сайысына қош келдіңіздер.
Топтарды ортаға шақырайық
І-топ 6«А»сынып оқушылары
ІІ-топ 6 «Ә» сынып оқушылары
ІІI-топ 6 «Б» сынып оқушылары

ІV-топ 6 «В» сынып оқушылары
Әділқазылар алқасымен таныстырайын
Жүргізуші:
-Ал енді сайысымызды бастайық!
Сайыстың жоспарымен таныс болайық
1.Топтардың өзін таныстыруы.
2. Капитандар сайысы. «Блиц турнир»
3. Бұл кім?Бұл не?
4. Адасқан әріптер
5. «Сенемін немесе сенбеймін» деп аталады
6. Қорытынды.Марапаттау

1-кезеңі Топтар өздерін таныстары
Әділқазылар алқасы ұпай сандарын есептеп отырады
2-ші кезеңі. «Капитанлар сайысы» Әр топтың капитандары берілген сұрақтарға тез жауап беру керек.
І-топ
1. Дүниежүзінде неше мұхит бар? (4)
2. ТМД-ғы ең биік жанартау- ключи шоқысы

3. Таулы үстірттердің биіктігі- 500 м жоғары

4.Масштабы 1см-де -100м қандай масштаб -атаулы масштаб
5. Метамарфоза сөзінің мағынасы -өзгеру

ІІ-топ.
1.Жердің кішірейтілген модельі - глобус
2.Экватордың ұзындығы - 40000

3.Фонтан ретінде оқтын-оқтын атқылап тұратын ыстық бұлақ- гейзер
4. Масштабтың неше түрі бар - 3
5. Тау жыныстарының қанша түрі бар -3

ІІI-топ 6 «Б»

1.Жердің су қабығы-гидросфера

2.Жер сілкінісі жиі қайталанып тұратын аймақтар- сейсмикалық аймақтар

3.Жанартаудың құрылысы- магма ошағы,көмей,кратер

4.Анд тауының биік нүктесі-Аканкагуа 6960

5.Ядроның радиусы -3500 км

ІV-топ 6 «В»
1.Жердің сыртқы қатты қабығы-литосфера

2.Литосфералық тақталар жылына неше см-ге ығысады- 2-5 см

3.Шөгінді тау жыныстарының түрлері-кесек,химиялық,органикалық

4.Жазықтардың абсольютті биіктігіне қарай бөлінуі-ойпат,қырат,үстірт
3-кезең. «Бұл кім? Бұл не?»
Бұл сайыста сөздер беріледі олар нені білдіретінін анықтау керек
1.Азимут

2.Тұсбағдар

3.Масштаб

4.План

5.Горизонтальдар

6.Ядро

7.Экватор

8.Сейсмограф
4-кезең.Адасқан әріптер

1. ж а з қ ы -жазық
2.а у т-тау
3. т а р к а - карта
4. и а н м е д р и - меридиан
5. м т у з и а - азимут
6. М н и я а т-мантия
7. а л л ь л е п р а - параллель
8. Е р ж - жер
5-кезең. «Сенемін немесе сенбеймін» деп аталады

1.Жер шарының 3\4 бөлігін су алып жатыр-сенемін

2.Жер бетінің шағын учаскесінің сызбасы глобус-сенбеймін

3. Жердің шар тәріздес екендігін Ф.Магеллан дәлелдеген- сенемін

4.1:20000000 ұсақ масштаб - сенбеймін

5.1 см-де- 100 км сандық масштаб -сенбеймін

6.География ғылымының 2 саласы бар- сенемін

7.Жердің су қабығы-литосфера сенбеймін

8.Жазықтардың 3 түрі бар -сенемін

Қорытынды.Марапаттау




© 2010-2022