Сарыарқа немесе Қазақтың ұсақ шоқысы 8 сынып

Раздел География
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

АСарыарқа немесе Қазақтың ұсақ шоқысы 8 сынып

лматы облысы Алакөл ауданы

«Безродных атындағы орта мектебі

мектеп жасына дейінгі шағын орталығы

бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі,

география пәні мұғалімі

Исова Зере Балғабайқызы


Сабақтың тақырыбы: Сарыарқа немесе Қазақтың ұсақ шоқысы.

Мақсаты: Сарыарқаның географиялық орнын, жер бедерін, геологиялық құрылысын,климатын, ішкі суларын, пайдалы қазбаларын оқушыларға оқытып үйрету, сонымен қатар, Сарыарқа жерінің экологиялық жағдайына түсінік беру ; табиғатты сүйе білуге, қорғай білуге тәрбиелеу.

Әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, топпен жұмыс.

Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, интербелсенді тақта.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсымасын тексеру кезеңі.

«Ой шақыру».

Қазақстанның табиғаты алуан түрлі. Сарыарқаның ұлан байтақ жерінде географиялық зоналық, жазық жерлерінде ендік, биіктік белдеулік айқын байқалады. Қазақстанды физикалық- географиялық тұрғыдан алғаш рет 1913 жылы академик Л.С.Берг аудандастырған. 1970 жылы Қазақстан аумағын Б.А.Федорович басқарған ғалымдар тобы 8 табиғи ауданға бөлген, кейіннен Жоңғар Алатауы мен Сауыр Тарбағатай екі тау жоталарын екіге бөлді. Содан бері 9 физикалық -географиялық аудандар болып қалыптасты. Олар:

  1. Шығыс Европа жазығы.

  2. Солтүстік Қазақстан жазығы немесе Батыс Сібір жазығы.

  3. Тұран ойпаты.

  4. Орал тауы.

  5. Сарыарқа немесе Қазақтың ұсақ шоқысы.

  6. Алтай- Саян.

  7. Жоңғар Алатауы.

  8. Сауыр -Тарбағатай өлкесі.

  9. Тянь- Шань таулы өлкесі.

Дәптерге жазу үшін 30 сек уақыт беріп, Сарыарқа дегенде көздерінің алдына қандай өлке елестейтінін сұрау, жазу. Қазақтың ұлы күйшісі Құрманғазының «Сарыарқа » күйін тыңдату.


Ірі кен орны Аласа таулы өлке Ерекше тас мүсіндері бар

Сарыарқа немесе Қазақтың ұсақ шоқысы 8 сыныпСарыарқа немесе Қазақтың ұсақ шоқысы 8 сыныпСарыарқа немесе Қазақтың ұсақ шоқысы 8 сынып

ЕСарыарқа немесе Қазақтың ұсақ шоқысы 8 сыныпсіл, Нұра Сарысу Ақбөкен

ӨСарыарқа немесе Қазақтың ұсақ шоқысы 8 сыныпзендері САРЫАРҚА

Сарыарқа немесе Қазақтың ұсақ шоқысы 8 сыныпСарыарқа немесе Қазақтың ұсақ шоқысы 8 сыныпСарыарқа немесе Қазақтың ұсақ шоқысы 8 сыныпОрталық Қазақстанды

алып жатыр

Қорғалжын қорығы бар

Жауын шашын мөлшері орташа

Топтық жұмыс жүргізу үшін сыныпты 4 топқа бөліп, тапсырма жазылған конверт таратылады. Әр топ өздеріне берілген тапсырманы 5 минут уақыт ішінде оқулықтан тауып , айтып беруі тиіс.

  1. топ. Пайдалы қазбалар.

  2. топ. Климаты.

  3. топ. Ішкі сулар.

  4. топ. Табиғат зоналары.

Үлестірілген конверт бойынша топтар жауап береді.

Сұрақ: Кез келген аймақ туралы түсінік алуды неден бастаймыз?

Жауап: географиялық орнынан.(географиялық орны туралы мұғалім өзі айтып береді. Сарыарқа Орталық Қазақстанның көпшілік орнын алып жатқан аласа таулы өлке. Батыста Торғай үстіртімен, шығыста Сауыр Тарбағатаймен, солтүстікте Солтүстік Қазақ жазығымен, оңтүстік батысында Тұран ойпатымен шектесіп жатыр.Батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы 1200шқ, ені шығыс бөлігінде 400 шқ, батыс бөлігінде 900шқ. шамасында.Сарыарқа негізінен мүжілген және тегістелген қыраттардан, ұсақ шоқылы аласа таулардан тұрады).

Сұрақ: Геологиялық құрлысы жайлы не білдік?

Сарыарқа өлкесі, негізінен, палезойдың магмалық және шөгінді жыныстарынан құралған аласа таулы аймақ. Жер бедерінің қалыптасуында жыныстардың жату бағыты бойынша үгілу үдерісі басты рөл атқарған, сондықтан да аласа таулар мүжілген. Сарыарқаның ең биік тауы - Қызыларай. Оның биік нүктесі Ақсораң (1565м), одан солтүстікке қарай Қарқаралы (1403м), Кент (1460м), Баянауыл (950м), шығысында Шыңғыстау (1300м) таулары бар. Бұл таулар жүйесі негізінен граниттерден тұрады. Солтүстік беткейлерінде қарағайлы орман өседі, оңтүстік беткейі жалаңаш, құзды болып келеді. Солтүстік батысында Көкшетау, оңтүстік батысында Ұлытау тау жүйелері орналасқан. Көкшетау аса биік емес таулы өлке (900м), Ұлытау (1134м) граниттен тұратын меридиан бағытындағы ірі антиклинальдың қалдығы. Сарыарқа көмірге, мыс, марганец, темір т.б. пайдалы қазбаларға бай. Пайдалы қазбаларын зерттеген қазақтың тұңғыш академигі Қ.И.Сатпаев.

Сұрақ: Сарыарқа өлкесінің климаты туралы қай топ нені меңгерді?

Климаты мұхиттан алыс жатқандықтан, құрғақ, континетті болып келеді. Қысы суық, қаңтардағы орташа температурасы -14о -18о С. Жазы құрғақ, ыстық, шілденің орташа темпеературасы +20о, +24оС, кейде +35о С-ға дейін көтеріледі. Жауын- шашын мөлшері -200-300 мм. Ұсақ шоқылы тауларда ылғал молырақ (370 мм)түседі.

Сұрақ: ішкі сулар туралы не білдік?

Ішкі суы: басты өзендері Есіл, Нұра, Сарысу, Сілеті, Шідерті, Тоқырауын және т.б. Өзендердің бәрі дерлік көктемде қар суымен қоректенеді, көктемде тасиды. Жаз айларында құрғап, үзіліп қара суға айналады.

Орталық Қазақстанды тұщы сумен қамтамасыз ету мақсатында Ертіс -Қарағанды каналы тартылды. Сарыарқада көл көп, көбінің суы ащы. Тұщы көлдер Көкшетау аймағында- Бурабай, Шортанды, Қорғалжын.

Сұрақ: табиғат зонасының ерекшеліктері туралы не білдік?

Табиғат зонасы: Сарыарқа жеріне дала, шөлейт, шөл зоналары кіреді. Шөл зонасы Ұлытаудың оңтүстігі мен Жезқазғанның маңы , солтүстік Балқаш жағалауын қамтиды. Дала зонасының топырағы- қара, өсімдіктері- қарағай, биші қайың, дәрілік өсімдіктер, арша, тал терек т.б. Шөл және шөлейт зоналарының топырағы- құм, қошқыл, сұр топырақ. Өсімдіктері- шалғын, тобылғы, қараған, боз, бетеге, жусан, ақселеу т.б. Жануарлары: бұғы. елік, ақбөкен, қасқыр, түлкі т.б. Құстары көп. Қорғалжын қорығы 1968 жылы құрылды.

Сарыарқа мыңдаған жылдар бойы жел, су әрекетімен, т.б. әсерлерден пайда болған тас табиғи мүсіндерімен ерекшелінеді: Шөккен бура, Жеке батыр, Жұмбақ тас, Оқжетпес, Тас құрбақа, Мыстан кемпір т.б.

Бекіту. І.«Сен маған- мен саған» ойыны. Топтар бір- біріне екі- екіден сұрақтар қояды.

1. Сарыарқаның ірі өзендерін ата.

2. Сарыарқа батыстан шығысқа қарай қанша шақырымға созылып жатыр.

3. Сарыарқа өлкесінің жер бедері қандай?

4. Сарыарқаның табиғи тас мүсінді пішіндерін ата.

5. Сарыарқаның ең биік жері.

6. Граниттен тұратын меридиан бағытындағы ірі антиклинальдың қалдық тауды атаңыз.

7.Сарыарқада құрылған қорық қай қорық?

8. Сарыарқаның өзендері көбнесе қандай сумен қоректенеді?

ІІ. Кескін картамен жұмыс: Сарыарқаның басты өзендерін кескін картаға түсіру.

Сабақты қорытындылау. Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін білу үшін кесте толтырады.

Не білемін?

Не білгім келеді?

Нені білдім?


Бағалау: оқушыларды бағалау.

Рефлекция.

Үйге тапсырма:

1. Тақырыпты оқу.

2. Реферат жазу («Көкшенің кереметі»).

© 2010-2022