Урок по географии на тему Ай-Жердің серігі. (5-класс)

Раздел География
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып - 5

Тақырыбы: Ай - Жердің серігі

Мақсаты: Ай - Жердің серігі, оның аспан денелері арасындағы жерге ең жақын ғаламшар екенін үйрету.

Білімділік: Ғарышты зерттеушілерді ай жерді айналған уақытын байқалатынын түсіндіру.

Дамытушылық: Ай жердің серігі екенін, оның күнге қарағанда зиянды күлгін сәулелері болмайтынын үйрету.

Тәрбиелілік: Еліміздегі алғашқы ғарышкерлер туралы баяндап, оларды дәріптеу.

Сабақтың барысы:

І - кезең: Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ - кезең: Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ - кезең: Жаңа тақырыпты түсіндіру.

ІV - кезең: Бекіту.

V - кезең: Қорытынды.

VІ - кезең: Үй тапсырмасын беру.

І - кезең. Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ - кезең. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Жер өз өсінен айналғанда қандай құбылыстар байқалады?

  2. Глобус пішіні қандай?

  3. Жердегі жылу мен жарықтың болу себебі неге байланысты?

  4. Не себепті жер бетінде жыл мезгілдері ауысып келіп отырады?

ІІІ - кезең. Күн жүйесіндегі шолпан мен меркурийден басқа ғаламшарлардың барлығының серіктері бар. Олардың жалпы саны алпысқа жетеді. Аспан денелері арасындағы жерге ең жақыны ай. Жер мен айдың арақашықтығы шамамен 384 000 шақырым (км). Айдың диаметрі жерден төрт еседей аз. Жерді 28 тәулікте айналып өтеді. Ай жерді айнала қозғалып жүргенде жер мен күннің ортасында болып күнді көлегейлесе, жерге айдың көлеңкесі түседі. Бұл процессті күннің тұтылуы дейді. Ай толысқан кезде жердің көлеңке жағына өткен уақытта айға көлеңке түсіп, тіптен оның көрінбей қалатын уақыты да болады. Бұл процессті - айдың тұтылуы дейді. Оның ұзақтығы екі сағатқа созылады.

Урок по географии на тему Ай- Жердің серігі.(5-класс)

ІV - кезең. Бекіту.

Оқушылар алдымен тақырыпты оқып шығады. Сосын оларға деңгейлік тапсырмалар қоямыз.

1-деңгей:

Адамдардың ғарышқа деген ондағы жер серігіне деген көзқарасын тыңдау.

2-деңгей:

Қазақстандағы ғарышкерлер туралы әңгімелеу.

3-деңгей:

Айдың тұтылу процесін қалай бақылау керек екенін сұрау.

V - кезең. Қорытынды.

Тест тапсырмасын орындату.

  1. Жерге ең жақын орналасқан ғаламшар.

А) шолпан Ә) күн Б) ай

  1. Айдың диаметрі жерден қанша есе аз?

А) 8 Ә) 4 Б) 5

  1. Күннің тұтылу процесі қанша уақытқа созылады?

А) 2 сағат Ә) 4 сағат Б) 1сағат

  1. Ай жерді неше тәулікте айналып өтеді?

А) 15 тәулік Ә) 28 тәулік Б) 20 тәулік

VІ - кезең. Үй тапсырмасын беру. 8 оқу. 1-2 сұрақтарға жауап беру.

© 2010-2022