План урока по географии

Раздел География
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: география

Сыныбы :11

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы : Латын Америкасындағы дамушы елдердің саяси картасының қалыптасуы.

Сабақтың мақсаты : Латын Америкасындағы дамушы елдер туралы білім беру, ел құрамы, саяси картасының қалыптасу кезеңдері, геосаяси жағдайымен танысу, елдердің мемлекеттік құрылымы, топтары туралы оқып-үйрену,оқушыларлың өз бетімен жұмыс істеу қабілетін, логикалық ой-өрісін дамыту,өздігінен іздене білуге тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдер : өздік жұмыс ,топтық жұмыс,оқулықпен,картамен жұмыс, талдау, сипаттау.

Көрнекіліктер: оқулық ,суреттер, интерактивті тақта, сызбалар,

компьютер,дүниежүзінің экономикалық

картасы картасы, бейнематериал.

Сабақтың түрі: жаңа материалды игерту.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен сәлемдесу

2 . Ай- күнді, тақырыпты журналға жазу.

.3 Оқушыларды тізімдеу.

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты өзектеу:жаңа материалды қабылдауға оқушыларды даярлау,мақсат қою, білімді игерту.1. Оқушылар оқулық мәтінін оқып, «Латын Америкасы елдерінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері» тақырыбына кесте толтырады:

Саяси картаның қалыптасу кезеңдері

Оқиғалары

Отарлауға дейінгі кезең

Отарлау кезеңі

2.Латын Америкасының саяси картасындағы өзгерістерді дәптерге тірексызба түрінде сызу.

3. «Латын Америкасы елдерінің геосаяси жағдайының басты факторлары» деген сызбанұсқа құрастыру.

4 «.Латын Америкасы елдерінің топтары, мемлекеттік құрылымы» тақырыбына кесте толтыру:

Тарихи-географиялық аймақтары

Мемлекеттік құрылысы

Астанасы

Орта Америка немесе Мезоамерика елдері:

Анд елдері :

Ла-Плата елдері:

Жетекші елдер :


ІV.Бекіту:1.Дүниежүзінің саяси картсынан Латын Америкасы елдерін астанасымен көрсету,сұрақтарға жауап беру: 1.Қай кезеңде Латын Америкасы елдері тәуелсіздік алды? 2. Латын Америкасы қай елдердің отары болды және оларға қандай елдер жатады?Латын Америкасы елдерінің геосаяси жағдайының басты ерекшеліктерін ата.

V.Сабақты қорытындылау.

VІ. Оқушылардың білімін бағалау.

VІ. Үйге тапсырма : оқулық мәтінін оқу ,параграф соңындағы сұрақтарға жауап беру, дидактикалық материалдардағы тапсырмаларды орындау,кескін картаға Латын Америкасындағы елдерді астаналарымен белгілеу.



© 2010-2022