Жаратылыстану пәнінен сабақ жоспары

Раздел География
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пәні: Жаратылыстану Мұғалім: Тугайбаева Айнурым Талгатовна

Сынып: _________ Күні:

Тақырыбы: Физикалық денелер және өлшемдер.

Білімділік мақсаты: Оқушыларды «зат», «физикалық дене», «өлшем бірлігі», «диффузия» деген ұғымдарымен таныстыру. Осы ұғымдардың адам өміріндегі күнделікті тіршілікте маңызы, қолданысы мен қажеттілігі туралы білімдерін арттыру.

Дамытушылық мақсаты: Заттар мен физикалық денелердің ерекшеліктерін білу. Осы ұғымдарды ажырата білуі.

Тәрбиелік мақсаты: Жан - жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақ түрі: Жаңа тақырып

Оқыту әдістері: Жартылай-ізденістік әдіс, репродуктивті әдіс.

Оқу құралдары: Оқулық, тәжірибе жасау үшін құралдар.

Сабақ барысы:

Кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

  1. Мұғалім оқушыларман амандасып, оқушыларды түгендейді, психологиялық жағымды ахуалды ұйымдастырады.

  2. Мұғалім түрлі суреттері бар парақшаларды таратады, әрбір сурет оқушының тәжірибе барысының айқындайды.

  1. Оқушылар мұғаліммен амандасып, сабаққа дайындалады.

  2. Оқушылар түрлі суреттерді таңдау арқылы сабақ барысында орындау керек тәжірибе түрімен таныс болады.

Үй жұмысын тексеру (6 мин)

  1. Мұғалім өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білімін тексеру үшін қайталау «сөйлемді аяқтау» парақшасын таратады.

  2. Парақшаны толтыру ұзақтығы - 6 мин, 18 сөйлем (дұрыс жауап - 1 ұпайға тең).

  3. Аяқтаған соң оқушы парақшаны жаныңда отырған көрші сыныптасымен алмастырады, бір - бірін тексереді.

  4. Мұғалім оқушыларды бағалау критерийлерін айтады, тақтаға шығарады:

«5» бағасы - 14 - 18 ұпай,

«4» бағасы - 9 - 13 ұпай,

«3» бағасы - 4 - 8 ұпай, «2» бағасы - 0 - 3 ұпай.

  1. Мұғалім берілген тесттің жауабын айтады. Оқушылар бір - біріне баға қояды.

Тапсырма:

Күн жүйесіндегі Күннен кейінгі үшінші ғаламшар - Жер. Жер шарының кішірейтілген моделі - Глобус. Жеке жұлдыздар тобы - Галактика деп аталады. Жер бетінің жалпы ауданы - 510,2 млн км2. Күнді айнала қозғалатын ғалашарлардың жолы - Орибита. Ғарышты зерттеудегі ең үлкен қадам 1961 жылы 12 сәуірде бірінші ғарышкер Юрий Гагарин «Восток» атты ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты. Күн мен түннің теңелу нүктесі орналасқан сызық - экватор. Жердің өз осінен айналып шығу уақыты - 24 сағат немесе 1 тәулік. Масштабтың түрлері: сандық, атаулық, сызықтық масштаб. Жер қыртысы: жер қыртысы, мантия және ядро деген қабықтардан тұрады. Жер қыртысын қалыптастырушы тығыз және борпылдақ массалар жиынтығы - тау жыныстары дейміз. Дүние жүзіндегі ең ірі арал - Гренландия. Дүние жүзінде 6 материк пен 4 мұхит бар. Жердің су қабығы - Гидросфера. 1 литр теңіз суының құрамында 35 грамм тұз бар. Дүние жүзіндегі ең ең үлкен мұхит - Тынық мұхиты. Дүние жүзіндегі ең терең шұңғыма - Мариан шұңғымасы, тереңдігі 11022 метр. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен - Ніл. Жердің ауа қабығы - Атмосфера.


  1. Оқушылар 6 минуттық үй жұмысын қайталау сұрақтарына жауап береді, орындайды.

  2. Тапсырманы аяқтап, жауап парақшасын бір-бірімен алмастырады, тексереді.

  3. Алған ұпай саның өзіне жазып алады.

  4. Ұпай саны бойынша үй жұмысынан алған бағасын біледі.

Жаңа тақырыпты Меңгеру кезеңі (10 мин)

Мұғалім сөзжұмбақ арқылы оқушыларды жаңа тақырыппен таныстырады. Интербелсенді тақтаның көмегімен тақырыпты ашады, талқылайды, түсіндіреді.

Оқушылар сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа тақырыптың атауын біледі. Мұғалімді тыңдап, маңызды жерлерін дәптерлеріне жазып алады.

Сергіту сәті

(3 мин)

Мұғалім оқушыларға дене жаттығуларды орындатады.

Оқушылар дене жаттықтыру жаттығуларын мұғаліммен бірге орындайды.

Білім мен икемділіктерін бекіту

(5+2+4 мин)


  1. Мұғалім оқушыларды сабақ алдында таратқан түрлі суреті бар парақша арқылы жұптық жұмысты орындауға дайындайды.

  2. Мұғалім жұмыс жасау жоспары бар парақшаны таратады.

  3. Тәжірибе парақшасының нәтижесімен барлық оқушылармен бөліседі.

  4. Қорытынды жасайды.

  1. Таңдаған түрлі суреті бар парақша арқылы оқушылар өз жұбын тауып алады.

  2. Жұмыс жасау парақшасы арқылы тәжірибе парақшасын орындайды.

  3. Өз бақылауларын парақшаға жазып алады.

  4. Өз ойларымен бөліседі, қорытынды жасайды.

Рефлексия

(3 мин)


  1. Оқушыларға сабақта не білгенін? Нені үйренгенін? Нені білгісі келетінін? Жазып береді. Тақтаға іледі.

Сабақта не білгенің, не үйренгенің, нені білгі келетінің жазып келеді.

Қорытындылау кезеңі (4 мин)

  1. Тақтада ілініп тұрған ұяшықтарды таңдау арқылы «Кері байланыс» әдісін қолданады (сұрақ - жауап).

1. Оқушылар таңдаған ұяшықтың сұрағына жауап береді.

Бағалау кезеңі (4 мин)

  1. Мұғалім оқушыларға өзін-өзі бағалау парағын таратады

  2. Мұғалім белсенділік танытқан, сұрақтарға жауап берген оқушыларды бағалайды.

1. Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын алып, тапсырмаларды орындайды.

Үй тапсырмасын беру кезеңі

(2 мин)

  1. 78 беттегі сұрақтарды дәптерге жазбаша орындау. Өткен тақырыпты оқу және мазмұндау.

  2. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.

  1. Үй жұмысын жазып алады.



© 2010-2022