География пәнінен тесттік тапсырма (5 каласс)

Раздел География
Класс 5 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ШҚҚ облысы, Үржар ауданы ауданы,

Жүзағаш орта мектеп-бақша

география пәні мұғалімі

Оспанов Еркін Амангазинович

1 - нұсқа

1. Темірқазық жұлдызы қай тұсты көрсетеді?

А) оңтүстік В) солтүстік С) шығыс Д) батыс

2. Алғашқы адамдар жануарлардан несімен ерекшеленеді?

А) қимыл - қозғалысымен В) сөйлеу тәсілімен С) айла - тәсілімен Д) өсіп - өнуімен

3. Алғашқы адамның ақыл - ойын, қиялын жетелеуші не болды?

А) Аспан В) Жұлдыз С) Таулар Д) Табиғат

4. Табиғатты зерттеудегі ертеден келе жатқан әдістің түрі?

А) тәжірибе В) бақылау С) зерттеу Д) жоспарлау

5. Берік әрі қатты тот баспайтын түсті металл?

А) Мыс В) Қола С) жез Д) алюминий

6. Абайдың ескерткіші қандай тұғырға орнатылған?

A) Ұлутас В) гранит С) мәрмәр Д) Асбест

7. Алуан түрлі ғимараттар салуды неге қарап зерделеді?

A) құстың ұшуына В) табиғат құбылысына С) бал арасының ұясына Д) балықтың жүзуіне

8. Мысыр ( Египет) еліндегі алып кереметтің бірі?

A) Хеопс пирамидасы В) Зевс мүсіні С) Александрия манары Д) Родос алабы

9. ЮНЕСКО - ның есебіне алынған тарихи өнеріміздің озық үлгісі?

A) Айша бибі кесенесі В) « Медеу» мұз айдыны С) « Алтын адам» Д) Республика сарайы

10. Жыра неден пайда болды?

А) Тастардан В) Судан С) Желден Д) Өсімдіктерден

11. Үгілу деп нені айтамыз?

А) Дауылдың соғуы В) Найзағайдың ойнауы С) Судың тасуы Д) Тау жыныстарының бөлшектенуі

12. Қайсысы ең биік тауға жатады?

А) Алтай В) Тянь-Шань С) Сарыарқа Д) Алатау

13. Еліміздегі ең ірі темір кен орны:

А) Кентау В) Газ, жез С) Соколов - Сарыбай Д) Мұнай, тас көмір

14. Отқа жанбайтын қасиеті бар қазба?

А) Фосфорит В) Әктас С) Асбест Д) ұлутас

15. Мұнайды арнаулы пеште қыздыру нәтижесінде не алынады?

А) Фосфорит, мәрмәр В) Бензин, газ, жермай С) Полиметалл, мыс Д) жанғыш газ, әктас

16. Су қабаты жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр?

А) үштен бірін (1/3) С) екіден бірін (1/2)

В) үштен екісін (2/3) Д) төрттен бірін (1/4)

17. Судың тірі ағзалар үшін басты қасиетін көрсет

А) Еріткіш В) түссіз, дәмсіз С) Аққыш Д) исі бар

18. Газ бен тұз ерітіндісі бар сулар қалай аталады?

А) Тұщы В) Қышқыл С) Минералды Д) Салқын

19. Еліміздегі ең терең көлді білесің бе?

А) Алакөл В) Балқаш С) Байкал Д) Зайсан

20. Арал теңізіндегі тұз тозаңының көбеюі ненің әсерінен?

А) Теңіздің тасуынан С) Судың көп булануынан

В) дауылдың соғуынан Д) жиі жауған жаңбырдан

21. Ауаның түсі қандай?

А) Бұлыңғыр, көкшіл В) Түссіз, мөлдір С) Ақшыл, бу Д) Жылтыр, газ

22. Жер бетінде ауаның ауысуынан не пайда болады?

А) Тұман В) Кемпірқосақ С) Нөсер Д) Жел

23. Біздің жерімізге суық ауа райы қай жақтан келеді?

А) Таудан В) Солтүстіктен С) Бұлттан Д) Оңтүстіктен

24. Ауаны тазартудың ең нәтижелі жолы?

А) Газдандыру С) Сүзгіштер қою

В) Көгалдандыру Д) Желдеткіш орнату

25. Шалғын өсімдіктері:

А) Ботагөз, қазжуа С) Жүзім, өрік

В) Күреңот, жұпаргүл Д) Айдаршөп, қайы

2 - нұсқа

1 Шалғынды қорғай үшін қандай өсімдіктердің тұқымын себеді?

А) Атқонақ В) Жоңышқа С) Бүлдірген Д) Жусан

2 Шалғындағы ірі жыртқыш?

А) Сұңқар В) Қарға С) Бүркіт Д) Жапалақ

3. Дала деген не?

А) Шалғын, егістік В) Таулы, сулы жер С) Жазық, алқап Д) Өсімдіктері биік, тоғай

4. Даланың көркі?

А) Бетеге, жусан В) Жүзгін, ақселеу С) Жауқазын, қазжуалар Д) уқорғасын, күреңот

5. Шөлді аймақ?

А) Таулы - сулы жер С) Ауасы ылғалды, шалғынды

В) Ормансыз жазық Д) Топырағы құрғақ, өсімдіктері сирек

6. « Жер бетінің өкпесі» деп нені айтады?

А) Тауды В) Шалғынды С) Орманды Д) Жазықты

7. Орман не береді?

А) Ағаш, әйнек В) Қағаз, ( жапырақ) астық С) жеміс - жидек, цемент

Д) Дәрі - дәрмек, жиһаз

8. Еліміздегі әйгілі қарағайлы орман курорты қайда орналасқан?

А) Қостанайда В) Алматыда С) Көкшетауда Д) Ақтөбеде

9. Су бетінде сырғанап жүретін қай жәндік?

А) Қоңыз В) Суаршын С) Инелік Д) Ұлу

10. Биік тауды мекендейтін ерекше сымбатты, епті, батыл аң?

А) Аю В) Арыстан С) Қасқыр Д) Барыс

11. Ауа райын зерттейтін ғылым

А) метеорология В) биология С) астрономия Д) климатология

12. Биік құзды мекендейтін қай құс?

А) Жапалақ В) Қырғауыл С) Құр Д) Ұлар

13. Таулы жер қорығы қайсы?

А) Барсакелмес В) Наурызым С) Қатонқарағай Д) Қорғалжын

14. Отбасы негізі неде?

А) Достықта, тойға баруда С) Қонақжайлылықта, сыйлық әкелуде

В) Қаражаттың мол болуында, шет елге баруда Д) Махаббат пен түсінушілікте

15. Қазақ халқына тән ата салт:

А) Қонақ шақыру, той жасау С) Үй салу, ағаш отырғызу

В) Мешітке бару, жаратушыға сыйыну Д) Үлкенді сыйлау, бата алу

16. Ауыл шаруашылығын жандандыру жолдары:

А) Түрлі фирмалар салу В) Зауыт салу С) Түрлі фермалар салу Д) Құрылысты салу

17. Қазақстан Республикасының негізгі заңы қашан қабылданды?

А) 1991 ж В) 1993 ж С) 1992 ж Д) 1995 ж

18. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров қай жылы ғарышқа ұшты?

А) 1994 ж В) 1992 ж С) 1993ж Д) 1991 ж

19. Ең алғашқы адамдарда қандай қасиеттер пайда болған?

А. Үй салу В) Сөйлесу С. Егін егу Д. Топпен еңбек ету.

20 Адамды адам еткен -

А. Адам В. Табиғат С. Еңбек Д. Қоғам

21 Тау жыныстарының бұзылуына әсер ететін өсімдіктің түрі -

А. Жусан В. Қына С. Бәйшешек Д. Селеу

22. Адам ағзасына пайдалы су:

А. Минералды В. Кермек С. Шипалы Д. Тұщы

23. Магнит тілінің қызыл ұшы қай тұсты көрсетеді?

А. Батысты В. Шығысты С. Солтүстікті Д. Оңтүстікті

24. Табиғатты зерттеудің негізгі әдісі -

А. Тәжірибе В. Сынау С. Бақылау Д. Зерттеу

25. Жартысы ащы, жартысы тұщы көл қалай аталады?

А. Зайсан В. Марқакөл С. Балқаш Д. Каспий


© 2010-2022