Ашық сабақ Еуразия материгінің географиялық орны (7 класс)

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Пәні : География

Сынып: 7 «А»

Мерзімі: 12.11.15.

Уақыты:14.10.-15.00 Пән мұғалімі: Б.А. Жандильдинова

Сабақтың тақырыбы: « Еуразияның географиялық орны ».

Сабақтың мақсаты: Еуразия материгінің географиялық орны және өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру .

Сабақтың міндеттері:

  • Тақырыптық талдау жасай отырып, ойды еркін жеткізе білуге баулу;

  • Еуразия материгінің географиялық ерекшелігі туралы таным белсенділігін арыттыру;

  • Табыстылық критерилеріне қарай өзін-өзі бағалауға үйрету.

Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, диалогтық оқыту, Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету, АКТ, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Талантты және дарынды балаларды оқыту, Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, Оқудағы басқару және көшбасшылық.

Стратегиялық іс-әректтер: «Миға шабуыл», ЖИГСО, «Кувизм», «CLaster», «Жұптық әңгіме», «Венн диаграмасы».

Уақыт өлшемі

Мұғалімнің іс- әрекеті: не істеймін?

Оқушылардың іс - әрекеті

Ресурстар:осы іс-әрекеттер үшін маған қандай құралдар, кітаптар, компьютерлік жабдықтар және т.б. қажет?

1/3 минут

Ынтымақтастық атмосферасын орнату. Оқушылармен амандасып, олардың көніл-күйлерін білгеннен кейін, бар-жоғын түгендеймін

Сынып оқушыларын топқа бөлу.Әр шағын топ бірлесе отырып, топ атауын қойып, топ басшысын сайлайды. Топ ережелерін еске түсіреді.

Тұсаукесер, ватман, тұрлі-түсті қағаздар, интербелсенді тақта, үлестірмелі қағаздар.

1.Сынып оқушыларын шағын топтарға бөлемін. I топ: «Гималай» II топ: «Кавказ» III топ: «Памир» IV топ :«Тянь-Шань» Топ ұстанымын еске түсіртіп, оқушыларды жауапкершілікке шақырамын.

Топ ережесі жазылған ватман, маркерлер.

2/5 минут

Үй тапсырмасын сұрау. I. «Кубизм» әдісімен шағын топтарға сұрақтар қою. 1.Еуразия материгін зеріттеген қандай саяхатшыларды білесіндер? 2. Еуразия материгінің зеріттелуіне қандай халықтар үлес қосты? 3.Қазақтың ұлы ғұлама саяхатшысы кім? 4.Ол Орта Азияның қай өңірлерін зеріттеді?5. Еуразияға жақын жатқан материктер?

Оқушылар жұптаса, топтаса отырып интербелсенді тақтадағы сұрақтарға жауап береді.

Интербелсенді тақта

3/5 минут

Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту мақсатында . Солтүстік жарты шар материктері табиғатындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтары. «Венн диаграмасы».

Шағын топ мүшелері «Венн диаграмасын» қорғайды.

Флипчарттар, маркерлер, смайликтер.

4/3 минут

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Еуразия материгінің географиялық орны және өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру . Тәрбиелік: Еуразия материгінің географиялық ерекшелігі туралы таным белсенділігін арыттыру. Күтілетін нәтиже: Оқушылар Еуразия мат. геог-қ орны жайлы толық ақпарат алады.

Оқушылар сабақтың мақсатына өз ойларын қосады.

Оқулық, Интербелсенді тақта

5/15 минут

Жаңа сабақ.ЖИГСО әдісі бойынша Еуразия материгінің географиялық орны, материктің шеткі нүктелерін анықтап, контурға белгілейді.

Берілген төңірегінде жеке, жұппен, топпен ақылдаса отырып, өз ішінара «Төраға», «Бақылаушы», «Уақыт белгілеуші», «Хатшы», «Баяндамашы» болып сайланып, өз қызыметтерін атқарады. Шеткі нүктелерінің координатасын табады.



флипчарттар, маркерлер, Еуразияның физикалық картасы, оқулық, кескін карта.

3 минут

Сергіту сәті. «Ауа райы» мәтінін оқу

Түн болды (оқушылар партаға қисая жатады). Таң атты (қолдарын кенге жаяды). Жел түрды(уілдейді). Жаңбыр жауа бастады(партаға саусақтарын тырсылдатып, жаңбырдын жауған дыбысын шығарады). Қатты жауды(саусақ дыбысы күшейеді). Желде күшейеді (уілдейді күшейеді). Жел басылды(тынышталады). Жаңбыр да басылды ( саусақ дыбыстары бәсендейді). Айнала тып-тыныш ( Оқушылар партаға қолдарын қойып тып-тыныш отырады).

Жеңіл ырғақты әуен. Интербелсенді тақта

3 минут

Ой толғаныс. Сандар сөйлейді.

Оқушылар берілген сандарды сөйлетеді жұптаса, топтаса жауап береді.

Интербелсенді тақта

6/5 минут

Сабақты бекіту. Кластер құру.

Шағын топ өкілдері тақтаға кластер құрады.

Интербелсенді тақта

7/3 минут

Бағалау.

Сабақ барысында жиынтық бағалаумен қатар, формативті бағалау мұғалім тарапынан әрдайым көрініс тауып отырады,

Әр шағын топ сарапшылары өз топ мүшелеріне баға береді.

Бағалау парақшалары.

8/2 минут

Үйге тапсырма Еуразияның географиялық орны оқып келу. Кескін картаға Еуразияның материгінің географиялық орындарын түсіру.

3 минут

Рефлексия. Оқушыларға стикерлер таратады.

Оқушылар стикерлерге

-Бүгінгі сабақта қандай әсер алдыңыздар?

- Нені үйрендіңіздер?

Түрлі-түсті стикерлер.





Ашық сабақ Еуразия материгінің географиялық орны (7 класс)Ашық сабақ Еуразия материгінің географиялық орны (7 класс)

Рефлекция Берілген тапсырманы жеке

Ашық сабақ Еуразия материгінің географиялық орны (7 класс)Ашық сабақ Еуразия материгінің географиялық орны (7 класс)

«Венн диаграммасы »

© 2010-2022