Сабақ жоспарының тақырыбы: Өзендер

Раздел География
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Қазақстан өзендері

Мақсаты: Білімділік: Қазақстанның өзендері мен алаптары, өзен жүйелерінің ерекшелігі туралы білім беру;

Дамытушылық: Тақырыптан нақты мәлімет жинақтау, әр түрлі режимді өзендерді салыстыру, су деңгейінің диаграммасын құрастыруға дағдыландыру;

Тәрбиелік: экологиялық білім бере отырып, жас ұрпақты туған жеріміздің су ресурстарын ұқыпты пайдалануға, қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгеру

Пәнаралық байланыс: экология, математика, география

Сабақтың әдісі: «Ой қозғау» стратегиясы, «Ең,ең…» , «Мәселені коллобаративті шешу», «Венн диаграммасы»

Сабақ көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, презентация, атлас.

Сабақтың жоспары:

I .Ұйымдастыру кезеңі

II.Мотивациялық кезең

ІІІ. Мағынаны ажырату

IV. Бекіту кезеңі

V. Бағалау

VІ.Үйге тапсырма беру

Сабақтың барысы:

I .Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, түгендейді. Оқушылардың назарын сабаққа аударады.

ІІ. Мотивациялық кезең: «Гидросфера» Ой қозғау стратегиясы.

1. Гидросфера дегеніміз не?

2.Ішкі сулар туралы не білеміз? Олардың түрлерін атаңыз.

3.Өзен дегеніміз не? Құрлысын атаңыз.

ІІІ. Мағынаны ажырату: «Ең,ең…» стратегиясы сұрақ жауап

  1. Ең суы мол өзен…

  2. Ең ұзын өзен…

  3. Ең суы лай өзен…

  4. Экваторды екі рет кесіп өтетін өзен…

  5. Ең саласы көп өзен..

  6. Ең ірі бөген…

2. Топпен жұмыс: «Мәселені коллобаративті шешу»

1 топ: Адамның су ресурстарына жағымсыз әсер еткен мысалдарын келтіріңдер

2 топ: Өзен суын тиімді пайдалану жолдарын айтыңыз

3 топ: Ертіс өзенінің экологиялық жағдайына тоқтал

Әр топ өз тапсырмаларын постерлерге жазып, ортаға қорғауға шығады.

3. Топпен жұмыс: «Венн диаграммасы» Ертіс және Сырдария өзендерінің жылдық су шығынын есепте, қайсысы энергетикалық шаруашылықта тиімді? Әр топтан бір оқушы интерактивті тақтаға диаграмманы салып көрсетеді.

IV. Бекіту кезеңі: PISA тест тапсырмалары бойынша:

1. Жауап таңда (иә/жоқ)

Өзен жүйелері және алаптары

Иә немесе жоқ

Қазақстан аумағында ірілі - ұсақты 85 мың өзен бар

иә/жоқ

Қазақстан өзендерінің бірінші ерекшелігі - жасы біркелкі

иә/жоқ

Ертіс, Жайық, Сағыз өзендері Арал теңізінің алабына кіреді

иә/жоқ

2. Қазақстанның ірі өзендерін кескін картаға түсір.

V. Бағалау парағын талдап, оқушыларды мадақтайды

Бағалау парағын толтырады

«Ой қозғау»

«Ең,ең…»

«Мәселені коллобаративті шешу»

«Венн диаграммасы»

Оқушының аты-жөні


Оқушының аты-жөні


Оқушының аты-жөні


VІ.Үйге тапсырма беру: «Еліміздегі су проблемалары» эссе жазу.

© 2010-2022